Воскресенье, 19.05.2024, 08:48
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » География, Экономикалық география, Геология, Геодезия

    Андорра, Андорра княздігі — Еуропадағы шағын мемлекет. Франция мен Испания аралығында, Шығыс Пиреней аумағында орналасқан. Жер көлемі 465 км2, халқы — 65 мыңнан астам (1993), олардың ішінде байырғы халқының (андорралықтар) саны — 19 мың шамасында, қалғандары — португалдықтар, испандықтар, француздар. Ұлттық мейрамы — 8 қыркүйек, Богородица Меритксельская күні (Андорраның желеп-жебеушісі). 1993 ж. 14 наурызда өткен референдумда мақұлданған елдің жаңа Конституциясы бойынша Андорра парламентт ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 670 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    АНГОЛА, Ангола Республикасы — Африканың оңтүстік-батысындағы мемлекет, президенттік республика. Заң қабылдаушы органы — Ұлттық Ассамблея. Атқарушы билік үкімет қолында. Жер көлемі 1246,7 мың км2. Астанасы — Луанда (1,5 млн., 1990 ж). Ірі қ-лары: Бенгела, Уамбо, Лубанго, Маланже, Кабинда. Әкімшілік жағынан 18 провинцияға бөлінеді. Халқы — 10,9 млн. (1993 ж). Олар батуконго және батыс банту этник. топтарына бөлінеді. Мемлекеттік тілі — португал тілі. Халықтың 80 -тен астамы христиан дініне сиынады.

    ... Читать дальше »
    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 1049 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Австралия, ресми атауы — Австралия Одағы (ағылшынша ‘Commonwealth of Australia’ — латын тіліндегі australis — оңтүстік деген сөзінен шыққан) — Австралия материгі мен Тасмания аралында және көптеген кішігірім аралдарында орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 7 686 850 км², осы көрсеткіш бойынша дүниежүзінде алтыншы орынға ие. Австралия Одағы Шығыс Тимор, Индонезия Республикасы, Папуа Жаңа Гвинея, Вануату, Жаңа Каледония, Соломон Аралдары, және Жаңа Зеландия елдерімен теңіз арқылы шектеседі. Авс ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 1158 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    АвстрияАвстрия Республикасы (нем. Österreich) — Eуропада oрналысқан ел. Солтүстігінде Чехия және Германиямен, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында Словения, Венгрия және Италиямен, батысында Швейцариямен шектеседі.

    Австрияда Моцарт, Бетховен, Шуберт, Штраус сынды атақты композиторлар тұрып, еңбек еткен. Австриялақтардың ұлттық әуендері – Вена вал ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 1582 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Әзірбайжан Республикасы  (әз. Azərbaycan Respublikası) — Азия мен Еуропа аралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстікте Ресеймен Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстікте Иранмен, Батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахичевань Автономиялық Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі.

    ... Читать дальше »
    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 720 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Ел солтүстігі мен батысында Грузиямен, шығысында және оңтүстік-шығысында Әзірбайжанмен, ал батысы мен оңтүстігінде Түркиямен шектеседі. Армения теңізге тікелей шыға алмайды, ал көрші мемлекеттермен шекаралары Кіші Кавказдың асу бермес қиын тау жоталары арқылы өтеді. Ел шебінің басым бөлігін Түркиямен және Әзірбайжанмен шекаралары құрайды, сол себепті тарихи кезеңдерде бұл елдермен шекара жанжалы жиі туындаған болатын. Осының бәрі Арменияның географиялық және геосаяси жағдайына өзіндік ықпал етеді.

    ... Читать дальше »
    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 627 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    АрхентинаАргентинаАргентина Республикасы — Оңтүстік Американы орналасқан мемлекет.

