Вторник, 07.05.2024, 01:08
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » Дінтану

    Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace) дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан тарағаны туралы қорытынды жасаған. АҚШ-тағы Станфорд университеті профессорларынан Луиги Лука Кавалли-Сфорза (Luigi Luca Cavalli-Sforza) және әріптестері 40 жыл бойы дүниежүзіндегі 5 мыңдай тілді зерттей келе, оларды ірілі-ұсақты 17 топқа бөліп, түп негізінде барлық тілдер бір көне тілден тараған деген тұжырымға келген. АҚ ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 519 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін, мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей, ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің арақатынасын анықтайық.
    Бүгінгі мәдениеттану, антропология және социология саласының теоретиктері дінді мәдениеттің ең маңызды құрамдас бөлігі деп санайды (мысалға Э.Б. Тайлор, Леслие Уайт, Радклифф Броун, Рут Бенедикт, Франц Боаз, Бронислав Малиновский, Уиллиам Хавиланд қатарлы ғалымдардың еңбектерін айтуға болады – М.Б.). Дінсіз қоғам болмайтындықтан, дінсіз мәдениет т ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 642 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Ғылым және технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірін оңайлықпен тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни экстремизм мен терроризм тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын алуда. Хақ дін Исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында өзімнің ойларымды былайша түсіндіргім келеді.

    Исламият адам және табиғат жаратылысымен толық санасатын, адамның тумысынан пайда болған қажеттіліктерін жауыз санамайтын, оларды дұрыс һәм қажетті деп көретін нағыз орта жол. Мәселен, үйлену, ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 1573 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Әрбір мұсылман жұма күнінің фазилеті мен ерекшелігін біліп сезінгені дұрыс . Жұма күні – күндердің ең абзалы  әрі мұсылмандардың мейрамы болып есептелінеді . Сонымен қатар бұл күні жұма намазы оқылады . Егер мұсылман бұл күнді және жұма намазды қадірлеп , әдептерін ұстанса  Аллаһ оның сауабын арттырып , күніларын кешіреді .Бұл күнде бір сәт бар . Егер мұсылман пенде сол сәтте Раббысынан намаз оқыған күйінде қажетін сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді . Пайғамбарымыздан( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) жеткен бір хадисте былай делінген  :

    ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 647 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Ғылым және информация ғасыры деп аталған өткен жүз жылда дамыған мемлекеттердiң азаматтарынан бек көп адам ислам дiнiн өз еркiмен қабылдаған. Олардың iшiнен әлемге аты мәшһүр боксшы Мұхаммед Әли (1942- ) мен өткен ораза айында мұсылмандықты қабылдаған Италия мемлекетiнiң Сауди Арабыстандағы 60 жасар елшiсi Торкуато Кардеилли (Torquato Cardeilli, 1942- ) мырзаны айтуға болады. Бұларға қоса әлемдiк деңгейдегi философтар, физикашылар мен химияшылар, тарихшылар мен әлеуметтанушылар, экономистер мен дiнтанушылар бiр-бiрлеп хақ дiн исламды қабылдауда. Батыс елдерiнiң кейбiр қатардағы азаматтары да, баспасөзде аттары аталмағанымен, кәлима айтып, мұсылмандардың санатына кiруде. Елiмiз ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 542 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Жоспары

    КІРІСПЕ

    І. ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕГІ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ

    1. 1 Қазақ жеріне исламның таралуы және оның ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 822 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Дін деген ұғымның негізінде зорлық-зомбылық болмауы керек, бұл хақ діннің ғайрихақ (хақ емес) діндерден ажырасатын айқын парқы. Дін дегеніміз негізінде иман, яғни сенім жататын рухани байлық. Рұхты зорлауға болмайды. Ислам дінінде зорлау жоқ. Исламияттың негізінде адамдардың өз еркімен, өз ықтиярымен сенуі, өз ирадасымен ғамал етуі қағидасы жатады. Өз ирадасынсыз харам істеуге мәжбүр болғандардың жауапты болмайтыны сондықтан; мисалға, өлім қаупінен қорқып, шошқа етін жеген мұсылманға күнә жоқ /[1]/.

