Понедельник, 06.05.2024, 16:19
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Май 2024  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » Автоматтандыру

    Химияның қоғамдағы рөлі

    Химия ғылымының негізгі мәселелері

    Химияның негізгі даму кезеңдері

      ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 2359 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректік заттардың күрделі қосылыстарын денеге жеңіл сіңетін қарапайым қосылыстарға айналуын қамтамасыз ететін физиологиялық процестер жиынтығын айтады.

    Адам мен жануарлар ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, тік ішекпен бітеді де, ұзына бойынша бірнеше рет кеңейіп-тарылып отырады. Ішкі жағынан ас қорыту жолы кілегей қабықпен қапталып, онда ас қорыту бездерінің өзектері ашылады. Әр без құрамы белгілі бір шекте өзтеріп отырады, өзіндік қасиеттері бар сөл бөлелд. Бұл сөлдердің құрамында ас қорыту процесін шапшаңдататын ерекше биологиялық катализаторлар — ферменттер болады.

    ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 1131 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Жапонияның экономикалық – географиялық жағдайы (ЭГЖ-ы) ең алдымен, былайша айқындалады: Еуразия құрылығы мен Тынық мұхиттың түйіскен жеріндегі және Азия – Тынық мұхиты аймағының дәл ортасындағы Жапония орналасқан аралдар тізбегінің (доғасының) ұзындығы 3,5 мың км-ге созылады. Бұл Жапонияның халықаралық географиялық еңбек бөлінісіне қатысуы үшін өте үлкен мүмкіндік береді.

    Жапония

    ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 585 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді де, бірінші топ үйдің сыртына шығып, екінші топ үйде қалады. Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады. Содан кейін сырттағы ойыншыларды бір‑бірлеп шақыра бастайды.

    Ойынның шарты бойынша, сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен өз есімі берілген ойыншыны табуы керек. Ал өз есімі берілген ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартпайды. Айып тартушылар көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады, би билейді, т.б. өнер көрсетеді. Келесі жолы екі топ орындары ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 410 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойынды жаздыгүні көгалда ойнауға болады. Ойнаушылардың саны он баладан көп болмағаны жөн. Ойынға ұзындығы сегіз‑он метр екі ұшы түйілген арқан керек. Арқанның тең ортасына белгі ретінде қызыл мата байланады. Ойынға қатысушылар бойына қарай бір қатар жасап тұрады да, ойын жүргізушінің тапсыруымен бір, екі… деп санап шығады. Содан кейін екі дегендері (жұп) бір жаққа, бір дегендері (тақ) екінші жаққа бөлінеді.

    Арқанның қызыл мата байлаған жерін күні бұрын еденге немесе жерге сызылған белгі сызықтың үстіне дәл келтіреді. Ал ойнаушылар арқанны ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 699 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойнаушылар дөңгелене шеңбер құрып тұрады. Бір ойыншы арқанның бір жақ ұшын ұстап, шеңбер ортасында отырады. Екінші ойыншы арқанның екінші ұшына таяқша байлап, шеңбер бойымен айналдырады. Ал балалар арқанды аяқтарының астынан секіре алмай ұстап қалса, сол бала ойыннан шығады да, көпшіліктің ұйғаруы бойынша, ортада өнер көрсетеді.

