Воскресенье, 19.05.2024, 07:38
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 20 » Тұңғиықтың тұрғындары туралы
    19:41
    Тұңғиықтың тұрғындары туралы

    Өзi алып кемедей,

    Дауылдан ықпайды.

    Су шашып,

    Телегей

    Мұхиттан шықпайды.

    (Кит)

    Басы доғал,

    Мұрты бар.

    Аузы апандай,

    Ұрты бар.

    Түрi китке ұқсайды.

    (Жайын)

    Iлгегi бар дәу ұзын,

    Керiп ашса ауызын,

    Сәуле шашып тiстерi,

    Судың кезген тереңiн,

    Шақырады корегiн.

    (Қармақшы балық)

    Тұрқы қысқа, күшi мен

    Қылығы бар орасан

    Мықты сояу тiсiмен

    Үлкендi де өзiнен

    Қылғи салар жанаса.

    Бiрақ

    Жемi iшiнен

    Көрiнедi қараса.

    (Қара тажал)

    Қауырсыны мұрт шетiнен,

    Жұзедi тек шалқалап.

    Шабақты су бетiнен

    Оңай ұстар қалқалап.

    (Қарабауыр жайын)

    Қарасаң келбетiне

    Тұмсығы найзадай.

    Шығарып су бетiне,

    Қанатын жайса жай,

    Көрiнер кемедей,

    Мұхитта телегей.

    (Желкендi балық)

    Тұмсығы – қайықтың күрегi,

    Аузымен шөп сүзiп жүредi.

    (Ескектұмсық)

    Майшабақпен сыйыспай

    Үйрiп жүрер басқара.

    Тұлғасы ұқсас қайыстай

    Шұбатылған таспаға.

    (Белбеубалық)

    Қапталған сүйектi сауытпен,

    Қорықпас ешқандай қауiптен.

    Сойдиған тiстерi қашаудай,

    Қорегiн асаудай-ақ асайды-ай.

    (Сауыттыбалық)

    Тұла бойы толы ине,

    Жауын көрсе ол неме,

    Едiрейiп бүртiгi.

    Бола қалар бiртүрлi.

    Тұрған түсi көз көрiп,

    Шыға келер өзгерiп.

    Қарнын үрлеп алады,

    Допқа ұқсай қалады.

    (Тiкенқұрсақ)

    Жалтыраған бауыры,

    Құдды көмiр түтiгi.

    Өзiнiң бар тәуiрi,

    Сәуле шашар түтiгi.

    (Үтiкбалық)

    Қошқыл жолақты,

    Ерiнi сағақты.

    Бүкiл денесi –

    Терек теңгесi.

    (Жапырақбалық)

    Суда өседi, өнедi,

    Сыртқа шықса, өледi.

    (Балық)

    Кұмiспенен апталған,

    Теңгеменен қапталған.

    (Сазан)

    Қомағайлық жасайды,

    Шабақтарды асайды.

    (Шортан)

    Сұрқы бiр қарыс,

    Итбалыққа ұқсайды.

    Ұмтылғанда – жолбарыс,

    Сүңгiп шабақ ұстайды.

    (Сушылқара)

    Жоны қара тақтайдай,

    Бауыры аппақ мақтадай.

    Мекендейдi мұз-қарды,

    Сұйедi тек ызғарды.

    Бұлғандайды, қашпайды,

    Асықпайды, саспайды,

    Мұз үстiнде билейдi,

    Бiрақ белiн имейдi.

    (Пингвин)

    Сулы жердi мекендеп,

    Құрлықта да секендеп,

    Шыбын-шiркей аңдиды,

    Жемге қашан жетем деп.

    (Бақа)

    Категория: Жұмбақтар | Просмотров: 465 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024