Воскресенье, 19.05.2024, 10:39
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 19 » Андорра Княздігі
    18:13
    Андорра Княздігі

    Андорра, Андорра княздігі — Еуропадағы шағын мемлекет. Франция мен Испания аралығында, Шығыс Пиреней аумағында орналасқан. Жер көлемі 465 км2, халқы — 65 мыңнан астам (1993), олардың ішінде байырғы халқының (андорралықтар) саны — 19 мың шамасында, қалғандары — португалдықтар, испандықтар, француздар. Ұлттық мейрамы — 8 қыркүйек, Богородица Меритксельская күні (Андорраның желеп-жебеушісі). 1993 ж. 14 наурызда өткен референдумда мақұлданған елдің жаңа Конституциясы бойынша Андорра парламенттік княздік болып табылады. 1278 жылдан бері Урхель епископы (Сеу-де-Урхель қаласы, Испания) мен Франция президентінің тарихи қалыптасқан қос басшылығы сақталған. Олар — Андорр тәуелсіздігінің, Испания және Франциямен достық қарым-қатынасының кепілі. Өкіметтің заң шығарушы органы — бір палаталы Бас Кеңес (1419 жылдан бері жұмыс істейді), ол үкімет қызметіне бақылау жасайды және мемл. бюджетті бекітеді, парламент төрағасын және оның орынбасарларын, үкімет басшысын сайлайды. 1981 ж. жүргізілген “институттар реформасы” бойынша құрамында 8 министрі бар Атқару кеңесі (үкімет) құрылып, оған елдің ішкі және сыртқы саясатына басшылық ету жүктелді. Бас кеңесте 5 саяси партия өкілдері бар. Андорра жөніндегі алғашқы мәліметтер 778 ж. арабтардан жеңілген вестготтардың Сеу-де-Урхель қ-н тастап, Пиренейдің биік шатқалдарына барып паналауын сипаттайтын жазбалар да кездеседі. Император Ұлы Карл арабтардың әрі қарай ілгерілеуін тоқтатып, Андорраны Урхель епископының қарамағына береді. Орта ғ-ларда Андорра Урхель епископы мен граф де Фуаның иелігі болды. Кейін граф де Фуаның бұл құқы француз корольдеріне ауысты. 1993 ж. дейін Андорра Франция мен Испанияның протектораты ретінде саналған княздік болды. Жалпыға бірдей сайлау құқы ерлер үшін 1933 ж., әйелдер үшін 1970 ж. енгізілді. Жаңа Конституцияның Андорраның мемлекеттік құрылысы жөніндегі баптарына 1993 жылғы 1 маусымда өзгерістер енгізілді, Испания Корольдігі, Француз Республикасы және Андорра княздігі арасында шарт жасалып, Андорраның жаңа тәуелсіз мәртебесі тиянақталды. Андорра 1993 ж. БҰҰ-на, 1994 ж. Еуропа Кеңесіне, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ-ке мүше болып қабылданды. 1996 ж. шілдеде Андорра Ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа ресми түрде қосылды. Халқының негізгі табыс көзі (1993 ж. жан басына 15411 АҚШ долларынан келді) — сауда мен шетелдік туризм (жылына 12 млн-ға дейін адам келіп кетеді), экономикасының маңызды саласы — темекі өсіру және өңдеу. Жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бар. Таулы өңірлерінде мал ш-мен айналысады. Тегін және міндетті бастауыш білім беру енгізілген. Елдегі сауаттылық деңгейі 100%-ке жуық.

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 671 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024