Воскресенье, 19.05.2024, 10:23
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 14 » Теңіз гидроидты полиптер отряды
    16:52
    Теңіз гидроидты полиптер отряды

    Теңіз гидроидты полиптердің басым көпшілігі күрделі колониальды формалар, тек үрпақ алмасуы — метагенез жолымен дамиды. Даму барысында гидроидты полип және гидроидты медуза қалыптасып, олар үнемі бір-біріне алмасып тұрады.

    Гидроидты полип бұтақ тәрізді колония құрайды, себебі жыныссыз көбею нәтижесінде пайда болған бүршіктер аналық денеден бөлінбей-ақ өз кезегінде жаңа бүршіктерді бере бастайды.

    Колониядағы әрбір бүршікті — гидрант деп атайды. Гидранттың құрылысы гидра құрылысына ұқсас: денесі эктодерма және энтодерма қабатынан құралған, ауыз тесігінің аймағында көптеген қармалауыштары болады, тек гастраль қуысы барлық дене бойынша созылып ортақ гастральды қуысымен жалғасады. Осы себептен, егер бір гидрант қорегін ұстап қорытса, қорытылған ас бүкіл колонияға нәр береді.

    Колонияның эктодермальды жабынды эпителий клеткалары ерекше — тека деп аталатын органикалық жұка қабықты бөліп, колонияның сыртқы жабындысына айналады да, оның тұрактылығын қамтамасыз етеді.

    Теканың дамуына орай гидроидты полиптер отряды екі отряд тармағына бөлінеді. Егер тека колонияны тек гидрант құрылатын жерге дейін жауып тұрса — онда ол текасы жоқ гидранттар (Athecata) отряд тармағының белгісі, ал тека бүкіл колонияны және гидранттарды жауып тұрса — текасы бар гидранттар (Тһесарһога) отряд тармағының белгісі. Гидрант төңірегін қоршап, жауып тұратын теканы гидротека дейді.

    Теңіз гидроидты полиптердің көбеюі. Медузаның кұрылысы.

    Теңіз гидроидты полиптер алғашқыда тек жыныссыз жолмен  көбейеді. Соның нәтижесінде, жоғарыда көрсетілгендей гидранттар қалыптасады. Сонымен қатар белгілі бір кезеңде колонияда бүршіктену аркылы ерекше (гидранттарға ұксас емес) өскіншелер пайда болады да, олар созылып түрі өзгерген полип — бластостильге айналады. Оның төңірегін қоршап тұрған теканы — гонотека деп, ал осындай құрылымды особьты гонангий деп атайды.

    Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Просмотров: 874 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024