Воскресенье, 19.05.2024, 10:39
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 15 » Грекия Республикасы
    08:32
    Грекия Республикасы

    Гре́кия (гр. Ελλάδα), ресми аты Грекия Республикасы (гр. Ελληνική Δημοκρατία) — Еуропа оңтүстігінде, Балкан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігінде Албаниямен, бұрынғы югославиялық Македония республикасымен және Болгариямен, солтүстік-шығысында — Түркиямен шектеседі. Шығысы мен оңтүстігін Эгей теңізі, батысын — Ион теңізі шайып жатыр. Осы елді мекендейтін юнандар (гректер) атымен аталған.

    Грекия, Грек Республикасы — Еуропаның оңтүстік-шығысында, Балқан түбегінің оңтүстігі мен соған шектесіп жатқан Ион, Жерорта және Эгей теңіздеріндегі ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер аумағы — 132,0 мың км2. Халқы — 10,5 млн. Астанасы — Афина қаласы (3,5 млн.). Тұрғындарының 95%-дан астамы гректер, қалғандары: түрік, албан, т.б. Ресми тілі — грек тілі. Халқының көпшілігі христиан дінінің православие тармағын ұстанады. Ел аумағы әкімшілік-аумақтық жағынан 51 номға бөлінеді. Үлкен қалалары: Салоники, Патрай, Ираклион, Волос. Ақша бірлігі — драхма. Мемлекет басшысы — президент. Заң шығарушы органы — бір палаталы парламент. 1975 ж. 11 маусымда қабылданған ел конституциясы бойынша, Грекия президент басқаратын парламенттік республика болып табылады (президентті парламент сайлайды). Ұлттық мерекесі — Тәуелсіздік күні (1821, 25 наурыз). Грекия жерінің басым бөлігі таулы-қыратты. Климаты жерортатеңіздік субэкваторлық. Қыс айларындағы орташа температура 4 — 11ӘС, ал жаз айларында 24 — 28ӘС. Өзендері шағын, суы аз. Жерінің 15%-ын орман алып жатыр. Жауын-шашын мөлшері 350 — 1500 мм аралығында. Алғашқы грек мемлекеттері біздің заманымыздан бұрынғы 3-мыңжылдықта пайда болды. 395 жылдан ежелгі Грекия жері Византия империясына бағынды. 15 ғасырдан бастап Осман сұлтандығына қосылды. 1821 — 29 жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысынан және 1828 — 29 жылдардағы орыс-түрік соғысынан кейін Грекия 1830 ж. тәуелсіздікке қол жеткізді. 1-дүниежүзілік соғыс кезінде Антанта жағында болды. 1941 ж. елді Германия мен Италия әскерлері басып алды. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталысымен елде азамат соғысы басталды (1946 — 49). Ол аяқталған соң, 1952 ж. Грекия НАТО-ға мүше болды. 1967 ж. үкімет билігі әскери хунтаның қолына көшті. 1974 ж. болған жалпыхалықтық ереуілден кейін, әскерилер биліктен кетіп, демократиялық институттар қалпына келтірілді, жаңа конституция қабылданды. 1992 ж. қараша айында Грекия Еуропалық одаққа толық мүше болып қабылданды. Грекия — орташа дамыған индустриальды-аграрлы мемлекет. Жан басына шаққанда жылдық орташа табыс мөлшері — 7100 доллар Ұсақ жекеменшік кәсіпорындар да көп. Экономикасының жетекші салалары: тамақ, химия, тау-кен, металлургия өнеркәсіптері және цемент шығару. Кейінгі жылдары электроника мен кейбір машина түрін жасау тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығында, негізінен, жүзім, жеміс-жидек, зығыр, дәнді дақылдар өсіріледі. Бұған қоса сауда флоты мен туризм жақсы дамыған. Грекия — сауда флоты жағынан дүние жүзіндегі жетекші елдердің бірі. Елге жыл сайын 10 млн-нан аса туристер келіп, қазынаға 4 млрд. доллардан аса кіріс кіргізеді. Негізгі сауда серіктестері: Германия, Италия, АҚШ, Франция, Сауд Арабиясы. 1992 ж. 1 қазанда Қазақстанмен дипломатиялық қатынастар орнатты.

    Астанасы — Афина қаласы.

    Батыс өркениеті бесігі болап танылған, тарихтағы алғашқы демократиялық мемлекет. 1981 жылдан бастап – ЕО, 1952-ден бастап — НАТО мүшесі.

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 633 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024