    Исламның имани негіздері осында жатыр. Сондықт ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 595 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    1.Ортағасырдағы Еуропа мәдениеті: христиандық ортағасыр мәдениетінің негізі.
    2. Қайта өрлеу мәдениетіндегі адам және гуманизм идеалдары.
    3. Жаңа заманның мәдениқұндылық бағдарламалары.
    ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 639 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Жаратушы ұлық тәңiр Аллаһ Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед Абдұллаһұлы (с.а.у., 569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсiндiрiлген әлемдiк дiн. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өмiрiндегi ең маңызды ұғымдардың бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi құдiрет иесi Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi барлық адамзатқа және заманаға жiберiлген дiн. Ислам – ақыл иелерi мен күллi махлұқаттың (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдiретiне тәсiлiм болуының, мойынсұнуының және дүниедегi өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке келтiретiн құдайы жүйенiң, яғни пенде мен ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 587 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Тәухид нанымы негiзiндегi ислам дiнi уә мәдениетiн, әдебиетi уә өркениетiн зерттейтiн ғылымдардың жыйынтық аты. «Аллаһ Тағалаға тәсiлiм болу, берiлу, мойынсұну; сәлеметтiлiкте һәм бейбiтшiлiкте болу» мағыналарындағы «ислам» сөзi Құран Кәрiмдегi көптеген аяттарда кезiгедi. Мәселен; «Аллаһтың хұзырындағы бiрегей хақ дiн – ислам-дүр» (3/19), «Бүгiн сендерге дiндерiңдi кәмiл қылдым, сендерге нығметiмдi тәмам еттiм және сендерге исламның ғана дiн болуына разы болдым» (5/3), «Аллаһ кiмдi тура жолға салғысы келсе, оның жүрегiн исламға ашады» (6/125).
    Исламтанудың дінді зерттейтiн ғылым салалары (дiн ғылымдары) мыналар;
    1-АҚИДА: «Иғтиқад» деп те аталатын бұл сала иманның негiздерiн, дiнн ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 741 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси-экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты.Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал – дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескерелік. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табы ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 644 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Құран Кәрім Жаратушы тарапынан күллі адамзатқа және өзінен кейінгі замана атаулыға жіберілген ұқсасы жоқ қасиетті кітап. Құран – ислам дінінің бастауы, бірегей бұлағы. Исламды түсіну үшін Құранды түсіну шарт. Құранды түсінбеген адам исламды да толықтай түсіне алмайды. Құран – Жаратушының мәлімдемесі, хабарламасы, жолдауы. Ол таңдаулы Елші Мұхаммедке (с.а.у.) толықтай түсіріліп болған. Аллаһтың сөздерін өзгерте алатын ешбір құдірет жоқ. Құранды Аллаһ Тағала өз қорғауына алған. Құран дін деп аталатын ұғымға қатысты мәселелер мен мысалдардың, ережелер мен ақпараттың барлығын қамтиды. Онда еш нәрсе де ұмытылмаған. Құраннан өзге кітаптардың барлығы да фәни адамдар тарапынан жазылған яки құрастырылған кітаптар. Олар Құранның орнын баса алмайды яки Құранның ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 639 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Қазақстан тарихы терең, мәдениеті бай мемлекет. Егемендікке қол жеткізгелі бері халқымыздың еңсесі көтеріліп, дініміз бен рухани мәдениетіміздің жарық салалары өркендеп келеді. Қазақ тілінің мәртебесі де өз топырағында күн өткен сайын өсуде. Міне, орта ғасырлардағы Қазақстанның руханият, білім, мәдениет және сауда орталықтарының бірі болған әфсанауи Тараз шаһарының 2000 жылдық тойы еліміздегі Исламның таралу тарихын зерттеп келе жатқан маған да айрықша әсер етіп, ерекше сезімге баулыды. Сол себепті, қазақ жеріндегі ежелгі Ислам мәдениетінің алтын бесігінің бірі, мүмкін бастысы болған Тараз туралы ойларымды оқырмандармен бөліскім келді.

    ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 655 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Исламият алып елдердің, мәселен Әмәуи (661-750), Аббаси (751-1258), Селжүк (1040-1157), Осман (1299-1922) патшалықтары сықылды әлемдiк мемлекеттердің ресми дiнi болған дәуiрде, азат етiлген немесе олжаланған өңiрлердiң тұрғындарын жаппай дiнге енгiзу яки мұсылман болуға зорлау уақиғалары байқалмайды. Әуелi, ғайримұслимдерді мұсылмандандыру туралы қажеттiлiк һәм мемлекеттік саясат болмаған секілді. Бодандар мен қамқорлыққа (вассал) алынған елдерге толық еркiндiк берiлген. Ислам билiгiндегi жөһит, несториан, православ, католик, бұдда дiндерiнiң мансұбтары шат-шадыман өмiр сүрген, олар дiни-рухани өмiрiнiң ең гүлденген дәуiрiне мұсылмандардың жанашырлығының арқасында жеткен. Мисалы, сан ғасырлар бойы Османияның билiгiнде болған Грекия, Бұлғарыстан, Мажарыстан, Сербі ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 681 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    «Бізді тура жолға баста! Ізгілік бергендеріңнің жолына!
    Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың жолына емес!» (Фатиха сүресі)Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері дәстүрлі және дәстүрлі емес діндердің көптеген уағызшылары үгіт-насихат жұмыстарын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні Қазақстанда 46 діни конфессия тіркеуден өткен екен. Бұл дәстүрлі дініміз исламнан тыс 45 конфессия ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 657 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Ең алдымен басқа дінге тарту жайлы әңгіме болғанда миссионерлік жөнінде айту керек. Бүгінде Қазақстан діни экcперимент алаңына айналып отыр. Басқаша айтқанда Қазақстан діни экспанcия алаңына айналған. Сол экспериментті қарқынды, жүйелі және ұйымдасқан түрде жүргізіп отырған — христиан миссионерлері. Олардың басым көпшілігі АҚШ-тан арнайы жолдамамен жіберілген — шоқындырушы-үгітшілер армиясы.
    Христиан діні дүние жүзінде ең көп тармаққа бөлінген дін десек қателеспейміз. Онда католик, протестант, православие атты үш негізгі б ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 671 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Қазақ халқы атам заманнан ислам дініндегі халық. Біздің жеріміз Ислам тарихында ғана емес, жалпы адамзат тарихында аса маңызды уақиғалар болған жерлер. 751 жылғы Талас соғысы түркі халықтарының тарих арнасын өзгерткен ғажайып елеулі уақиға. 870 жылы қазақ сахарасында дүниеге келген бабамыз Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) ұлы ойшыл, хакім, нағыз мұсылман ғалым.Х-ғасырда ислам дінін ресми дін етіп жариялаған Қарахан билеушісі Әбдұлкәрім Сатұқ Бұғыра ханды (915-955) айтсақ та жеткілікті. Одан кейінгі Ахмед әл-Йесеуи (уаф. 1166), Сүлейман Бақырғани (уаф. 1186), Йұсұф Хас Хажиб әл-Баласағұни (1016?-?) қатарлы толып жатқан бабаларымыз дінімізге, мәдениетіміз бен әдебиетімізге қызм ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 734 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Адам баласы ХХ-ғасырда бұрын-соңды болмаған ғылыми-технологиялық жетістіктерге қол жеткізіп, «Жер» деп аталатын планетамыз кішірейген сайын кішірейіп, бір алақанға сыйарлық жағдайға дейін жетті. Өткен ғасыр ғылым, білім, мәдениет және өнер, спорт салаларындағы орасан зор табыстармен ерекшеленді. Дегенмен, өткен ғасырда адам баласының тарихында болмаған зұлымдықтар да болды. Еуропа халықтары екі рет әлем соғыстарын ашып, дүние жүзін қызыл қанға бояды. І және ІІ дүниежүзілік соғыстарда бір діннің уәкілі болғанына қарамастан еуропалықтар бірімен бірі қырылысты. Батыс халықтары басып алған мемлекеттерде үш жүзден астам ірілі-ұсақты соғыстар жүріп жатты. Кей халықтар ұлт-азаттық көтерілістерді бастап жатса, енді бір елдерде төңкерістер жасалып, мыңдаған, тіпті миллиондаған адамдар қырылып, өлмегені сүргінделіп яки жарғыланып (со ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 752 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Наным сөзінің түсінігі (араб тілінде «иман» сөзі «қауіпсіздігіңді қамтамасыз ету» деген түбірден шыққан) мұсылмандар санасында ең алдымен Білімге байланысты шыққан. «Алланың қорғауымен қауіпсіздікте болу», Алланың заңдары мен бұйрық еткендерін міндетті түрде орындауға сай ұйғарылады. Қасиетті Кітапта айтылған, адам денсаулығына қамқорлық жасау туралы ұйғарымдар, көп жылдық тәжірибелермен, сондай-ақ ғылыми фактілермен дәлелденген. Сондай ұйғарымдардың бірі шошқа етін тағамға қолдануға тыйым салу болып табылады.
    «Иман келтіргендер! Біз сендерге бөлген, жақсы тағамнан жеңдер, Аллаға ризашылық білдіріңдер, егер Оған тәуба келтіретін болсаңдар. Ол сендерге өлікті, қанды, шошқаның етін тамақ етуге тыйым салған, бұл Алладан бас ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 713 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    «Бір құдайға тәуба жасап, өзіңнің жүзіңді дінге бұр. Алланың жаратқан адамдарында осындай туа біткен қасиет бар. Алланың Жаратқанын өзгертуге болмайды. Тура наным осындай, бірақ адамдардың көпшілігі оны білмейді.» (Құран,30-30).
    Дұние жүзілік ғылыми және ойшыл орталарда нағыз таң қаларлық оқиғаны британдық Бристоль университетінің ғалымдарының жаңалығы қозғады, олардың көрсеткені, қазіргі замандағы адам Аллаға деген туа біткен сеніммен туылады,- деп лондондық апталық газет Sunday Times хабарлады.
    ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 633 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Басқа бір аятта: يُكَوِّرُ اللَّيْلَ عَلَى النَّهَارِ وَيُكَوِّرُ النَّهَارَ عَلَى اللَّيْلِ
    «Түнді күндіздің үстіне, күндізді түннің үстіне орайды» (Зумар сүресі/5) – деп жердің шар тәріздес екендігін анық білдіреді. Араб тілінде «такуир» сөзі домалақ нәрсенің сыртына бір нәрсені орау, байлау деген мағынаны білдіреді. Демек, жер шар тәріздес болғандықтан күн мен түн үшін «орайды» сөзі қолданылып отыр. Күн мен түннің тәулік бойы өзара алма-кезек ауысып отыруы – Жер шары домалақ пішінде б ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 490 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Аз-кем сөз.. Өткен ғасырдың соңғы ширегінде Францияда философ Роже Гароди, хореограф Морис Бежар, океанолог Жак-Ив Кусто мен хирург Морис Бюкай сияқты атақты оқымысты-ғалымдардың тұтас бір тобы Исламды қабылдап қоғамды дүр сілкіндірді.  Тіпті араларында тілін кәлимаға келтіріп Әбділмәжит деген арабша ат алған католик пірадары Жан-Мари Дюшемен де болды.  Көпшілік бұларды  біле бермейді.  Енді осы адамдардың дін исламға келу жолын баяндаймыз..