    Немесе былай да ойнауға болады: арқаннан секіре алмай қалған бала ойыннан шығып қалады, осылайша бір ойыншы қалғанға дейін арқанды айналдыра беруге болады, соңғы қалған бір ойыншы жеңімпаз атанады.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 508 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Бұл ойынды ойнау үшін он‑он бес бала тартқанда үзілмейтін арқан және үлкен адамның алақаны көлеміндей екі тақтай дайындалады. Ол тақтайлардың ортасы арқан өтетіндей етіп тесіледі. Содан кейін қар жентектеліп, аққалаға ұқсатылып үйіледі. Оның орта шені таяқпен тесіледі де, әлгі арқан өткізіледі. Содан тақтайшалар аққалаға екі‑үш қарыстай тақап әкелініп, арқан түйілетін болады.Тақтайшалар өздеріне қарай сырғып кетпейтіндей жағдайда болуы керек. Бәрі дайын болған соң, команда екі топқа бөлінеді де, екі жаққа ерсілі‑қарсылы тартыс басталады. Аққала қай топқа қарай құласа, жеңіс солардыкі болады.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 519 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Кешкі астан кейін мейманға ән салғызу, әңгіме‑ертегі, жұмбақ немесе жаңылтпаш айтқызу мақсатымен ұйымдастырылады. Әуелі үй иелері «ауылдың алты ауызын»  айтады да, онан соң «қонақ кәдесі» деп мейманның өнер көрсетуін сұрайды. Түк білмейтін қонақты айып ретінде мінгізетін керме арқан «Асау көк» деп аталады. Кермеге мінген қонақ әрі‑бері сүрінбей жүруі керрек.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 628 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Бұл ойында үш жіпті керіп ұстап тұрады. Біріншісі төмен, оны аттап өту керек, екіншісі биік, оны еңкейіп, үшіншісінен тағы да аттап өтуі керек. Әуелі бір ойыншыны алып келіп, осы жіптерден өткізіп жаттықтырып, содан соң көзін байлап, бір айналдырып қоя беру керек.  Ойын басқарушының белгісімен жіпті керіп ұстап тұрған адамдар жіпті алады да, ал ойыншы өзінше әрекеттеніп аттап жүреді.

    Ескерту: ойынды ұзаққа созу үшін үш‑төрт адамды басқа бөлмеге бөлек апарып қою керек.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 513 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойынды алты бала үш‑үштен бөлініп ойнайды. Бір бала сол қолымен өзінің оң білегін ұстайды. Қарама‑қарсы тұрған бала да сөйтеді. Содан кейін бос қолдарымен бірінің білегінен бірі ұстайды.

    Үшінші бала көз таңулы күйде екі баланың айқасқан қолына отырады. Қолдасып тұрған балалар: «атқаума, атқаума», ‑ деп қаумалап көтерген сайын мөлшерлі жерге дейін жүреді. Бір бала:

    ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 506 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойын жүргізуші ойыншыларды араларынан бір кісі өтетіндей етіп дөңгелете отырғызады да, ортаға шығып, өзі екі алақанын беттестіре ұстайды. Ойыншыларға да солай істеуді тапсырады. Содан кейін алақандарының арасындағы сақинаны ойыншылардың біріне тастау үшін айнала жүргізіп, бәрәне сақина тастаудың белгісін жасайды. Алайда ол сақинаны білдірмей біреуге ғана тастайды. Сақина жасырылған адам да оны басқаларға байқатпауға тырысады. Ойын басқарушы түгел айналып шыққан соң, ортаға келіп: «ақшамшығымды бер», ‑ деп дауыстайды. Сонда сақинаны алған ойыншы орнынан атып тұруы керек. Әрбір ойыншы оң жағында отырған көршісін бағады, сақинаның онда барын берсе, орнынан тұрып кетсе ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 573 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Бұл ойын екі топтық командалардыңижарысы ретінде де ойналады. Бұрын шыққан топ ойыннан ұтылған болады (жалғыз қалған ойыншыға сыйлық беруге болады). Ойын жүргізуші күні бұрын сызылған шеңбердің бойына үш жерге үш ойыншы тұрғызады, оларға бір‑бірден доп беріледі, бұлар – «аңшылар». Қалған балалар – «үйректер» шеңбердің ішінде орналасады. Ойын жүргізуші «тоқта!» деген кезде, үйректер бір орындарында қозғалмай тұра қалады. Осы кезде аңшылар қолдарындағы доптарымен үйректерді көздеп ұра бастайды. Үйректер доптан бұлтара қашып, оны өздеріне тигізбеуге тырысады. Ойын үйректердің бәрі ойыннан шыққанша созылады да, келесі ойында үйректер ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 503 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойнаушылар екі топқа тең бөлінеді. Бірі – «үйректер» шеңбердің ішінде қалады да, екіншісі – «аңшылар» ‑ шеңбер бойымен қатарға тұрады. Аңшылардың мақсаты – доппен үйректерді көздеп ұрып, ойыннан шығару. Ойын жүргізушінің белгісі бойынша аңшылар доп лақтырып, үйректі атып ала бастайды. Доп тиген үйрек ойыннан шығарылады. Ойынды белгіленген уақыт мөлшеріне дейін ойнауға болады. Ол үшін уақыт екі жаққа да тең белгіленеді. Берілген уақыт өткеннен кейін, аңшылар мен үйректер орындарын ауыстырады. Ойынның соңында белгіленген уақыт аралығында үйректі көп атып алған аңшылар тобы ұтқан болып есептелінеді.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 580 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Бұл ойынды жылдың қай мезгілінде болса да ойнауға болады (жазда доппен, қыста қармен). Ойынға жиналғандар екі топқа бөлінеді. Аңшылардың саны қояндардан екі есе аз болады.

