Воскресенье, 19.05.2024, 07:38
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 12 » Жануарлартектес талшықтылар класс тармағы
    18:50
    Жануарлартектес талшықтылар класс тармағы

    Гетеротрофты талшықтылар, еркін немесе паразиттік тіршілік етеді. Олар құрылысы мен тіршілік әректіне байланысты көптеген отрядқа бөлінеді:
    1. Жағалы талшықтылар отряды-Choanoflagellata
    2. Тамыраяқты талшықтылар отряды-Rhizomas
    3. Кинетопластидалар отряды-Kinetoplastida
    4. Көпталшықтылар отряды-Polymastigina
    5. Гипермастигиналар отряды-Hypermastigina
    6. Опалинина отряды-Opalinina

     Жағалы талшықтылар отряды-Choanoflagellata

    Жеке (Codosiga) және колония (Sphaeroeca) түзіп тіршілік етеді. Талшығы біреу, оның түбін цитоплазмадан құралған жұқа жаға қоршап жатады. Талшықтың қозғалу әсерінен ұсақ органикалық қоректік заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар т.б.) жағаға жабысып, Бірте-бірте цитоплазмаға және ас қорыту вакуоліне өтеді.

    Тамыраяқты талшықтылар отряды-Rhizomastigina

    Бір немесе бірнеше талшықтары болады. Олар талшықтарымен  қатар жалған аяқтарын да (псевдоподияларын) шығара алады, сондықтан да екі кластың Sarcodina және Mastigophora-ның аралық иесі болып саналады. Бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен қоректенеді. Жыныссыз жолмен ғана көбейеді. Тұщы суларда жиі кездесетін өкілдері: Mastigamoeba aspera, Actinomonas mirabilis және басқалары.

    Кинетопластидалар отряды-Kinetoplastida

    Бұл отрядтың ерекшклігі-талшықтың түбінде, яғни кинетосоманың жанында кинетопласт деп аталатын арнайы органоидтың болуында. Кинетопласт ұсақ денелік, митохондрияға ұқсас, іші ДНК-ға толы. Бір немесе

    екі талшығы болады. Басым көпшілігі жануарларда және адамдарда паразиттік тіршілік етіп қауіпті ауруларды туғызады.

    Трипаносома туысының өкілдері 20-70 мкм-ді сопақша, ұшы сүйірленіп келген талшықтылар. Сурет 1

    Сурет 1. Трипаносома: 1 — кинетопласт; 2- ядро; 3 — ундулирующая мембрана;  4 —  талшық.

    Талшығы ұзын, артқы жағынан басталып денесінің алдыңғы жағына келіп бос бітеді. Талшық пен клетка мембранасының арасында толқын тәрізді жұқа жарғақ мембрана түзіледі, сол арқылы жылжиды. Трипаносомалар омыртқалы жануарлар мен адамның қан клеткалары мен тканьдерінде паразиттік тіршілік етеді. Trypanosoma rhodesiense адамда болатын «ұйқы ауруын» қоздырушы. Бұл ауру Африкада көп тараған. Трипаносоманы ауру адамнан сау адамға тасушы це-це шыбыны.

    Көпталшықтылар отряды-Polymastigina

    Өкілдерінің 4-6, одан да көп талшықтары, кейде толқын тәрізді жарғақ мембранасы және бүкіл денесін бойлап өтетін тығыз тірек таяқша-аксостильдері болады. Ядроның қасында ірілі-ұсақ түйіршіктерден құралған парабазальды денешіктер орналасқан. Көпталшықтылардың бәрі де паразиттік тіршілік етуге бейімделген. Адамда трихомонас (Trichomonas) және лямблия (Lamblia) туысының өкілдері кездеседі.

    Trichomonas chominis адамның тоқ ішегінде, Tr. vaginalis жыныс жолдарында тіршілік ететін сопақша кеоген кішкене 5-15 мкм-ді талшықтылар. Денесінің алдыңғы жағында төрт талшығы болады, олардың үшеуі бос күйінде алға қарап шығып тұрады, ал төртінші талшығы артқа қарай бағыттылып толқын тәрізді жарғақтың шетіне бекініп, толқынды (ундуляция) мембранасын түзейді.

    Lamblia intestinalis адамның ащы, он екі елі ішегінде және өт жолдарында тіршілік етеді. Денесі екі жақты симметриялы, екі ядросы, 8 талшығы және парабазальды түйіршіктері болады. Денесінің қпқ ортасынын аксостильге ұқсас фибриллярлы екі жұқа тірек таяқшасы өтеді. Ішек эпителиіне жабысатын сорғышы болады. Лямблия ішек ауруын туғызады, кейбір жағдайларда өт жолына, бауырға өтеді. Ауру циста арқылы жұғады.

    Опалинина отряды-Opalinina

    Өкілдерінің негізгі ерекшелігі-көп ядролы, денесі түгел кірпікшелермен қапталынған, осыған байланысты біраз уақыт бойы опалининаларды кірпікшелілер, яғни Protociliata класс тармағына жатқызған. Олардың кірпікшелі инфузориялардан басты айырмашылығы-ядролары бірдей болып келеді, жынысты жолымен көбею кезінде ұсақ бір ядролы гаметалар пайда болып, копуляция процесі жүреді. Қосмекенділердің артқы ішегінде паразиттік тіршілік етеді, сапрофитті жолымен қоректенеді. Басты өкілі-Opalina ranarum.

    Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Просмотров: 559 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024