Воскресенье, 19.05.2024, 07:38
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 19 » Шығыс Қазақстан Табиғаты
    18:34
    Шығыс Қазақстан Табиғаты

    Шығыс Қазақстан Табиғаты

    Табиғи – климаттық зонасына әркелкілік тән. Аймақ өңірін –таулы, таулы-орманды, орман-тоғайлы, далалы, шөлді, шөлейтті, андшафт алып жатыр. Кенді Алтай және Оңтүстік Алтай жеріне Қалба, Сауыр-Тарбағатай таулары орналасқан. Таулардың биіктігі- 800ден 1500 м-ге дейін, Алтайдың шығысы-3000 м-ден-4000 м. аралығында. (Мұзтау тауы-4506 метр).

    Алтайдың Қазақстан бөлігінде 350 мұздық бар. Жалпы көлемі 99.1 кв. км-ге орналасқан.
    Шығыс Қазақстан облысы пайдалы қазындыларға өте бай. Мұнда мырыш, қорғасын, мыс, күміс, кадмий, сурьма,мышьяк, темір, күкірт, висмут, индий, калий, селен, теллур, сынап, қалайы, тантал, молибден, вольфрам, титан, никель, кобальт, көмір және т.б кездеседі. Кенді Алтайдың полиметалл кен орындары — Лениногор, Зырян, Березовка, Белоусовка, Глубокое, Бұқтырма, Тишин рудниктері.
    Климаты тым континенттік, оңтүстік шығысына қарай континенттілігі арта түседі. Тау етектері мен төменгі беткейлерінің климаты ылғалды. Қысы суық, жазық өңірінде қар жамылғысы өте жұқа, жазы ұзақ, ыстық. Қыста абсолюттік минимальдық температурасы –52 градус, максимальды температурасы жазда + 46 градус. Атмосферадағы жауын-шашын мөлшері барлық жерінде біркелкі емес. Жылына- тау бөктеріне 400-500 мм, таулы бөлігіне 1000-1500 мм., Зайсан қазан шұңқырына –130-200мм. ылғал түседі.
    Облыстың солтүстігінде вегатациялық кезеңнің ұзақтығы –176 сөтке, оңтүстігінде-198 сөтке.
    Облыста республика көлеміндегі су қоймасының 40% -і шоғырланған. Кенді Алтай өңірі арқылы ұзындығы 10 000 км. асатын 800 өзен ағады.
    Басты өзені Ертіс, және оның салалары Қалжыр, Күршім, Бұқтырма, Шар,Үлбі, Уба, Қызылсу. Ең үлкен көлдері- Марқакөл , Зайсан, Алакөл, Сасықкөл. Ертіс өзені бойында Бұқтырма, Өскемен бөгендері салынған. Зайсан көлі Бұқтырма су электр станциясы салынғаннан кейін үлкен бөгенге айналды.
    Көлемі 1га.- дан 528 кв.км. жететін 2000 нан астам көл бар. Олардың ішіндегі ең ірілері – Марқакөл, Зайсан, Сібе, Рахман қайнары, Кемеркөл, Сасықкөл, Алакөл.
    Таулы аймақтардың солтүстігінде ( теңіз деңгейінен) 400ден- 800 метрге дейінгі биіктікте және оңтүстікте 600ден –1300 ге дейін бозды –бетегелі және бұталы өсімдіктер жапқан таулы-далалық белдеулік кетеді: тау беткейлерінде (тобылғы, итмұрын, ырғай, қараған, долана; өзен жағалауларында-тал, итмұрын, шәңгіш, қарақат, шырмауық, бүлдірген). Солтүстікте 800 ден –1700м.ге дейінгі және оңтүстікте 2300м-ге дейінгі биіктікте орманды белдеулік алып жатыр (қайың, көк терек, терек, бал қарағай, шырша, самырсын, қарағай және алуан түрлі өсімдіктер).
    Облыстың орманды алқабы 2 млн. га. жерге орналасқан. 2000м.-ден 3000м. аралығын альпі биіктері мен көгалдары алып жатыр.
    Облыс -республикамыздағы – дәрі – дәрмек жасап шығару өндірісі үшін емдік қасиеті жоғары өсімдіктерді әзірлеудің және жабдықтаудың бірден – бір орны болып табылады.
    Облыстың жануарлар дүниесі алуан түрлі жан- жануарлар мен аңдарға, жәндіктерге бай (бұлғын, құндыз, тиін, күзен, түлкі, саршұнақ,суыр, борсық, қасқыр, аю, марал, теңбіл бұғы, қоян, арқар т.б. мекендейді. Өзендері мен көлдерінде балықтың 33 түрі бар (табан, сазан, шортан, ақ қайран, тұқы және т.б.).
    Құстардан: аққу, қара ләйлек, қаз, тырна, ақ шағала, үйрек т.б. мекендейді.
    Өлкенің ғажайып табиғатын қорғау мақсатында – Марқакөл, Батыс-Алтай, Тарбағатай, Алакөл, Төменгі Тұрғысын тәрізді т.б. қорықтар бар.
    Облыстың топырақ-өсімдік жамылғысына биіктік белдеулік тән. Жазық бөлігінде негізінен қара, қоңыр, сұр топырақ қабаттары қалыптасқан. Солтүстік батысындағы жазықтың қара топырағында шөпті далалық өсімдік өседі. Ертістің сол жағасында бозды-бетегелі, Зайсан қазан шұңқырындағы қоңыр топырақта жусанды-бетегелі өсімдіктер өседі.
    Облыстың жануарлар дүниесі алуан түрлі , терісі бағалы аңдарға бай. Бұлғын, құндыз, тиын, күзен,түлкі, саршұнақ, суыр, борсық, қасқыр, аю, марал, теңбіл бұғы мекендейді.
    Ертіс пен Зайсанда балықтың 33 түрі бар, табан, сазан, шортан, көксерке, аққайран, тұқы және т.б
    Қазіргі кезеңде облыс аймақтарында Семей атом полигонының 40 жылдан бергі зардаптарын жою облыс халқының денсаулығын жақсарту, ауа мен ауыз су тазалығы тәрізді мәселелер алаңдаушылық туғызып отыр.
    Өндіріс орындарының зиянды қалдықтарын жою,
    аймақтың су бассейнін тазарту және Батыстың жаңа технологиясын қабылдау; табиғат қорғау жұмыстарына кадрлар әзірлеу; халық арасында экологиялық –ағарту жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туындауда.
    Біз өз өлкеміздің әсем табиғатын сақтап қалу үшін, халқының жарқын өмір сүруін қалаймыз; сонымен бірге, жер бетінде таза экологиялық ахуалдың орнығуы үшін күресуші жандармен ниеттес екенімізді білдіре отырып, бірлесуге шақырамыз және қолдау күтеміз.
    Әлемнің алтын алқасы, інжу-маржаны атанған Кенді Алтай осындай жер.

    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 524 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024