    Екі жерде бір‑бірінен қашықтығы елу‑жүз адымдай шеңбер сызылады. Қояндар сол екі шеңбердің біріне – «інге» орналасады. Шеңбер шетінде тұрған аңшылар қояндардың інін тықырлатып сыза бастайды (жерді аяқтарымен түрткілейді). Сол кезде қояндар өз інінен шығып, екінші інге –шеңбңрге қарай қашады. Осы кезде аңшылар қояндарды ата бастайды. Екінші шеңберге жетк ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 645 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Бұл ойынды кең бөлмелерде ойнауға болады. Ойынға қатысатын балалар қаз‑қатар отырады. Ойын бастаушы жұрт алдына шығып, әңгіме айта бастайды. Ойынның шарты төмендегідей болады. Ойын бастаушы балалардың қосылып айтылуына болатын сөз айтса, олар «біз де» деп жауап бірге жауап беруі керек те, қосылуға болмайтын сөз айтса, үндемеулері керек. «Біз де» сөзін айтып қалса, онда айып тартатын болады. Ән салып, не тақпақ айтып, не би билеп береді.

    Ойын бастаушы: мен көлге барамын.

    ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 549 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойыншылар қол ұстасып дөңгелене шеңбер жасап орналасады. Көзі байлаулы бір ойыншы шеңбердің ортасында тұрады да, қолындағы таяғын шеңбер бойында тұрған ойыншылардың кез‑келгеніне ұсынып: «Дауыста, атыңды айтам», ‑ дейді. Таяқтың екінші ұшынан ұстаған ойыншы атын біліп қоймас үшін әдейі даусын бұзып шығарады. (Ойыншылар белгілі бір бағытпен үнемі қозғалыста болады.) Көзі байланған ойыншы бірінші таяқ ұсынған ойыншының атын дұрыс тапса, сол ойыншымен орын ауыстырады. Таба алмаса, таяғын екінші ойыншыға ұсынады, оны таба алмаса, келесіге ұсынады, осылайша үш ойыншының атын анықтай алмаса, ойыннан шығып қалады.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 589 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойнаушылар екі‑екіден отырады да, бір ойыншы жалғыз қалдырылады. Ойын жүргізушінің мақсаты – сыңар қалған ойыншыға көрші іздеу.