    ... Читать дальше »
    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 711 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Бангладеш – «бенгальдықтар елі» деп аталады. Бангладеш 1971 ж. құрылған мемлекет. Балнгладеш, Бангладеш Халық Республикасы – Азияның оңтүстігіндегі мемлекет. Батысында, солтүстігінде, шығысында Үндістанмен, оңтүстік-шығысында Мьянма Одағымен шектеседі. Жері 147 мың км2. Халқы 149 млн. адам (2007). Астанасы – Дакка қаласы (3,3 млн.). Мемлекеттік тілі – бенгал тілі, ресми діні – ислам (85%). Бангладеш дүние жүзіндегі халқы өте тығыз орналасқан аймақтардың бірі. Халқының басым көпшілігі – бенгалдар (барлық халықтың 95%-ы). Қалған 5%-ға жуығы чакма, могх, гаро, целу, санталдар, т.б. үлесіне тиеді. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы бір палаталы Ұлттық жиналыс. Бангладеш Ганг, Брахмапутра ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 698 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Беларусь Республикасы (белор. Рэспубліка Беларусь, орыс. Республика Беларусь) — Шығыс Еуропадағы мемлекет. Жері — 207,6 мың км2. Халқы — 10 млн. 203 мың адам (1997). Негізгі халқы — белорустар (80%), бұған қоса орыстар (13,6%), поляктар (4,1%) тұрады. Астанасы — Минск (1,6 млн.). Ірі қалалары Брест, Витебск, Гомель. Әкімшілік-аумағы жағынан 6 облысқа бөлінеді. Мемлекеттік тілі — белар ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 870 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Белгия Корольдігі — Батыс Еуропада орналасқан елі. Оңтүстігінде Франциямен, шығыста Алмания және Лүксембормен, солтүстігінде Недерландмен және бастыста Солтүстік Теңізімен шектеседі. Белгия – НАТО, ЕО мүшесі. Недерланд және Люксембургмен ол Бенелюкс экономиялық одағына кіреді.

    Белгияны екі ұлт – валлондар мен фламандар мекендейді. Белгияға тұнғыш келген адам мекемелердің маңдайшаларындағы тақтайлар, көрсеткіш атаулының бәрі екі тілде: французша (валлондардаң тілі) және фламанша жазылғанына назар аударады.< ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 750 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Боли́вия (ис. Bolivia, Үлгі:Lang-qu, Үлгі:Lang-ay, Үлгі:Lang-gn), ресми атауы — Көпұлтты Боли́вия мемлекеті (ис. Estado Plurinacional de Bolivia [esˈtaðo pluɾinasjoˈnal de βoˈliβja]) — Оңтүстік Американыңорталығындағы мемлекет.

    ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 1000 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Босния және Герцеговина — (түр. Bosna-Hersek (Босна-Херсек)), боснаша, сырыбша және хыруатша атауы — Bosna i Hercegovina (Босна и Херцеговина) — Еуропадағы Балқан түбегінде орналасқан ел.
    Босния мен Герцеговина -— Балкан түбегінің орталығында, негізінен, Динар таулы қыратын алып жатқан мемлекет. Жерінің аум. 51 мың км2. Халқы 4,4 млн. Халқының 31,4%-і — сырыбтар, 17,3%-і — хорваттар, қалғандары албан, түрік және т.б. ұлттар өкілдері. Астанасы — Сараево қаласы. Ресми тілдері: босния, сырыб, хорват тілдері. Тұрғындарының көпшілігі мұсылмандар, бұған ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 667 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Ботсвана (Botswana), Ботсвана Республикасы — Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Жері — 600,4 мың км2. Халқы — 1,6 млн. (1997). Астанасы — Габороне (139 мың). Ресми тілдері — ағылшын, сетсвана тілдері. Тұрғындары христиан және жергілікті діни нанымдарын ұстанады. Байырғы халқы: тсвана, бушмен, бегуан, хереро, т.б. тайпалар. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы Ұлттық жиналыс. Кеңесші орган ретінде көсемдер палатасы жұмыс істейді. Ботсвана жер ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 546 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    БразилияБразилия Федеративтік Республикасы – Оңтүстік Америка құрлығының шығыс және орталық бөліктерін алып жатқан мемлекет. Жері – 8,5 млн. км2. Халқы 189 млн. адам (2007). Халқының этникалық құрамы: ақ нәсілдер – 54,7%, зәңгілер – 5,89%, мулаттар – 38,45%. Бұған қоса 3 млн-нан астам иммигранттар (жапон, италиялық, неміс, араб, француз, т.б.) тұрады. Астанасы – Бразилиа. Мемлекеттік тілі – португал тілі. Халқының көпшілігі христиан дінін ұстанады. Ұлттық мейрамы – жетінші қыркүйектегі Тәуелсіздік күні. Бразилия – президенттік федеративті республика. Елдің басшысы, Қарулы Күштердің бас қолбасшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – Ұлтық Конгресс ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 680 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Оңтүстік-Шығыс Азиядағы Калимантан аралында орналасқан және Малайзия территориясының 30 шақырымдық телімімен бөлінген екі дара аймақтан тұрады. Құрғақ жерде тек қана Малайзиямен ал суда Оңтүстік-Қытай теңізімен шектеседі. Батыс Бруней — қырлы жазықтармен, ал Шығыс Бруней Букит Пагонауданында 1841 метрге биіктенетін жағалық тегістікпен сипатталады.