    Морис Бюкай – есімі Францияның символы ретінде аталатын адамдардың бірі. Ата-ан ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 621 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Діни мерекелер: Ораза айт, Құрбан айт, Мәуліт.

    Ораза айт – Фарз Ораза уақытының, Рамазан айының аяқталуының құрметіне мұсылмандар тойлайтын мереке. Ораза айт мейрамы Шәууәл айының бірінші жұлдызында басталып, үш күнге созылады. Мұсылмандар бірін-бірі Ораза айтпен құттықтап, бір-бірінен айттық алады.

    ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 1150 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Оны заңмен реттеу – ең әділ жол

    Бұған дейін қолданыста болған заң 1992 жылы қабыл­дан­ған еді. Ал Ата Заңымыз 1995 жылы қабылданды. 1992 жылдан бері 20 жылға жуық уақыт өткендіктен, заман да, заң да өзгерді.

    Қазақстан Президенті Нұр­сұлтан Назарбаев үстіміздегі жыл­ғы 1 қыркүйек күні ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 620 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Діннің шығуы туралы. Әлемдік діндер. Дін – жаратылыстан тыс бір құдіретті күш бар деп сенуден пайда болып қалыптасқан, адамдар арасындағы қатынастардың, заттар мен идеялардың, әрекеттердің жиынтығы. Дін ұғымы – мейілінше аумақты, көп нәрселерді қамтитың кең ұғым. Жаратылыстан тыс бір кереметке сену (құдай, тәңір), дүниеде болып жататын алуан түрлі құбылыстар арасында бір сиқырлы сыр бар деп түсініп, соған нану (магия, тотемизм), кейбір заттарда, табиғатта жоқ қасиеттер бар деп түсініп, оларды кие тұту (фетшизм).