    Ойын жүргізуші: «Саған кімнің көршісі керек?» ‑ деп сұрайды. Сыңар ойыншы: «Маған Ақылбектің көршісі керек», ‑ деп жауап береді. «Көршіңмен аразбысын, әлде татумысың?» ‑ деп сұрайды. Егер ол аразбын десе, сыңар ойыншыға келіп көрші болады. Татумын десе тату болғаны үшін, яғни көршісін бермегені үшін жаза тартады. Сыңар ойыншының ұйғаруымен көпшілік алдында өнер көрсетеді. Ал сың ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 472 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойнаушылар ойын басқарушының айтуымен тізелерін тез көтеріп, аяқтарының басын түйістіріп дөңгелене отырады (тізелерінің астында орамал өтетіндей орын болу керек). Сонда олардың аяқтарының түйіскен жерінде бір кісі отырғандай бос орын қалады. Осы орынға басқарушы отырады. Осы кезде қолында орамалы бар ойыншы ортадағы отырған ойын басқарушыны жонынан тартыпқалып, тез тізесінің астына тыға қойып, «әне кетті моданақ, міне кетті моданақ» деп өлеңдетеді.Барлығы осы өлеңді хормен айтады. Ал ойыншылардың қолдары үнемі тізелерінің астында болады, себебі орамалды тізелерінің астынан шеңбер бойымен біріне‑бірі беріп, жылжытып ойын жүргізушіге білдірмеуге тырысады. Ал ойын жүргізуш ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 515 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    «Нөмір» ойынын ойнайтындар алқа‑қотан отырады. Ойын басқарушы ортаға шығып, барлық адамдарға нөмір береді. Ойынға қатысушы әрбір адам кімнің қандай нөмір болып белгіленгендігін байқап отыруы керек. Сонымен қатар ол өз нөмірін әбден жаттап алуға тиіс. Ойын басқарушы барлық адамдарды нөмірлеп болғаннан кейін, ойыншының біреуінің нөмірін айтады. Аты аталған ойыншы тез орнынан тұрып, басқа біреудің нөмірін айтады да, қайтадан өз орнынан тұрып, басқа біреудің нөмірін айтады да, қайтадан өз орнына отырады. Ойын осылай созыла береді. Егер кімде­‑кім өз нөмірі аталғанда тез орнынан тұра алмаса немесе есінде сақтай алмай қалған болса, онда жазаланады. Ол басқарушының үкімі бойынша өз жазасын би билеп өтегеннен кейін, басқа біреудің нөмірін атап, қайта орны ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 485 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Орамал тастау (бірінші түрі)

