Воскресенье, 19.05.2024, 10:01
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 20 » Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 15 наурызына берілген Заңының мәтіні
    19:27
    Шаруа (фермер) қожалығы туралы Қазақстан Республикасының 2003 жылдың 15 наурызына берілген Заңының мәтіні

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1-бап. Шаруа (фермер) қожалығы

    1. Адамдардың жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы ауыл шаруашылығына арналған жерлерді ауыл шаруашылығы өнімін өндірумен, сондай-ақ осы өнімді ұқсатумен және өткізумен тығыз байланысты отбасылық-еңбек бірлестігі шаруа (фермер) қожалығы деп танылады.

    Заңды тұлға құрмай және заңды тұлға белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар шаруа (фермер) қожалығы субъектілері болып табылады.

    1. Шаруа (фермер) қожалығының мүшелері ортақ шаруашылықты бірлесіп жүргізетін жұбайлар, балалар, асырап алынған балалар (қыздар), ата-аналар және басқа да жақын туыстар болып табылады.
    2. Шаруа (фермер) қожалығы мынадай нысандарда болуы мүмкін:

    кәсіпкерлік қызмет бірлескен ортак меншік базасына негізделген отбасылық кәсіпкерлік нысанында жүзеге асырылатын шаруа қожалығы;

    өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыруға негізделген фермер қожалығы;

    бірлескен шаруашылық қызметі туралы шарт негізінде, жалпы үлестік меншік базасында жай серіктестік нысанында ұйымдастырылған фермер қожалығы.

    1. 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының іс-әрекетке қабілетті кез келген азаматы шаруа (фермер) қожалығының басшысы бола алады.

    Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ұйымдармен, азаматтармен және мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста оның мүдделерін білдіреді және заңмен тыйым салынбаған азаматтық-құқықтық мәмілелерді жүзеге асырады.

    1. Ауырған немесе ұзақ уақыт орнында болмаған жағдайда шаруа (фермер) қожалығының басшысы шаруашылық мүшелерінің біріне өз қызметін атқаруға уәкілеттік бере алады.

    Шаруа (фермер) қожалығының басшысы ауысқан жағдайда оның мүшелері қожалықты тіркеген органға бұл туралы ортақ өтініш беріп хабарлайды. Құқық мұрагері атына жер туралы заңдарға сәйкес жер пайдалану құқығына мемлекеттік акт беріледі.

    2-бап. Шаруа (фермер) қожалығын құру

    Шаруа (фермер) қожалығы ерікті негізде құрылады және жер пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізген кезден бастап кұрылды деп есептеледі.

    3-бап. Шаруашылық жүргізу нысаны ретіндегі шаруа (фермер) қожалығы

    1. Шаруа (фермер) қожалығы Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығының тең құқықтық өндірістік бірлігі болып табылады.
    2. Шаруа (фермер) қожалығы өз қызметінің бағытын, өндірісінің құрылымымен көлемдерін дербес айқындайды, өнімді өсіреді, ұқсатады және сатады, сондай-ақ шаруашылық жүргізумен байланысты басқа да мәселелерді шешеді.

    4-бап. Шаруа (фермер) қожалығының меншігі

    1. Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады.
    2. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің меншігінде жер учаскесіндегі екпелер, шаруашылыққа арналған және өзге де қора-қопсылар, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнім беретін және жұмысқа жегілетін мал, құс, ауыл шаруашылығына арналған және өзге де техника мен жабдықтар, көлік құралдары, керек-жарақтар және қожалық үшін оның мүшелерінің ортақ қаражатына сатып алынған басқа да мүлік болады.
    3. Шаруа (фермер) қожалығы қызметінің нәтижесінде алынған жемісі, өніммен табыс шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің ортақ бірлескен немесе ортақ үлестік мүлкі болып табылады және олардың арасындағы келісім бойынша пайдаланылады.
    4. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің мүліктік қатынастары азаматтық және жер туралы заңдардың тиісті нормаларымен реттеледі.

    5-бап. Шаруа (фермер) қожалығы мүшелерінің мүлкін мұраға алу және олардың жер пайдалану құқығы

    Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі мен жер пайдалану құқығы заң немесе өсиетхат бойынша азаматтық заңдарда көзделген тәртіппен мұраға алынады. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізуді жалғастыратын мұрагерлер мұраға алынған мүлікке және жер пайдалану құқығын мұраға алған кезде мемлекеттік баж төлеуден босатылады.

    Категория: Жер кадастрі | Просмотров: 607 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024