    Тотемге табыну &ndash ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 629 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Дәріс мақсаты; Ислам діні — араб мәдениетінің бастамасы. Исламдағы мистицизм. Шығыс ренессансы мәдени феномен ретінде. Ислам дінінің Қазақстандағы таралуын қарастыру.

    Тақырыпқа қатысты сұрақтар:

    1. Ислам діні — араб мәдениетінің бастамасы.

    ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 1084 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    ΙΙ Хассан мешіті немесе ΙΙ Хассанның Ұлы мешіті – Мароккодағы Касабланка қаласында орналасқан мешіт.
    Ол Атлант мұхитының жағалауында орналасқан. Құрылыс жұмыстары 1986-1993 жылдар аралығында жүрді. Жоба авторы – Мишель Пинсо. Мешіт 25 000 адамға арналған және қасындағы аймаққа 80 000 адам намаз оқи алады. Жалғыз мұнарасының биіктігі 210 м.

    Ол әлемдегі ең биік діни құрылыс болып табылады. Мешітті қайырымдылық қорынан жиналған 800 миллион долларға салды. Ме ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 548 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Ібіліс, Иблис (грекше «албасты», «шайтан») — діни ұғымда көктен қуылып, адамдарды Аллаһтың ақ жолынан тайдыратын, күнәға ұшырататын перінің есімІбіліс Ібілісті басқаша — шайтан (шайтандардың — барлық қара ниеттердің басшысы), «Аллаһтың жауы» немесе жай ғана «дұшпан» деп атайды. Әдетте, мұсылмандардың сиынулары шайтанға қарсы сөздерден басталады. Раджим — «таспен атқыланған» (күнәлі немесе ақ жолдан тайған) — Құранда жиі кездесетін Ібіліске байланысты қолданылатын эпитет. Ібіліске қарсы дұға Құранның соңғы сүрелерінде келтірілғен. Құран сөзінде Ібіліс Аллаһтың тілін алмаған, Адам атаның алдында тізе бұғуден бас тартып «Мен одан артықпын, Сен м ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 477 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Інжіл, Евангелие (араб. — инджил) – барлық жаңа өсиеттің тұтас атауы. Құран дерегі бойынша Иса (ғ.с.) пайғамбарға жолданған қасиетті кітап. Қасиетті Құран Кәрімге дейін Құдайдан түскені хақ деп білетін қасиетті үш кітаптың (Забур, Таурат, Інжіл) бірі. Құранда Алланың дін үшін шейіт болғандарды жұмаққа жіберетінін дәлелдеу үшін І-ге сілтеме жаса ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 807 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Аббас әулетіәл — Абдассийун -Араб халифатын билеген әулет (749 -1258). Мұхаммед Пайғамбарлық (с.а.у.) немере ағасы әл-Аббас бин Абд әл-Мутталиб бин Хашимнен (653 жылы өмір сүрген) тараған. Мұхаммед бин Әлидің ұлы Ибрагим жіберген өкіл Әбу Муслим бастаған Шииттік қозғалыс Омейя әулетін тақтай ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 702 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Жетінші ғасырда Таяу және Орта Шығыс халықтарының саяси және мәдени өмірлерінде маңызды екі үлкен оқиға болды. Оның бірі Ислам болса, екіншісі араб мемлекеті құрылды. Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Мекке қаласында дүниеге келген. Ол шамамен 570-580 жылдар арасында кедей хашим тайпасында туған. Пайғамбардың әкесі саудагер Абдулла ерте қайтыс болады. Ал анасы пайғамбарымыз алты жаста болғанда дүниеден өтеді. Одан кейін ағасы Абу Талибтің тәрбиесінде болады. 24 жасында саудагер Хадишаға үйленіп, біраз уақыттан кейін сауда жұмысын тастап, шамамен 610 жылдары дінді уағыздау жолына түседі.

    ... Читать дальше »

    Категория: Дінтану | Просмотров: 619 | Добавил: nurphone | Дата: 19.11.2014 | Комментарии (0)

    Made by Nurphone © 2024