    «Орамал тастау» ойынына қатынасушылар араласа шеңбер құрып отырады. Ойын бастаушының қолындағы орамал шиыршықталған, ұруға ыңғайлы болады. Ойнаушылар ән немесе әңгіме айтып отырғанда, бастаушы оларды сырттарынан айналып, біреуді белгілеп, оның артына орамалын тастап кетеді. Егер қайта айналып келгенде, әлгі адам өзінің сырт жағындағы орамалды байқамаса, басқарушы оны орамалмен ұрғылайды. Ал егер отырған адам өзінің сыртына орамал түскенін байқаса, бастаушыны қууға тиіс. Ойыншыдан қашып жүрген бастаушы бос ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 1137 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Алаңнын ортасынан арлығы қырық‑елу см сызық сызылады. Бұл қасқыр жатқан ор. Қалған ойыншылар қозы, лақ болады да, сол сызықтың бір жағында жайылып жүреді. Мұғалімнің ескерткі бойынша қозы, лақтар ордың екінші жағына өтуі керек. Ал қасқырлар өтіп бара жатқандарды ұстауға тырсады. Қолға түскен немесе секіріп үлгермеген қозы, лақтар қайтадан жүгіреді. Қолға түскен қозы, лақтардың саны қасқырлармен бірдей болғанда, ойын тоқтатылады. Ойынның басында қасқырлардың саны қозы, лақтардан екі есе аз болады.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 768 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Екі жұп (екі жігіт, екі қыз) арқасын түйістіріп қойған екі орындықты айналып музыканың сүйемелдеуімен вальс билейді. Музыка кілт тоқтағанда, тұрған орындыққа отырып үлгеру керек, орын алмай бос қалған екі адам айып төлейді, яғни өнер көрсетіп, ән санлады, өлең оқиды.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 536 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Бұл ойында екі орындықтың арасында бір орындық сыятындай етіп қойып, үстерін жапқышпен жауып, бір орынды сездірмеу керек. Екі орындыққа екі қыз отырады да, ортасы бос тұрады. Ойын басқарушы бір жігіттің көзін таңып, басқа бөлмеден алып келіп, отырған екі қыздың қолдарынан ұстатады да, екеуінің ортасына отырып, қай қай таңдағанның бетінен сүй дейді. Көзібайлаулы жігіт екі қыздың ортасына отыра бергенде, екеуі тұрып кетіп, бос жамылғының үстіне отырған жігіт құлап түседі. Жұрт күлкіге батады. Ойынның шарты: ойын басталмас бұрын үш‑төрт жігітті басқа бір бөлмеге алып кету керек, өйткені ойынның тәртібін білгеен адам енді қайтып ойынға шықпауы мүмкін.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 557 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Бұл ойында ромбик тәрізді нөмірлер жазып, келген жұртқа үлестіреді. Бір адам хат тасушы болады. Адамдар бір‑біріне нөмір арқылы хэат жасысады. Ойынның мақсаты – көпшілікті зеріктірмеу, бір‑бірімен таныстыру. Бұл ойын тойдың басынан аяғына дейін жүреді.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 484 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Көпшілік қатысады. Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамдыортаға алып шығады. Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай, кідірмей аттап жүріп айтып шығу керек. Тоқтамай, қателеспей айтып шықса, жүлде алады. Егер қателессе, ойыннан шығады. Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10 өзеннің атын атау керек.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 513 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерінен көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен; «сақинам кімде?» ‑ деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 586 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойынды өткізу үшін басқарушы және сақина іздейтін кезекші белгіленеді. Қалған ойыншылар дөңгелене отырады. Ойыншылар тізелерінен көтеріп, оның үстіне алақандарын ашып қояды. Ойын жүргізуші қолына сақина алып, әр ойыншының қолына кіргізіп, сақинаны бірінде қалдырады. Басқарушы жұмулы қолын әрбір ойыншының қолына салысымен, алақанын жаба қалады. Сақина жасырылғаннан кейін, ойын жүргізуші өз қалауынша ойыншының бірінен; «сақинам кімде?» ‑ деп сұрайды, осы кезде барлық ойыншы тынышталады. Кезекші сақинаның кімде екенін тапса, онымен орын ауыстырады, ал егер таба алмаса, өлең айтып, би билеп, т.б. өнер көрсетеді де, өз қызметін қайтадан атқарады.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 524 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойнаушылар дөңгелене тұра қалып, орталарына орамалмен көзін байлап «соқыртекені» шығарады. Шеңбер бойынша тұрған ойыншылар білдірмей барып, «соқыртекені» түрткілей бастайды. Осы кезде ол түрткен ойыншыны ұстап алып, атын айтуы керек (ұстай алмаса да, дауыстап атын айтуы шарт). Осылай ойнап жүргенде «соқыртеке» тыныш тұрған ойыншыны да ұстап алып, атын айтуы мүмкін.Онда ұсталған ойыншыны көзін байлап ортаға шығады да, «соқыртеке» болады, сондықтан олар орнында тұрмай үнемі қашып жүруі керек. «Соқыртекенің» қолына түскен бала орын ауыстырады. Мүмкіндігінше, ойнаушылар шеңберден шықпағаны жөн.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 487 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Қыз‑жігіттер сап түзеп тұрады. Ойын оңна солға не, солдан оңға қарай бір ыңғайда жүреді. Ойын басқарушы бірінші тұрған адамға құлағына сыбырлап, сөз не сөйлем айтады, ол келесі көршісіне сыбырлап естіген сөзін жеткізеді, осылайша соңғы адамға дейін жалғасады. Ал енді ойын басқарушы соңғы адамнан бастап сұрайды. Мүмкін соны қате естіп, өзгерткен адам айып өтейді. Айып әр түрлі: ән салу, би билеу, өлең оқу, сол сияқтылар.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 668 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Бұл ойында открыткаларды түрлі формамен екәге бөліп қияды да, араластырып, ойын басқарушы көпшілікке таратып береді. Ойынның шарты: әркім өз қолындағы открытка қиындысын екінші бөлігін іздейді, ол адамды тапқан соң, екеуі бірігіп өлең айтады, ия би билейді.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 613 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Шеңберде тұрған ойыншылардың бәрі ортаға шығып көзін байлайды да, ойын басқарушы болады. Ал қалғаны:

    «Секір‑секір» деген кім,

    білгіш болсаң таба ғой.

    ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 577 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Екі‑екіден қарама‑қарсы үш‑төрт метр жерге төрт орындық қойылады. Сол орындықтың екеуінің үстіне бес‑бестен қасық қойылады. Ойын бастаушы екі адамды ортаға шақырып, ойынның шартын түсіндіреді. Шарт: бес қасықты әрқайсысы өз орындарының қарсысында тұрған бос орындыққа бір‑бірлеп көшіруі керек. Ол үшін екі ойыншының көзін таңып қояды. Әр ойыншы өз қасығын өзіне тиісті орындыққа көшіру керек, егер қарсыласының орындығына қойса, онда шатысқаны. Шатаспай бұрын көшірген адамға сыйлық беріледі.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 524 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Бұл ойында 2 жерге ыдысқа су құйып қояды, сол суды қарсы бетке қойылған бос кесеге қасықтап 2 адам тасиды. Бұнда команда құрып ойнайды, әр командада үш адам болады.

    Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей‑шашпай, тез тасуы керек, қай команда жеңіске жетсе, жүлдеге сол ие болады.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 491 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойнаушылар кезекпенен өздері тұрған жерден он шақты адым жердегі жарқабақ етіп соғылған қарға қолдарындағы таяқтарын лақтырады. Лақтырылған таяқ жарқабақ қардан өткен жағының ұзын‑қысқалығына қарай жеңімпаздың кім екені анықталады. Ойынды бірнеше рет қайталауға болады.

    Ойын қайтадан ойналатын болғандықтан, кезек күтіп көп уақыт жібермеу үшін ойнаушылардың саны үш‑бестен артпағаны жөн. Оқушылар көп болған жағдайда екі‑үш топқа бөлініп ойнау керек. Қарға лақтырылған таяқтың орнын мектеп оқушыларына арналған найзаны (копье) пайдалануға болады.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 478 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    «Тымпи‑тымпи» ойынын бастаушы дөңгеленіп отырған жұрттың ортасына шығып: «Тым‑тырыс, тымпи‑тымпи», ‑ дейді. Осы сәтте қалған адамдар үндемеуге тиіс. Ортаға шыққан адам әр түрлі әзіл, сықақ, қызықты әңгімелер айтып отырғандарды күлдіруге тырысады. Белгілі уақытқа дейін өзінің осындай «өнерімен» ешкімді күлдіре алмаса, жеке адамның жанына барып, соны күлдіруге күш салады. Әзіл‑сықақтары әлсіз, әсерсіз болса, аузы‑мұрнын қисайтып, түрлі қолапайсыз қимылдар жасап күлдіруге әрекет етеді. Осы сәтте әлгі ойыншы үн шығармауға, ортадағы адамның сұрауына жауап бермеуге тырысады. Ал сөйлеп, күліп қойса айыпкер саналады. Айыбы үшін өлең айтып, би билейд ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 599 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді. Екі топтан бір‑бір ойыншы шығады да, теріс қарап тұрып қолдарын айқастырып тұрып көпір жасайды. Бірінші топтың ойыншылары тізбекке тұрып бір‑бірлеп, «алал‑ай, бұлал‑ай» деп әндетіп, көпірдің астынан өте бастайды. Осы кезде екінші топтың ойыншылары бірінші топтың ойыншыларын, көпірдің түбінде кездестіріп, әрқайсысы көпірден өте бергенде, бір‑бір тастан немесе бас киімнен ұстатады да, оның белгіленген атын айтуды өтінеді.Ондағы заттың аты жаңағы өздері айтып келе жатқан әуен алал‑ай, бұлал‑айдың біреуі. Егер заттың атын тапса, көпірден өтіп кете береді, ал таба алмаса, ойын жүргізуші оның көзін байлап қолға түскен тұтқын ретінде қарсылас ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 478 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Екі ойыншы күні бұрын дайындаған тұйық жіпті белгілі‑бір жүйеленген тәртіппен бірінің қолынан бірі алады. Бірінші кезек алған ойыншының әлгі жіпті екі қолына, екі қолдың ортаңғы саусақтарымен шалманы іліп алғанда «ыңғыршақ» пайда болады.  Екінші адам бас бармақ және сұқ қолмен ыңғыршақтың екі жақ керегесінен үстінен астына қарай алғанда – «шаңырақ», төртіншіде – «астауша» шығады. Бесіншіде «кереге» қайталанады, алтыншыда «шынтақ» болып қайталана береді.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 471 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізуші орамалды иығына салып алып, ойнаушылардың артында жүреді де, кез келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді. Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» деп, арқасынан тартып қалады. Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруымен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады. Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді. Ойынның қызықты болуы ойыншылардың санына байланысты.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 516 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойнаушылар үлкен шеңбердің қатарына тұрады. Шеңбердің ортасына «Қамал», яғни мосы немесе орындық қояды да, бір ойыншы қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса допты қамалға тигізбеуге тырысады. Кімде‑кім допты қамалға (орындыққа) тигізсе, сол бала қорғаушымен орнын алмастырады. Ойын осылайша жалғаса береді.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 486 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    «Қарагие» жас балалар арасында көп тараған ойындардың бірі. Ойын көгалды жер, алаңдарда ойналады. Ойынға ер балалар қатысады. Әр ойыншының қарағайдан немесе қайынан жаңылған 2‑2,5 метр бір басы үшкір сырықтары болады. Егер сырықтары жас ағаштан жасалған болса, үшкір жағын отқа ұстап кептіріп алу керек, сонда мұқалмайды.

