Воскресенье, 19.05.2024, 09:24
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 20 » Жер кадастрының түрлері
    19:28
    Жер кадастрының түрлері

    Жер кадастрлік құжат текстік және жоспарлы – картографиялық болып бөлінеді. Текстік – кітап, ведомост, карточка, тізім, түсіндірме жазулар түрінде болады. Жоспарлы-картографиялық құжаттар жер учаскелерінің сызба бейнелерін көрсетеді – жоспарлар, карталар, картограммалар. Жер кадастрінің басқа есепке алу түрлерінен айрықшылығы – оның тек жоспарлы-картографиялық негізде жүргізілуі. Кадастр үшін керек мәліметтер жоспарлы-картографиялық материалдарда сызба түрінде көрсетілген. Қазақстанда жер кадастрын жүргізу автоматтандырылған жүйеге салынып отыр, барлық мәліметтер компьютерлерге енгізіліп сақталады. Бұл ақпаратпен жұмыс істеу үшін арнайы бағдарламалар жасалынған. Картографиялық материалдар да компьютерлерге енгізіліп, электрондық жоспар-карта түрінде шығарылады.

    Кадастрлік құжат негізгі және қосымша деп бөлінеді. Негізгі құжат рәсімінің тізімін, сол құжаттарға кіретін мәліметтер құрамын Жер қорларын басқару Агенттігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсыныс жасайды. ҚР Үкіметінің «Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу тәртібі» туралы қаулысы бойынша негізгі жер-кадастрлік құжаттарына мыналар жатады:

    1)      Жер учаскесінің жер-кадастрлік ісі.

    2)      Ауданның   (қаланың) мемлекеттік  жер-кадастрлік кітабі.

    3)      Жер-кадастрлік картасы.

    Тиісті жазулардың заңды негізі ретінде құжаттар жерлердің барлық санаттары бойынша кадастрлік құжаттарды жүргізу тәртібін белгілейді. Ол құжаттар ҚР Үкіметінің қаулысы, атқарушы органдарының шешімдері.

    Жер кадастрында тағы арнайы есептік құжат жүргізіледі. Ол текстік құжатқа жатады. Оған қосымша картограммалар, диаграммалар, жоспарлы-картографиялық материалдар тіркеледі. Жер кадастрының әр сатысында –жер учаскесі, кәсіпорын, аудан, облыс, республикалық мәліметтер бойынша белгілі байланысы бар тиісті құжаттар толтырылады. Қосымша кадастрлік құжатта негізгі жер кадастрлік құжатта бар материалдарға қосымшалар және түсініктемелер келтіріледі. Мағлұматтарды алу және кадастрлік құжатты толтыру үшін алғашқы құжаттардың мәліметтері пайдаланылады. Оларға түсіру және зерттеу, жоспарларды түзеу материалдары, түгендеу, жерді үйлестіру, орманды үйлестіру, мелиорация және т.б. мәліметтер жатады. Жер кадастрының кейбір бөліктерін жүргізу үшін қажетті кадастрлік құжаттардың және материалдардың, жұмыстардың түрлері:

    Жер  учаскелерін тіркеу  –  заңдық және  нормативтік құжаттар,    жер    учаскелеріне    құқықтарды    рәсімдеу   және табыстау тәртібі,  құжаттардың рәсімі, жерлерді бөліп беру, шекараларды, аудандарды, алқап    құралдарын,     бөлінуі, ауыртпалықтарын және пайдаланудағы басқа шектеулерді анықтау, картографиялық жұмыстар;

    Жерлерді есепке алу – тіркеу мәліметтері, есепке алу, және  есеп   беру  құжаттары,   картографиялық  материалдар, бонитеттеу,   жерлерді  бағалау   мәліметтері,   жер  учаскелері, санаттары, алқап түрлері, құқық субъектілері бойынша есепкеалуды жүргізу;

    Жерлерді бағалау – жерлерді аймақтау, топырақтарды бонитеттеу, жерлерді бағалау әдістемесі, жерлерді есепке алу мәліметтері,   топырақтық   геоботаникалық   зерттеу,  ізденіс материалдары;

    Жер  кадастрының    автоматтандырылған    жүйесі  – компьютерлік техникамен қамтамасыз ету, жекешелеп оқыту, кадастрлық  жұмыстардың   барлық  түрлерін   бағдарламамен қамтасыз ету.

