Воскресенье, 19.05.2024, 10:40
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 12 » Құстардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері
    19:20
    Құстардың құрылысы және тіршілік ерекшеліктері

    Құстар эволюциялық қатынаста ең жас болып, екi аяқпен жүру, қауырсынды жабын, қанат пен тұмсық, қарқынды зат алмасуы бар жылықандылық, жақсы дамыған бас миы және күрделi мiнез-құлықтары бар жоғары дамыған жануарлар болып есептеледi. Құстардың осы ерекшелiктерi, оларға Жер шарында кеңiнен қоныстануға  және барлық мекендеу орталарын – құрлықты, суды, ауданы игеруге мүмкiндiк бердi; олар жоғары полярлы кеңiстiктерден өте ұсақ мұхиттағы аралдарға дейiн тараған. Мекендеу орталары құстар эволюциясында  iрiктеу факторы болып табылды (дене, қанат, аяқ құрылысы, қозғалу, қорек табу тәсiлдерi). Құстарға маусымдық циклдер тән, олар көбiнесе көшпелi құстарда байқалады және өз аумағынан шықпайтын көшпендi немесе отырықшы құстарда аса байқалмайды.Құстардың сан-алуан түрлiлiгi әсiресе тропикалық аймақтарда шоғырланған. Құстардың әр түрi бiрнеше биогеоценоздарда тiршiлiк етуi мүмкiн. Ең көп болып, арасында етқоректiлерi, өсiмдiкқоректiлерi, араласқоректiлерi  бар орман құстарының тобы  есептеледi. Олар бұталарға, қуыстарға, жерлерге ұя салады. Ашық аймақтың – шалғындардың, далалардың, шөлдердiң құстары ұяларын жерге салады; жағалаулардағы құмтар жартастарға ұя салады және бiрнеше түрдiң құстары бiрге мекендей отыра  бiрiгiп жаулардан қорғанып, құстар базарын түзейдi. Құстарға анық байқалатын популяция санының өзгеру динамикасы тән. Солай, құстардың ең көпшiлiгi (100 млрд дараққа дейiн) жеткiншектер ұшқаннан кейiн ал, ең азы (санының 10 есе азайғаны) келесi жаздың басында байқалады. Құстар санының өзгеруiне адамның шаруашылық қызметi үлкен рөл атқарады. Ормандардың, саздардың, шалғындардың көлемi қысқаруда, кейбiр құмтар жойып тасталуда. Қорек тiзбегiнде құстар рөлi үлкен,  себебi олар көптеген қорек тiзбектерiнiң соңғы түйiндерiн бейнелейдi. Жемiстер мен дәндердi таратуда да құстардың маңызы өте зор. Адамның үй шаруашылық қызметiнде құстардың маңызы негiзiнен ұнамды: олар кемiрушiлердi, зиянкестi жәндiктердi, арам шөптердiң дәндерiн жояды, сондықтан оларды бау-бақшалардың  биологиялық қорғанысы деп қарастыруға болады. Құстарды қорғау. аялау, қоректендiрiп тұру керек, әсiресе қыста, ұяларын бұзбау керек. Ашық, елгезек, ұяңдыбысты құстар болмаса, бiздiң ормандар, шалғындар, саябақтар, су қоймалары жым-жырт, тым-тырыс болып қалады. Құстар әкелетiн зиян олардың әкелген пайдасынан әлдеқайда төмен. Олар бауларды, жүзiм бақтарын ойран етедi, егiлген дәндердi шоқиды, көк өскiндердi жұлады сондықтан оларды үркiтiп тұру қажет. Құстардың ұшақтарға соғысуы жиелеп кеттi. Құстар – тұмау, энцефалит, сольманеллез сияқты жұқпалы ауруларды, кенелер мен кандалаларды  тасмалдайды. Адамдар сәндiк, сайрағыш құстарды асырап, құс өсiрумен айналысады.

    Құстардың терiсi бауырымен жорғалаушылардiкi сияқты құрғақ және безсiз. Аяқтарында қабыршақты  жабындары болады. Құстардың қауырсындары бауырымен жорғалаушылардың қабыршықтары сияқты мүйiздi заттан тұрады. Бауырымен  жорғалаушылардiкiндей зәрағарлары мен көбею мүшелерi клоакаға ашылады. Әсiресе  үлкен ұқсастық құстар мен бауырымен жорғалаушылардың ұрықтарында байқалады. Қазiргi тропиктiк құстар огациндердiң балапандары ағаш бұтақтарына сақталып қалған, қанат саусақтарымен  жармасады. Бұл ұқсастық құстар мен бауырымен  жорғалаушылар — ортақ ата-тегi бар, жануарлардың туыс топтары деген ұйғарымға негiздеме бередi.

    Құстардың көне бауырмен жорғалаушылардан шыққандығы  туралы ой көне құстар дақтарының табылуымен расталады. Мұндай тастардағы дақтар 1661 және 1677 жылдары Германияда табылған. Дақтар негiзiнде ғалымдар бұл құстардың бейнесiн қайта қалпына келтiрiп, оларды алғашқы құстар деп атады. Алғашқы құстар қауырсындармен қапталған және үлкендiгi көгершiндей  болған. Оларды нағыз қанаттары, ұзарған жiлiншiгi, барлық құстарға тән аяқтағы саусақтарының орналасуы  және басқа құрылыс белгiлерi ерекшелендiрдi. Бiрақ көп омыртқалы ұзарған құйрығы, жақтарындағы майда тiстерi, ауаға толмаған сүйектерi  және басқа  белгiлерi, олардың  бауырмен  жорғалаушыларға  ұқсастығын көрсеттi. Қанаттың,  қыры жоқ төстiң  құйрықтыңқұрылысы,  алғашқы құстар  нашар  ұшып,  ағашта тiршiлiк еттi деп  тұжырым жасауға мүмкiндiк бередi. Ғалымдардың айтуы бойынша, алғашқы құстар шамамен 180 млн. жыл   бұрын,  ағаштарда  тiршiлiк етiп, бұтақтан  бұқтаққа секiре алатын ұсақ бауырымен  жорғалаушылардан  шыққан. Кейiннен  табиғатта  қазiргi құстардың белгiлерi  дамыған дарақтар  ғана сақталған.

    Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Просмотров: 2383 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024