Воскресенье, 19.05.2024, 09:24
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 20 » Жер кадастрының принциптері
    19:28
    Жер кадастрының принциптері

    Мемлекеттік жер кадастры құрылымының жаңа схемасы қазір Қазақстанда дамып келе жатқан жер кадастр жүйесі бұрынғы Кеңес жүйесіндегі жер кадастрынан түбегейлі басқа екендігін айқындайды. Оның ең басты ерекшелігі, айырмашылығы кадастрдің құқықтық және қаржылық байламдары мәндерінің, қызметтерінің өсуі. Бұл жағдай халық шаруашылығының барлық салаларына нарықтық қатынастардың енгізілуіне байланысты бір айырмашылық – жер кадастрының барлық байламдарында ғарыштық, аэротүсіру негізінде жер мониторингісін жүргізу, жер кадастрында автоматтандырылған ақпарат жүйесін қолдану, жетілген өлшеуші, талдаушы аспаптар, жаңа техникалық құралдар, технологиялар қолданып, барлық процестерді автоматтандыру.

    1)           Жер кадастрының негізгі принциптері;

    2)           Жүйесінің бірыңғайлылығы;

    3)           Мәліметтердің сенімділігі;

    4)           Мағлұматтардың толықтығы;

    5)           Үзіксіздігі;

    6)           Құжаттылығы;

    7)           Мәліметтердің  көрнектілігі, анықтылығы қолжетерлігі;

    8)           Үнемділігі;

    9)           Орталық мемлекеттік басқару.

    Жер кадастр жүйесінің бірыңғайлылығы. Ол бірыңғай жүйе бойынша бірыңғай әдістемелік негізде жүргізілді. Оның негізіне бірыңғай мемлекеттік жер қорын табиғи шаруашылық, құқықтық тұрғыда сипаттаушы ғылыми негізделінген көрсеткіштер алынады. Мұнда кадастр жүйесінде белгілі бір келісімдік болу керек. Біріншіден, оның құрамдық бөліктерінің мазмұнында және жүзеге асыруында екіншісі жер кадастрын қоюда мәліметтердің мазмұнында оның жеке звенолары (кәсіпорын, аудан, қала, облыс) мен оларды алу тәсілінде; үшіншіден жер кадастры құжаттарының төменгі звенодан бастап, жоғарыдан аяқталатын мазмұнында. Бірыңғайлылықта негізделе отыра, бұл жүйе жерлердің жай – күйіндегі және пайдаланудың аймақтық ерекшеліктерін айқындауы керек.

    Жер кадастры мәліметтерінің сенімділігі. Бұл олардың объективтілігіне тығыз қатысты, олар жер қорының нақты мөлшерлерін, үлестірілуін және сапалық жай-күйін дәл айқындауға байланысты. Жер кадастрында өндірістік мәселелерді және жерлерді пайдаланумен байланысты басқа да міндеттерді атқару үшін жерлердің табиғи, шаруашылықтық, құқықтық жай-күйлері туралы қажетті дәлділікті мағлұматтармен қамтамасыз ететін жер учаскелерін тіркеу, зерттеу, есепке алу, бағалау тәсілдерін қолдану керек. Жерлер жәй-күйіне, пайдалануына байланысты алқапта бойынша топтастырылады. Мәліметтердің дұрыстығы кадастрлік жерлердің нақтылы жер аудандарына, сапалық жай-күйлеріне, пайдалануына сәйкес болуы керек. Бұл талап жерлерді зерттеуде жетілген кәзіргі түсіру әдістерін қолданғанда ғана орындалады.

    Жер кадастры мағлұматтарының толықтығы. Жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлер туралы қажетті мәліметтердің барлық жиынтығымен айқындалады. Кадастрлік мағлұматтардың тәптіштеу дәрежесі және оның құжаттарының мазмұны жүргізу деңгейіне (аудан, облыс, республика) тәуелді. Жер қорының мөлшерлері, жай күйі, пайдалануы туралы дәл және толық мәліметтерді алу үшін барлық жерлер, олардың кадастр жүргізу кезінде нақты пайдаланылуы немесе біреуге табысталуына қарамай есепке алынылуы керек.

