Воскресенье, 19.05.2024, 08:27
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 11 » Ынтымақтастықтың ырысы – экономика өрісі
    17:20
    Ынтымақтастықтың ырысы – экономика өрісі

    Кеше Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Въетнам Социалистік Республикасында болды. Елбасы Въетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шангпен кездесті. Сонымен қатар шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер болып өтті.
    Қазақстан мен Въетнам екіжақты және көпжақты форматтарда белсенді өзара іс-қимыл жасап келеді. Сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұмыс істейді. 2011-2013 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылуда. 2011 жылдың өткен айларында елдер арасындағы тауар айналымы 30 млн. астам долларды құрады.

    “Біздің экономикамыздың серпінді дамуы екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетін іске асыру үшін жағдай туғызады, – деп, Елбасы екі ел арасындағы байланыстың беки түсетінін атап өтті.
    Елбасы айтқандай, Қазақстан индустриялық кешен мен мұнайгаз саласын жаңғырту мәселесінде въетнамдық серіктестерімен бірлесіп жұмыс істеуге дайын. Астана үшін Въетнамға ядролық отынды ұзақ мерзімде тасымалдау және АЭС құрылысының жобалары елеулі қызығушылықтар туғызады. Қазақстан-Въетнам өзара іс-қимылының перспективалық бағыттарының қатарында сондай-ақ көлік және коммуникация, кеме құрылысы, өңдеуші сектор, сауда, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы салалары бар.
    Келіссөздер аяталғаннан кейін Қазақстан мен Въетнам Президенттерінің баспасөз мәслихаты болып өтті. “Бүгін біз іскерлік байланыстарды дамыту мүмкіндіктерін талқыладық. Қазақстан-Въетнам қарым-қатынастарын кеңейту үшін барлық қажетті жағдай жасалған. Въетнамдық бизнесті Қазақстанның индустрияландыру бағдарламасын іске асыруға қатысуға шақырамын, – деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
    Въетнам Президенті Чыонг Тан Шанг те келіссөздер жемісті болғанын айтып, “Көптеген халықаралық және өңірлік мәселелер бойынша біздің ұстанымымыз ұқсас. Сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастығымыз жақсы дамуда. Қазақстан, Ресей және Беларусь Кеден одағы біздің екіжақты байланыстарымызды тереңдетуге мүмкіндік туғызатыны шүбәсіз. Бұл бағытта Қазақстан-Въетнам іскерлік кеңесінің құрылуы маңызды қадам болмақ, – деді.
    Келіссөздердің қорытындысы бойынша қосарланған салық салуды болдырмау жөніндегі, азаматтық авиация, туризм мен білім салаларындағы ынтымақтастық туралы, азаматтық және коммерциялық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімдерге, сондай-ақ ірі экономикалық және қаржы орталықтары – Алматы мен Хошимин арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
    Келесі жылы Қазақстандағы Въетнам мәдениеті күндерін өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Ал 2013 жылы Въетнамдағы Қазақстанның мәдениет күндері өтетін болады.
    Жалпы алғанда, жүргізілген келіс-сөздердің қорытындысы екі елдің саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейтуге екі жақты ұмтылысын көрсетті.

    Гүлім МҰҚАН

    Категория: Әлеуметтану, Саясаттану | Просмотров: 452 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024