    Ойын жүргізуші көмбеден 15‑20 метр жерге апарып жалауша тігеді. Ойынның мақсаты ‑ әрбір ойыншы белгіленген қашықтықтан өзінің таяғымен жалаушаны көздеу. Ойын жүргізушінің өзіне де ойнауға болады. Осылайша қай ойыншы ж ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 477 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойын басталмас бұрын, оның ережесі түсіндіріледі. Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойнаушыларға бірден: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза!» ‑ дейді. Ойын тәртібі бойынша сәлем алушы: «Уағалейкумассалам, бірінші Қарамырза!» ‑ деп жауап беруі керек, егер байқамай, «уағалейкумассалам» деп жауап қайтарса, онда сәлем алушы ұтылады.

    Осылайша қатар отырған ойнаушылар бірін‑бірі аңдып шатыстыруға тырысады. Ол амандасқан сайын «қарамырзалардың» саны екінші, үшінші, төртінші болып арта береді, сәлем алушы сол ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 514 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    «Қассың ба, доссың ба?» ойыны тойларда ойналады. Бұл ойын бойынша қыздар мен жігіттер аралас отырады.  Әрбір жұп көрші болып есептелінеді. Ойынды бастаушы:

    ‑ Көршіңмен қассың ба, доссың ба?‑ деп сұрайды. Егер сұраған адамнан «доспыз» деген жауап естісе:

    ‑ Ендеше достығынды көрсет, ‑ дейді. Сонд ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 494 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойынға қатысушылардың ішінен екі ойыншы ортаға шығады да, біріне‑бірі арқаларын тіреп тұрып құшақтасады. Ойын жүргізуші белгі берген кезде екеуі алға еңкейіп, бірін‑бірі жерден көтеріп алудың қамын ойлайды. Жерден қайсысы бұрын көтеріп алса, сол ұтқан болып есептелінеді. Енді ұтқан ойыншы орнында қалады да, ұтылған ойыншының орнына кезек күтіп тұрған келесі ойыншы шығады. Ойын осылай біреуі жеңімпаз атанғанша жалғаса береді. Жеңісті көп алған ойыншы жеңімпаз атанады.