    ... Читать дальше »
    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 759 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Буркина-Фасо (1984 жылға дейін Жоғарғы Вольта республикасы) — Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Жері 274,4 мың км2. Халқы 10,4 млн. адам. 100-ден астам этн. тайпалардан тұрады. Ірілері моси (50%-тен астам), фульбе, лоби, бобо, т.б. Астанасы — Уагадугу (50 мың). Халқының 40%-і мұсылмандар, 10%-і христиандар, қалғандары жергілікті діни нанымды ұстанады. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — Халық өкілдері ассамблеясы.

    Табиғаты

    ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 560 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Бұлғарстан, Бұлғарстан Республикасы – Балқан түбегінің шығыс бөлігіндегі мемлекет. Жері 110 мың км2. Халқы 7,7 млн. адам (2007). Негізгі халқы бұлғарлар(85%), бұған қоса түрік, сыған, әрмен, грек, т.б. ұлттар өкілдері тұрады. Астанасы – София қаласы (1,5 млн.). Мемлекеттік тілі – болгар тілі. Халқының көпшілігі православие дінін ұстанады, 13%-ы мұсылмандар. Бұлғарстан – парламенттік республика. Мемлекет басшысы – президент. Жоғарғы заң шығару органы – бір палаталы Халық жиналысы. Атқарушы билікті Министрлер Кеңесінің төрағасы жүргізеді. Жерінің солтүстігін Дун ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 650 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Бутан корольдігі — Азияның оңтүстігінде, Шығыс Гималайда орналасқан мемлекет. Друкюл немесе “айдар елі” деп те аталынады. Жер аум. 47 мың км2. Астанасы — Тхимпху (50 мың). Халқы — 1,8 млн. (1998). Тибеттен шыққан моңғол расасына жатады. Мемл. тілі — дзонг-кэ (бхотия) тілі. Халқының көпшілігі будда дініндегі ламашылдық сенімді ұстанады. Заң қабылдаушы органы — Ұлттық Ассамблея (Цонгду). Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Бутан — Шығ. Гималайдың биік тау аңға ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 676 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Біріккен Араб Әмірліктері — солтүстік-шығыстағы Арабыстан түбегінде Таяу шығыста орналасқан мемлекет. Қатармен, Сауди Арабыстанмен, Оман Сұлтанатымен шектеседі. Солтүстіктегі БАӘ Парсы шығанағының суларымен, ал шығысында Оман бұғазының суларымен жағаласады.

    ... Читать дальше »
    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 752 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Венесуэла — Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Венесуэла, Венесуэла Республикасы – Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Жер аумағы – 912,0 мың км2. Халқы – 28 миллион адам (2007). Астанасы – Каракас. Халқының ұлттық құрамы: 69%-ы метистер, 20%-ы ақ нәсілділер, 9%-ы зәңгілер, 2%-ы үндістер. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі – католиктер. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы – екі палатадан (сенат және депутаттар жиыны) тұратын Ұлттық конгресс. Венесуэла Кариб теңізі жағалауында орналасқан. Елдің орта бөлігінен Ориноко өзені ағады. Оңтүстік-шығысында Гвиана таулы үстірті бар. Климаты субэкваторлық, ыстық. Орташа температура қысы-жазы 25 – 29ӘС. Жауын-шашын мөлшері солтүстік ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 851 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Вьетнам, Вьетнам Социалистік Республикасы(виет.: Cộng Hòa Xã Hội Chủ Nghĩa Việt Nam) – Азияның оңтүстік-шығысында орналасқан мемлекет.

    Сонау оңтүстік-шығыстағы Вьетнам жері – Оңтүстік Қытай теңізі атта шалқар айдын жағалауын қуалай 1750 километрге созылған, тауқұзды және қалың ну ормандары өңір болып келеді. Вьетнамдықтар өз елін Бакбо (солтүстігі), Чунгбо (орта бөлігі) және Намбо (оңтүстігі) деп атайды.

    ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 1595 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Гвинея, Гвинея Республикасы — Бат. Африкада орналасқан мемлекет. Жер аум. 246 мың км2. Халқы 7,4 млн. (1995). Негізгі халқы: фульбе, малинке, сусу, кисси, кпелле, т.б. Астанасы — Конакри қ. Ресми тілі — француз тілі. Халқының 70%-і мұсылмандар, 25%-і пұтқа табынушылар, қалғандары христиандар. Гаусс — республика. Елді президент басқарады.Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. Гаусс жері түгелімен субэкваторлық белдеуде орналасқан. Аласа және орт. таулы үстірттер көп. Жері боксит, алм ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 546 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Гвинея-бисау, Гвинея-Бисау Республикасы — Африканың батыс жағалауында орналасқан мемлекет. Жер аум. 36,1 мың км2. Халқы 1,1 млн. (1996). Оның 80%-і банту тілінде сөйлейтін баланта, фула, мандьяк, мандинка, т.б. халықтар. Астанасы — Бисау қ. (160 мың). Ресми тілі — португал тілі. Тұрғындарының 60%-ке жуығы пұтқа табынушылар, 35%-і мұсылмандар, қалғандары христиандар. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — Ұлттық халық жиналысы. Жері, негізінен, жазық дала, мұхит жағалаулары сазды батпақ ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 440 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Гре́кия (гр. Ελλάδα), ресми аты Грекия Республикасы (гр. Ελληνική Δημοκρατία) — Еуропа оңтүстігінде, Балкан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эге ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 632 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Гүржістан, Гүржістан Республикасы (Сакартвело) — Еуропа құрлығының оңтүстік-шығысында, Қауқаз тауының оңтүстік бөлігінде орналасқан мемлекет. 66 әкімшілік ауданға бөлінеді. Құрамына Абхаз (1931) және Аджар (1921) республикалары енеді. Шекарасы Ресей, Әзербайжан, [[]], Түркия мемлекеттерімен шектесіп жатыр. Жер көлемі — 69,7 мың км2. Халқы — 5,4 млн. (1995). Тұрғындарының 70,1%-і гүржі.Бұдан басқа әрменилер (8,1%), орыстар (6,3%), әзербайжандар (5,7%), осетиндер (3%), абхаздар (1,8%), гректер, украиндар, т.б. тұрады. Астанасы — Тбилиси қаласы (1,2 млн.). Халқының көпшілік бөлігі — христиан дінінің православие тармағын ұстанады, қалғандары мұсылмандар мен католиктер. Ресми тілі — гүржі тілі. Мемлекет басшысы — п ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 851 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Гватемала, Гватемала Республикасы — Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Жер аум.— 109 мың км2. Халқы 10,6 млн. (1995). Астанасы — Гватемала қ. Тұрғындары, негізінен, киче-майя тайпаларына жататын үндістер мен метистер. Ресми тілі — испан тілі. Тұрғындары католиктер, бұған қоса протестанттар да кездеседі. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — бір палаталы Ұлттық конгресс. Жерінің көпшілік бөлігі таулы-қыратты. Кен байлықтарына (хром, марганец, алтын, күміс, т.б.) бай. Климаты с ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 726 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Дания – Солтүстік Еуропадағы мемлекет. Ол Юкатан түбегінде және Дания архипелагында орналасқан.

    Дания Орталық еуропа жазығының солтүстігінде Еуропа мен Скандинавия түбегі аралығында орналасқан. Бұл корольдік ІХ ғасырдан бастап өмір кешуде.

