Воскресенье, 19.05.2024, 07:38
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 15 » Босния және Герцеговина
    08:38
    Босния және Герцеговина

    Босния және Герцеговина — (түр. Bosna-Hersek (Босна-Херсек)), боснаша, сырыбша және хыруатша атауы — Bosna i Hercegovina (Босна и Херцеговина) — Еуропадағы Балқан түбегінде орналасқан ел.
    Босния мен Герцеговина -— Балкан түбегінің орталығында, негізінен, Динар таулы қыратын алып жатқан мемлекет. Жерінің аум. 51 мың км2. Халқы 4,4 млн. Халқының 31,4%-і — сырыбтар, 17,3%-і — хорваттар, қалғандары албан, түрік және т.б. ұлттар өкілдері. Астанасы — Сараево қаласы. Ресми тілдері: босния, сырыб, хорват тілдері. Тұрғындарының көпшілігі мұсылмандар, бұған қоса православие және католик дініндегілер де тұрады. Париж бейбіт келісімі бойынша Б. мен Г-ны 3 адамнан тұратын Президиум басқарады. Заң шығарушы орган — Парламент ассамблеясы, үкіметті Министрлер кеңесі басқарады.

    Мазмұны

    • 1 Әкімшілік бөлінуі
    • 2 Географиялық мәліметтер
    • 3 Тарих
    • 4 Пайдаланылған әдебиет

    Әкімшілік бөлінуі

    Босния және Герцеговина — екі энтитеттен және бір дистрикттен құрастырылған федеративтік мемлекет. Энтиттері — Српска республикасы және Босния-Герцеговина федерациясы (БиХ федерациясы). Српска республикасы Босния және Герцеговинаның — 49% жерін алады, Босния-Герцеговина федерациясы мемлекеттің 51% жерін алады. Жалғыз дистрикттің атауы — Брчко. БиХ федерациясы он кантонға бөлінеді:

    • Унско-сански кантон
    • Посавски кантон
    • Тузлански кантон
    • Зеничко-добојски кантон
    • Босанско-подрињски кантон
    • Средњобосански кантон
    • Херцеговачко-неретвански кантон
    • Западнохерцеговачки кантон
    • Кантон Сарајево
    • Западнобосански кантон

    Географиялық мәліметтер

    Босния мен Герцеговинаның жер бедері таулы. Климаты жерортатеңіздік, континенттік. Қаңтар айының көп жылдық орташа темп-расы –1 — 3°С, шілдеде 20°С. Жылдық орташа жауын-шашын мөлш. 400 — 600 мм. Тау аңғарларымен өзен арналарында емен, шырша, қайың аралас орман өскен. Кен байлықтары: темір, қорғасын, мырыш, боксит және т.б.

    Тарих

    Қазіргі Босния мен Герцеговинаның жерін 6 — 7 ғасырларда славяндар қоныстана бастады. Олар 7 — 14 ғасырларда алдымен князьдікке, кейіннен корольдікке бірікті. 15 ғасырдан бастап Осман сұлтандығына бағынды. Ал 1878 ж. Австрия — Венгрияның қол астына өтті. 1-дүниежүзілік соғыстан кейін, 1918 жылдан бастап Югославия корольдігінің қол астына көшті. 1941 ж. елді Германия басып алып, “тәуелсіз Хорват үкіметінің” басқаруына берді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейін Югославияның құрамына одақтас 6 республиканың бірі ретінде кірді. 1990 ж. қараша айында Босния мен Герцеговинаның республикасында 1-ші рет көппартиялық сайлау өтті. Нәтижесінде республика тұрғындары мұсылман, серб, хорват болып 3-ке бөлініп, өзара қақтығыстар орын алды. 1992 ж. сәуір айында мұсылмандар мен хорваттар елдің тәуелсіздігін жариялады да, БҰҰ-ның құрамына кірді. Бұған серб тұрғындары көнбей, екі жақ ортасында қарулы қақтығыстар басталып, соғыс 1995 жылдың қыркүйек айына дейін созылды. АҚШ, Ресей және Еуропа Одағы елдерінің араласуымен 1995 ж. 14 желтоқсанда Босния мен Герцеговинаның, Югославия, Хорватия өзара бейбіт келісімге қол қойды. Елде металлургия, машина жасау, химия, көмір өндірістері жақсы дамыған.

     

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 667 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024