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 462 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойын бастаушы айнала отырған ойыншыларды жаңылыстыру үшін тез‑тез ұшатын және ұшпайтын заттарды араластыра айтып отырады. Шарт бойынша, тек ұшатын зат аталғанда ғана ойнаушылар қолдарын көтеру керек. Ал егер кімде‑кім ұшпайтын зат аталғанда қолын көтеріп қойса, айыбын тартып, не өлең айтып береді, не би билейді, не басқа бір өнер көрсетеді. Ойын осылай жалғаса береді.

    Ұшты, ұшты ‑ тарғақ ұшты (ұшады).

    ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 555 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Ойнаушылар дөңгелене отырады. Әркім өзіне бір әріпті: А. Б. В. Г. Д. Е немесе тағы басқа әріпті таңдап алады. Ойын басқарушы:

    -         Сен қандай әріпті алдың?

    —         А.

    ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 505 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    «Қазақстан темір жолы» АҚ жаңа жылдан бастап темір жол тарифін 15 пайызға көтереді. Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі хабарлап отыр.

    “2012 жылдың 1 қаңтарынан магистарлдық жол желілері қызметін 10 пайызға, жалпы темір жол тарифтерін 15 пайызға көтеру жоспарлануда», делінген ҚТЖ –інің хабарламасында. Жаңа тариф «Қазақстанның транспорттық инфрақұрылымын дамыту 2010-2014 бағдарламасы» негізінде көтерілмек. Бұл құжатта темір жолдың әлеуетін арттыру үшін жыл сайын темір жол тарифтерін 15 пайызға көтеру қарастырылға ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 449 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Несие — ақша сияқты тарихи экономикалық дәреже болып табылады. Ол экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде болады. Алғашқы несие табиғи түрде (астық,мал, еңбек құралдары және т .б ) қоғамның дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауарақша қатынастарының дамуымен несие ақша түріне көшті.  Ақшалай қаражаттың уақытша босатылуы және оларға деген қажеттілік тек материалдық өндіріс  саласы мен айналымда ғана туындамайды. Ол мемлекетте, бюджеттік және қоғамдық ұйымдарда, сондай-ақ халықа да болуы мүмкін.Қаражатқа деген қажеттілік пен оның босатылуы арасында туындаған қарама-қайшылық шаруашылық жүргізуші субъектілердің қалыпты ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 607 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Әкімшілік құқық – бұл қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттеуге арналған ҚР құқықтық жүйесінің саласы. Олардың басты ерекшелігі олар Әкімшілік құқықтың пәні — бұл мемлекеттік басқару сферасында туындайтын, дамитын және тоқтатылатын қоғамдық қатынастар.

    Әкімшілік құқықтың пәніне мына қатынастарды жатқызуға болады:

    1) Атқарушы билік органдарының ұйымы байланысты;

    ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 713 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Қазақстан территориясындағы салық пен салық салу дамуының өзіндік, спецификалық теориясы бар. Бұл Карл Маркстың, көшпелі тайпалар мен халықтардың отырықшыларға қарағанда меншік, айырбас және ақша қатынасы ерте дамиды деген белгілі ережесімен байлынысты.

    Жеке меншіктің пайда болуы мен жерді жеке меншікке иеленудің қалыптасуы туралы б. Э, д. 1 мыңжылдықтан сақталған материалдық (қабір, тиындар) және жазбаша түрдегі мәліметтер бар.

    ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 946 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    Лейбористер сайлаушыларға әлеуметтік салада реформалардың кең бағдарламасын ұсынды. Бұл бағдарлама «Болашаққа бетбұрыс» деп аталды. Консервативтік партияның айқын бағдарламасы болмады, олар тек Черчильдің беделіне арқа тұтты. Олар өмір сүру жағдайларын жақсартуды көксеген ағылшындардың көңіл-күйін ескермеді, сөйтіп, қатты жуңіліс тапты. Лейбористер қауымдар палатасындағы орындарды үштен екісіне ие болды.

    ... Читать дальше »

    Категория: Автоматтандыру | Просмотров: 867 | Добавил: nurphone | Дата: 09.11.2014 | Комментарии (0)

    1 2 »
    Made by Nurphone © 2024