    Дания солтүстігінен оңтүстігіне қарай 360 км және шығыст ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 801 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Экваторлық Гвинея, Экваторлық Гвинея Республикасы – Орталық Африкадағы мемлекет. Негізінен Атлант мұхитының батысындағы Гвинея жағалауында орналасқан. Материктік бөліктен (жалпы атауы – Мбини) және аралдардан (Кориско, Биоко, Аннобан, Үлкен және Кіші Элобей, т.б.) тұрады. Жер аумағы 28 мың км2. Халқы 486 мың адам (2001). Астанасы – Малобо қаласы (Биоко аралында). Халқы негізінен фанг, буби, бенга, комбу, ленге, бухеба, дуала, фернандино, т.б. этникалық топтардан тұрады. Ресми тілі – испан және француз тілдері. Тұрғындарының басым бөлігі христиан дінінің католик және протестант тармақтарын, сонымен қатар ислам дінін, дәстүрлі наным-сенімдерді ұстанады. Мемлекет және үкімет басшысы – президент. Жоғары заң шығарушы орга ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 617 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Эритрея мемлекеті – Африканың солт.-шығысында орналасқан мемлекет. Жер аум. Қызыл т-дегі 350-ден астам аралдарын қоса есептегенде 125 мың км2. Халқы 4,4 млн. (2004). Негізінен тигран (тигринья), тигре, афор, сахо, беджа, билен, кунама, нара, хедареб, рашайда этн. топтарынан және шет елдіктер (3%) тұрады. Ресми тілі – тигран және араб тілдері. Тұрғындарының көпшілігі ислам және христиан діндерін, аз ғана бөлігі дәстүрлі наным-сенімдері ұстанады. Мемлекет және мемл. кеңестің басшысы – президент. Жоғарғы заң шығарушы органы – 1 палаталы парламент (Ұлттық ассамблея). Астанасы – Асмэра қ. Әкімш.-аумақтық жағынан 6 облысқа бөлінеді. Ұлттық мейрамы – тәуелсіздік күні, 24 мамыр (1993). БҰҰ-ның (1993), Африка Одағының (2002) мүшесі. Ақ ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 532 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    (Eestі), Эстония Республикасы – Шығыс Еуропаның солт.-батысында орналасқан мемлекет. Балтық т-нің Финн және Рига шығанақтарының суларымен қоршалып жатыр.
    Эстонияның құрамына 1500-ден астам (оның ішінде Моонзунд топаралы да бар) арал кіреді. Аум. 45,1 мың км2, халқы 1,48 млн. (2003), оның 63,9%-ы – эстондар, 29%-ы – орыстар, 2,7%-ы – украиндар, 1,6% – беларусьтар, 1%-ы – финндер, т.б. Дінге сенушілердің басым бөлігін лютеран дініндегілер құрайды, православие дініндегілер де бар. Халқының 70%-ы қалаларда тұрады, неғұрлым ірі қалалары: Таллин, Тарту, Нарва, Кохтла-Ярве, Пярну. Астанасы – Таллин қ.
    Ресми тілі – эстония Әкімш.-аумақтық жағынан 15 уезден (маакондтан) және орт. бағыныстағы 6 қаладан құралады. К ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 730 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Жаңа Зеландия — Тынық Мұхиттың оңтүстік-батыс жағында орналасқан екі (Солтүстік және Оңтүстік деп аталатын) аралдан, сонымен қатар басқа да ұсақ аралдардан (Стюарт, Чатам) тұратын ел. Жергілікті Маори ұлты Жаңа Зеландияны Аотиароа (Ұзын Ақ Бұлт Елі) деп атайды. Жаңа Зеландия қарамағына сонымен қатар Куук аралдары Найю (өзін-өзі басқарғанымен еркін құрамында); Токелау; Росс Тәуелділігі (Жаңа Зеландияның Антарктикадағы территориясы). Халқының басым бөлігі Еуропалықтар, ал ежелгі Маори тұрғындары ең ірі кіші ұлттардың бірі, Азиялықтар мен Маориге жатпайтын Полинезиліктер көбінесе урбанды аудандарда кезедеседі.

    ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 754 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Жапония Ниппон, Нихон (“Таң шапағы елі”) — Шығыс Азия жағалауларына жақын маңдағы Тынық мұхит аралдарында орналасқан мемлекет. Ел 4 мыңға жуық аралдардан тұрады. Ең үлкендері: Хоккайдо, Хонсю, Сикоку, Кюсю, т.б. Жер аумағы 372,2 мың км2. Халқы 126,2 млн. (1997). Астанасы — Токио қаласы (11,9 млн.). Әкімшілік жағынан 47 префектураға бөлінеді. Жапония — бір ұлтты ел. Халқының 99,4%-і — жапондар. Бұдан басқа қытайлар, корейлер, америкалықтар тұрады. Ресми тілі — жапон тілі. Негізгі діндері — синто және будда діндері.  ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 1320 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Ямайка – Орталық Америкадағы мемлекет. Кариб тезіндегі өзі аттас арал мен оған таяу шағын аралдарда орналасқан. Жер аумағы 11 мың км2. Халқы – 2,7 миллион (2004 жылы). Халқының 77%-ы зәңгілер, 15%-ы мулаттар, қалғандары үндістер, қытайлар, еуропалықтар. Ресми тілі – ағылшын тілінің жергілікті диалектісі (“креоль”). Тұрғындары негізінен протестанттар. Ямайка – конституциялық монархия. Британ Достастығы құрамына кіргендіктен, ағылшын королевасы мемлекет басшысы болып саналады. Елді королева тағайындаған генерал — губернатор басқарады. Генерал — губернатор жанынан кеңесші орган ретінде құпия кеңес құрылған, оның 6 мүшесін генерал — губернатор (премьер &mdas ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 723 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Джибу́ти́ (араб. جيبوتي‎‎) — Африканың солтүстік-шығысында, Африка мүйізінде орналасқан мемлекет. Эфиопиямен, Сомалимен және Эритреямен шектеседі.

    ... Читать дальше »
    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 532 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Замбия Республикасы – Орталық Африкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 752,6 мың км2. Халқы – 9,5 млн адам (1995). Тұрғындарының 99%-і банту тілінде сөйлейтін жергілікті тайпалар (бемба, тонга, лози, лунда, малави, т.б.). Елде 100 мыңға жуық еуропалықтар мен азиялықтар тұрады. Мемлекеттік тілі – ағылшын тілі. Тұрғындарының 80%-ке жуығы жергілікті діни сенімдері мен христиан дінінің протестант тармағын ұстанады. Астанасы – Лусака қаласы (1,6 млн). Елдің 1996 жылы қабылдаған Конституциясы бойынша жалпыхалықтық сайлауда 5 жылға сайланатын президент жоғары заң шығарушы (Ұлттық ассамблея) және атқарушы (Министрлер Кабинеті) билікті, армияны тікелей өзі басқарады. Заң шығару президент пен бір палаталы Ұлттық ассамбл ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 547 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Зимбабве, (Zіmbabwe), Зимбабве Республикасы – Оңтүстік Африкада орналасқан мемлекет. Замбиямен, Мозамбикпен, Ботсванамен және Оңтүстік Африка Республикасымен шектеседі. Жер көлемі – 390,8 мың км2. Халқы – 12,6 млн. адам (1998). Негізгі тұрғындары – африкалықтар (шона, матабеле, тонга, т.б. халықтар), 100 мыңға жуық еуропалықтар да тұрады. Ресми тілдері: ағылшын, шона тілдері. Халқының көпшілігі (60%) дәстүрлі діни сенімдерін, кейбір бөлігі (30%) христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Хараре қаласы (1,4 млн. адам). Ел 8 провинцияға бөлінеді.

    ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 508 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Иран (1935 жылға дейін Парсы елі), Иран Ислам Республикасы — Азияның оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі 1,648 млн. км2. Халқы 65,2 млн. адам (1999). Халқының ұлттық құрамы: парсылар (51%), әзербайжандар (27%), күрдтер (5%), арабтар, түрікмендер, белуджилер, армяндар, еврейлер, т.б. Қала халқы 58,3%. Астанасы — Тегеран қ. (айналасын қосқанда 12 млн-нан астам). Одан басқа Мешхед (1,5 млн.), Исфаһан (1 млн.), Тебриз (852 мың), Шираз (800 мың) сияқты ірі қалалар бар. Ресми тілі — парсы тілі. Мемлекеттік діні — ислам дінінің шиит тармағы. Иран — діни мемлекет. Елдегі саяси және діни билік аятолла Сейд Әли Хаменеидің қолында. Президент (1997 жылдан бастап Сейд Мохаммед Хатами) 4 жылға сайланады ж ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 1118 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    ИРАК, Ирак Республикасы (өзд. атауы — әл-Жумхурия әл-Иракия) — Оңтүстік-Батыс Азияда, Тигр және Евфрат өзендері бойында орналасқан мемлекет. Жер көлемі 444 мың км2. Халқы 22,4 млн. адам (1999). Тұрғындарының 75%-ы арабтар, 20%-ы — курдтар, қалғандары түрікмендер, ассириялықтар, парсылар, армяндар, т.б. Қала халқы 68,1% (1997). Мемлекеттік тілі — араб тілі. Халқының 62%-ы — ислам дінінің шиит бағытын, 34%-ы сунит бағытын ұстанады. Астанасы — Бағдад қ. (3 млн-нан астам).1970 ж. қабылданған конституциясы бойынша Революциялық кеңестің төрағасы елдің Президенті және Жоғарғы Бас қолбасшы қызметін қатар атқарады. Заң шығарушы орган — бір палаталы Ұлттық кеңес, 250 депутаттан тұрады. Елдің ұлттық мейрамы — 17 ші ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 904 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Ирла́ндияИрланд Республикасы (ирландша Éire, Poblacht na hÉireann; ағылш. Ireland, Republic of Ireland) — Ирландия аралының көбін алып жатқан Батыс Еуропа мемлекеті. Ауданы — 70,2 мың км². Елдің аты ирландша Éire деген сөзден шыққан. Астанасы — Ду ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 839 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Исландия (Исландия Республикасы) — Еуропада орналасқан аралды ел. Гренландия аралының шығысында және Норуегия мен Норуег теңізінің батысында жайғасқан. Елордасы Рейкиявик аралдың оңтүстік-батысында орналасады.

