Воскресенье, 19.05.2024, 08:27
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 15 » Гвинея-Бисау
    08:32
    Гвинея-Бисау

    Гвинея-бисау, Гвинея-Бисау Республикасы — Африканың батыс жағалауында орналасқан мемлекет. Жер аум. 36,1 мың км2. Халқы 1,1 млн. (1996). Оның 80%-і банту тілінде сөйлейтін баланта, фула, мандьяк, мандинка, т.б. халықтар. Астанасы — Бисау қ. (160 мың). Ресми тілі — португал тілі. Тұрғындарының 60%-ке жуығы пұтқа табынушылар, 35%-і мұсылмандар, қалғандары христиандар. Елді президент басқарады. Заң шығарушы органы — Ұлттық халық жиналысы. Жері, негізінен, жазық дала, мұхит жағалаулары сазды батпақ болып келеді. Климаты экваторлық-муссондық. Жазы жаңбырлы, қараша айындағы орташа темп-ра 24С, ал шілде айында 26С. Мәңгі жасыл ормандар мен саванналарда жан-жануарлар мен өсімдіктердің өте көп түрлері кездеседі, аса құнды ағаштар да бар. Ежелгі тарихы әлі көп зерттелмеген. 9 — 15 ғ-лар аралығында Гана, Мали мемлекеттеріне бағынған. 1446 жылдан бастап елге португал отаршылары келе бастады. Олар біртіндеп қамалдар мен сауда орындарын ашып, құл саудасымен айналысты. 17 — 20 ғ-ларда жергілікті халық дүркін-дүркін көтеріліс жасап, отаршыларға қатты қарсылық көрсетті. 2-дүниежүз. соғыстан кейін елде ұлт-азаттық қозғалыс қайтадан күшейді. Үкімет 1951 ж. елге “теңіздің арғы бетіндегі провинция” статусын берді. Бірақ азаттық қозғалысы басылу орнына одан әрі өрши түсті. 1963 ж. елде қарулы көтеріліс басталып, кейіннен партизан қозғалысы өрістеді. 1973 ж. 24 қыркүйекте Гаусс -Б-дның тәуелсіздігі жарияланды. Келесі жылы Португалия өз әскерлерін елден алып кетуге мәжбүр болды. Банкілер, ірі компаниялар, сыртқы сауда, табиғи қорлар мемлекет меншігіне алынды. Жұмыссыздықтың көбеюі, азық-түліктің жетіспеушілігі салдарынан 1980 ж. әскери төңкеріс орын алды. Қазір елге біртіндеп шет ел капиталы қайтадан ене бастады. Гаусс -Б. артта қалған елдер қатарына жатады. Бір адамға шаққанда жалпы ұлттық өнім 300 долларға жетер-жетпес. Халықтың 80%-і а. ш-нда жұмыс істейді. Негізінен, дәнді дақылдар өсіріледі. Өнеркәсіпте, негізінен, ұсақ кәсіпорындар, соңғы кезде балық аулау жақсы дамып келеді. Экономикасының 90%-ке жуығын шетелдіктер қаржыландырады. Негізгі сауда серіктестері: Португалия, Испания, Франция, Швеция, АҚШ] және Сенегал.

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 440 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024