    1-кесте-Жер кадастрының құрамдық бөліктері

    Мемлекеттік жер кадастры
    Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі.
    Жер учаскелерін тіркеу, жерлерді есепке алу (сан және сапалық), жерлерді бағалау (топырақтарды бонитеттеу, жерлерді экономикалық және құндық бағалау)

    Кәзіргі жер кадастрына оның міндеттерінің күрделігі мен объектісінің айрықшалығына себептелген көп қызметтігі тән. Сондықтан Қазақстан Респубикасының мемлекеттік құрамын келесі өзара байланысты байламдарға бөлуге болады құқықтық, қаржылық, көп қызметтік.

    2-кесте-Казақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрының кұрамы және мазмұны

    Мемлекеттік жер кадастры (байламдар)

    Құқықтық Қаржылық Көп қызметтік
    Құқық белгілеудегі құжаттарды рәсімдеу; жер учаскелерін тіркеу;     учаскенің жоспарларын және құжаттарын    беру; сервитут, ауыртпалықтар, учаскені қайтып алу,  шығындарды өтеу Жерлерді бағалау; базалық аймақтау; сату-сатып алу мәмілелерді рәсімдеу; ипотека; кепілдікке беру; оларды рәсімдеу; салық салу; жалға  алу төлемі Жер учаскесін есепке алуды, есеп беруді жүргізу; жерлерді сапалық сипаттау; жер туралы мәліметтердің қосынды жүйесі (топырақ, өсімдік берер, экологиялық жағдай, кеңістік орналасуы).

    Қарап отырсақ, жер кадастрының құқықтық байламы негізін жер учаскелеріне құқықты куәліктейтін құжаттардың беру мен кейін тіркеу және жер құқығына қатысты барлық мәліметтерді тұрақты өзгертуді пайдалануда оның бөлінуін бөлінбеуін, шектеуін, сервитут сияқты ауыртпалықтарды анықтаудың да маңызы зор. Осы байламға құқықтық механизм қолданатын мемлекеттік мүддесіне жер учаскелерін бөліп беруді, алып қоюды келісімдеу немесе сот шешімі бойынша жүргізілетін жұмыстар мен әдістерді де жатқызуға болады. Жер кадастрынан қаржылық байламы жер үшін төлем ипотекалық кредиттеу, жер учаскелерін және жерді пайдалану құқығын сату мөлшерін анықтау үшін жүргізіледі.

    Жер кадастрының көп функциялық байламы жер учаскесін сипаттаушы мәліметтер жиынтығынан (құнарлық, топырақ және өсімдік жамылғысы, геоморфология, гидрология, орналасуы, экологиялық жағдайы және т.б.), жерлерді сан және сапалық есепке алудан кадастр ақпаратын жинауын, сақтауын, беруін (жер учаскелерінің, кварталдардың, аудандардың, қалалардың, облыстардың, Республиканың электрондық карталарымен қоса) қамтамасыз ететін автоматтандырылған жүйені жүргізуден, жер туралы есеп жасау және есеп беруден тұрады.

    Қазақстан Республикасында қалыптасып жатқан мемлекеттік жер кадастрының жаңа құрылымын біздің ұсынуымыз бойынша осылай сипаттау жер-кадастрлік жұмыстарының халықшаруашылық маңыздылығын, күрделілігін, қомақтылығын, сондай-ақ кадастрді мемлекет басшылығымен жүргізу қажеттігін әдістемелік тұрғыдан дұрыс көрсетуге мүмкіндік берді.

    Категория: Жер кадастрі | Просмотров: 1716 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024