    ... Читать дальше »
    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 937 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Испания (Espana), Испания Корольдігі – Еуропаның Оңтүстік-батысында орналасқан мемлекет. Пиреней түбегінің көп бөлігін және Жерорта теңізіндегі Балеар, Питиус аралдары мен Атлант мұхитындағы Канар аралдарын иеленеді. Жер көл. 505,9 мың км2. Испанияға, сондай-ақ, Солтүстік Африка жағалауларындағы Сеут және Мелилья қ-лары мен оларға жақын жатқан Велесде-ла-Гомера, Алусемас, Чафаринас аралдары да қарайды. Халқы 39,2 млн. (1999). Негізінен, испандар, католондар (5 млн-нан астам), галисилер (3 млн.), баскилер (2 млн-нан астам), т.б. Қала халқы 76,79%. Ресми тілі – испан тілі. Автономиялық құрылымдарда католон, баски, галиси, т.б. тілдер қолданылады. Ел 17 автономиялық құрылымдардан тұрады. Халқы, негізінен, католик дінін ұстанады. Аст ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 1011 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Израиль – Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қосып тұр. Георафиялық орналасуы бойынша – мемлекет Азияның оңтүстік-батысында орналасқан.

    БҰҰ Бас Ассамблеясының 1947 жылы 29 қарашадағы Палестинаны бөлу жөніндегі шешімі бойынша берілген жер көл. 14 мың км2, ал 1948 – 49 жылдары араб-израиль соғыстары барысында басып алған жерлерін қосқанда 20,7 мың км2.

    ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 1734 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Италия, Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің ( ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 1497 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Камерун Республикасы (Republіc of Cameroon) – Орталық Африкадағы мемлекет. Жер көл. 475440 км2. Халқы 15,4 млн. адам (1999). Халқы тілдеріне қарай банту (дуала, балунду, баса, батанга, т.б.) шығыс банту (бамилеке, бамум, тикар, т.б.), хауса (бата, мандара, т.б.) топтарына бөлінеді. Ресми тілдері – ағылшын және француз тілдері. Тұрғындары христиан дінінің католик 35%, протестант (18%) тармақтарын ұстанады. Дәстүрлі нанымдарына сенушілер (25%) мен мұсылмандар (22%) да бар. Астанасы – Яунде қаласы. Елді президент басқарады (1982 жылдан П.Бийя). Ол 5 жыл сайын төте сайлау негізінде сайланып отырады және үкімет басшысы да болып саналады. Заң шығарушы орган бір палаталы парламент. Ұлттық мерекесі 1 қаңтар – Тәуелсіздік күні ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 735 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Канада – Солтүстік Америка құрлығында орналасқан алып мемлекет. Астанасы – Оттава қаласы. Канада өзінің жерінің кең-байтақтығымен ғана емес, сондай-ақ көптеген арктикалық архипелагты аралдарымен ерекшеленеді. Канаданың жағалауларын Атлант мұхиты, Тыных мұхиты және Солтүстік Мұзды мұхит шайып жатыр. Көрші елдерінің ең үлкені АҚШ, одан басқа Даниямен (Гренландия аралы) және Франциямен (Сен-Пьер и Микелон (франц. Saint-Pierre-et-Miquelon) аралдары қауымдастығы) көршілес орналасқан. Канаданың АҚШ-пен шектесетін оңтүстік және Альяскадағы солтүстік батыс шекарасының ұзындығы 8893 км. құрайды. Табиғаты керемет. Ормандар мен таулы аймақтарға, туристік мекендерге толы әлемнің сұлу бір мекені.