    Жер кадастрының үздіксіздігі. Мұнда жер қорының барлық өзгерістері кадастрлік құжаттарда есепке алынып жазылады. Өзгерістердің түріне байланысты бір мағлұматтар (есепке алу, тіркеу) жүйелі түрде көрсетіліп отырса, басқалары (бағалық) – оқтын-оқтын жаппай немесе таңдау тәртібімен жаңартылып отырады. Сөйтіп, кадастр мәліметтері кәзіргі деңгейде ұсталып, оны жүргізудің үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.

    Жер кадастрының құжаттылығы деп жерлердің табиғи, шаруашылық, құқықтық жай-күйлері туралы мәліметтерді алу, жазу тек қана тиісті құжаттар, материалдардың негізінде жүргізілуін айтады. Жер учаскесін тіркеу тиісті мемлекеттік органдар шешіміне немесе олармен мәліметтер бойынша нотариалды куәләндірілген құжаттарға сүйенеді. Жерлерді есепке алуда, бағалауда түсіру және зерттеу материалдарының маңызы өте зор.

    Кадастр мәліметтерінің көрнектілігі, анықтығы, қол жетерлігі. Материалдарды кадастрлік құжаттарда тиімді және ыңғайлы орналастырумен қатар, әртүрлі картографиялық материалдарды, кадастрлік ақпаратты жинау, талдау, өңдеу, сақтау және беру электрондық карталарды, жоспарларды, картограммаларды, диаграммаларды қоса, компьютерлік технологиясын қолданумен жетіледі. Жер кадастрының мағлұматтары және материалдары жеке және заңды тұлғалар учаскесін әртүрлі шаруашылық, құқықтық және жерлерді пайдалану, қорғау мәселелерін шешуде қарапайым, қол жетерлі болуы тиісті.

    Жер кадастрының үнемділігі. Кәзіргі өлшеу, зерттеу әдістерін, сондай-ақ компьютерлік техниканы қолдану арқылы қажетті мағлұматтарды алу және оларды кәзіргі деңгейде ең аз шығынмен ұстауды қамтамасыз ету. Аэрофототүсіру және аэроғарыштық түсіру материалдарын пайдалану жеріміздің барлық аумағы арқылы кең ақпарат бере отыра, қысқа мерзімде жер қорының үлестіруі, жай-күйі және пайдалануында өтіп жатқан барлық өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.

    Жер кадастрын орталық мемлекеттік басқару кадастрлік жұмыстарды  бірдей  әдістеме бойынша жүргізіп, жер қорының жай-күйі, оның пайдалануы туралы салыстырмалы сенімді мәліметтерін алуға мүмкіңдік береді. Қазақстан Республикасында мемлекеттік жер кадастрын басқару, жүргізу жер қорын басқару жөніндегі Агентікке және оның территориалдық органдарына жүктелген, осы Агенттік пайдаланатын, иеленетін жерлерді тіркеуді, жерлерді мемлекеттік есепке алуды және басқа жер-кадастрлік жұмыстарды басқарады.

    Ол топырақтық, геоботаникалық зерттеулерді жүргізу, жоспар-картографиялық материалдарды құру, жерлерді тіркеу, есепке алу, бағалау бойынша нұсқауларды, әдістемелерді жасап, бекітеді. Агенттік жер көлемдерін, олардың санаттар, алқаптар, жер пайдаланушылар бойынша үлестірілуі туралы мәліметтерді жүйелендіруді, зерттеуді, сақтауды, сондай-ақ қажетті жер кадастрлік құжаттарды жарыққа шығаруды қамтамасыз етеді.

    Жер кадастрлік жұмыстарды Агенттіктің территориалдық органдарымен қатар республиканың жерді үйлестіру қызметінің әртүрлі кәсіпорындары, ұйымдары жүргізеді. Ал кейбір жұмыс түрлерін қазіргі уақытта мемлекеттік емес кадастрлік фирмалар мен бюролар орындайды. Осы кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер жылда белгіленген мерзімде тиісті аудан, қала органдарына белгіленген рәсімде жерлер құрамында болған өзгерістер туралы есеп беріп тұрады. Жер кадастрын бүкіл республика масштабында орталық басқару мен Агенттік жағынан бақылау, оның жүйесінің және әдістемесінің бірлігін қамтамасыз етеді.

    Категория: Жер кадастрі | Просмотров: 2124 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 5.0/1
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024