Воскресенье, 19.05.2024, 09:24
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 15 » Кирибати
    08:10
    Кирибати

    Кирибати, Кирибати Республикасы – Тынық мұхиттың батыс жағындағы Солтүстік Тарава атолласы мен Гильберта, Лайн, Феникс, Банаба (Ошен) аралдарында орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 717 км2. Халқы – 81 мың адам (1998). Негізгі тұрғындары полинезиялықтар мен микронезиялықтар, сондай-ақ, қытайлар мен еуропалықтар да тұрады. Ресми тілі – ағылшын тілі. Халқы христиан дінінің католик және кельвиншілдік тармақтарын ұстанады. Астанасы – Баирики қаласы. Елді президент басқарады (1998 жылдан Тебуроро Тито). Кирибати – Британ Достастығына мүше. Заң шығарушы органы – Ассамблея палатасы. Ұлттық ақшасы – Австралия доллары.

    Табиғаты.

    Кирибати орналасқан аралдар кейін пайда болған. Мұхиттан 80 м-ге дейінгі биіктікте орналасқан. Климаты экваторлық. Жыл бойғы орташа температура бірқалыпты (26 – 28оС). Жыл бойғы орташа жауын-шашын мөлшері 1000 – 3000 мм. Аралдарда, көбінесе, бұталы өсімдіктер, ал солтүстіктегі аралдарда орман өседі.

    Тарихы.

    Б.з.б. 1-мыңжылдықта Кирибати жеріне оңтүстік-батыстан австронезия тілінде сөйлейтін тайпалар келіп қоныстанады. 1606 ж. аралдарға тұңғыш рет испан жиһанкездері келді. 18 ғ-дың аяғында Кирибати территориясына ағылшын теңізшілері қоныстана бастады. 1857 ж. елге христиан миссонерлері келіп, өз діндерін уағыздады. 1892 ж. Гильберта (Кирибати) және Эллис (Тувалу) аралдары, 1916 – 39 ж. бұрын адамдар тұрмаған Феникс, Рождество, Банаба, Лайн аралдары Ұлыбритания отары болып жарияланды. 1942 – 43 ж. Кирибати жерін жапондар басып алды және АҚШ пен Жапония әскерлері арасында қызу шайқастар жүрді. 1950 ж. Рождество аралында Ұлыбритания ядролық қару сынады. 1963 ж. аралдарда заң шығарушы орган құрылды. 1975 ж. негізгі халқы меланезиялықтар болып саналатын Эллис аралы Ұлыбританиядан бөлініп, Тувалу мемлекетін құрды. 1977 ж. микрозиялықтар тұратын Гильберта аралы өзін өзі басқаруға қол жеткізді. 1977 ж. аралдардың барлығы бірігіп Британ Достастығына кіретін тәуелсіз Кирибати республикасы атанды.

    Экономикасы.

    Халқы, негізінен, ауыл шаруашылығында жұмыс жасайды. Ұлттық байлығы – жылына 76 млн. АҚШ доллары, жан басына шаққанда 980 доллар. Экспортқа балық, теңіз өсімдіктері, банан, нан ағашы өнімдерін, таро шығарады. Өнімдерін, негізінен, АҚШ-қа шығарады. Шеттен азық-түлік, машиналар мен құрал-саймандар, шаруашылық тауарларын алады. Негізгі сауда серіктестері: Австралия, Бангладеш, Жапония, АҚШ, Франция, Жаңа Зеландия, Қытай, т.б.

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 531 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024