    ... Читать дальше »
    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 942 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Корей Халық Демократиялық Республикасы, (КХДР), корейше — Чосон минджуджуый иымин конхвачук — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 121,2 мың км2. Халқы — 22,5 млн. адам (1999). Негізгі халқы — корейлер. Бірнеше мың қытайлар да тұрады. Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындарының көпшілігі будда дінін ұстанады, конфуцийшілдікті, христиан дінін ұстанатындар да бар. Астанасы — Пхеньян қ. (2,3 млн.). Конституция бойынша, КХДР “Чучхе идеясын басшылыққа алған егеменді социалистік мемлекет”. Елді президент басқарады (1998 жылдан Ким Чен Ир). Заң шығарушы органы — Жоғары халық жиналысы. Ким Чен Ир, сондай-ақ, елдегі жетекші партия Еңбек партиясының Бас хатшысы және КХДР Қор ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 806 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    КОРЕЯ, Корея Республикасы (кәрісше Хангук— таң самалының елі) — Шығыс Азиядағы Корей түбегінде орналасқан мемлекет. Жер көлемі — 98,5 мың км2. Халқы — 46,1 млн. адам (1999). Ресми тілі — корей тілі. Тұрғындары, негізінен, кәрістер, 30 мыңға жуық қытайлар, т.б. ұлт өкілдері тұрады. Олардың көпшілігі будда дінін, кейбір бөліктері конфуцийшілдік пен христиан дінін ұстанады. Астанасы — Сеул қаласы (11 млн.). Әкімшілік бөлінісі 9 провинциядан және тікелей орталыққа бағынатын 6 қаладан тұрады. Конституциясы бойынша, елді президент басқарады (1997 жылдан Ким Дэ Чжун). Заң шығарушы органы — Ұлттық жиналыс (299 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекелері: 15 тамыз — Республика жа ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 965 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Кения (Kenya), Кения Республикасы (Republіc of Kenya) – Шығыс Африкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 582,6 мың км2. Халқы 28,8 млн. адам (1999). Халқының этникалық құрамы банту, нилот, кушит топтарына жататын кикуйю (21% шамасында), луйя (14%), луо (13%), календжин (11%), камба (11%), т.б. тайпалардан және 165 мыңнан аса Азия, Еуропа, араб елдерінен келгендерден тұрады. Ресми тілдері ағылшын тілі мен суахили тілі. Тұрғындарының кейбіреулері дәстүрлі наным-сенімдерін, кейбіреулері христиан дінінің католик және протестант тармақтарын, енді біреулері ислам дінін ұстанады. Астанасы – Найроби қаласы.Кения – Британ достастығына кіретін республика. 1969 жылы қабылданған конституциясы бойынша елді жалпыхалықтық сайлауда 5 жылға сайланған прези ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 724 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    Кирибати, Кирибати Республикасы – Тынық мұхиттың батыс жағындағы Солтүстік Тарава атолласы мен Гильберта, Лайн, Феникс, Банаба (Ошен) аралдарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 717 км2. Халқы – 81 мың адам (1998). Негізгі тұрғындары полинезиялықтар мен микронезиялықтар, сондай-ақ, қытайлар мен еуропалықтар да тұрады. Ресми тілі – ағылшын тілі. Халқы христиан дінінің католик және кельвиншілдік тармақтарын ұстанады. Астанасы – Баирики қаласы. Елді президент басқарады (1998 жылдан Тебуроро Тито). Кирибати – Британ Достастығына мүше. Заң шығарушы органы – Ассамблея палатасы. Ұлттық ақшасы – Австралия доллары.

    ... Читать дальше »

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 530 | Добавил: nurphone | Дата: 15.11.2014 | Комментарии (0)

    « 1 2 3 4 »
    Made by Nurphone © 2024