Воскресенье, 19.05.2024, 10:01
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 14 » Шартты рефлекстердің тежелуі
    16:25
    Шартты рефлекстердің тежелуі

    Ми қыртысының қалыпты қызметі қозу және тежелу процесінің өзара әрекеттесуі нәтижесінде қалыптасады. Қозу процесі шартты рефлекстің пайда болуын қамтамасыз етсе, тежелу процесі — оны жойып, өшіріп отырады. Тежелу процесі рефлекстік реакцияларды ретке келтіріп, жетілдіріп отыруга жағдай туғызады.

    Ми қыртысында байқалатын тежелу шартгы және шартсыз болып жіктеледі. Шартсыз тежелу бүкіл жүйке жүйесіне тән құбылыс, ол ОЖЖ-нің кез келген бөлімінде байқалады. Шартсыз тежелу шапшаң, кенеттен пайда болады да, онша ұзаққа созылмайды. Тежелудің бұл түрі сыртқы тежеу және шектеу болып бөлінеді.

    Сыртқы тежеу ми қыртысының белгілі бір аймағы қозған кезде теріс индукция салдарынан оның басқа аймақтарынада байқалатын құбылыс, Тежелудің бұл түрін индукциялық тежелу деп те атайды. Мысалы, қоңырау дауысына итте шартты сілекей бөлу рефлексі қалыптасқан дейік. Ал осы қоңырау соғылған кезде кенеттен бөгде дыбыс пайда болса (мылтық даусы, басқа тарсыл т.б.) сілекейдің бөлінуі тоқтап қалады. Бұл сыртқы тежелу салдары.

    Шектеу — организмге әсер ететін тітіркендіргіш тым күшті болған, немесе оның әсер мерзімі тым созылып кеткен жағдайда байқалады. Мысалы, қоңырау даусына шартты рефлекс қалыптасқан дейік. Егер сол қоңырау үздіксіз созылса, немесе оның даусы тым күшейтілсе, рефлекс тоқтап қалады. Оның себебі жуйке торшасының әрекет мүмкіндігінің белгілі шегі болады. Тым күшті тітіркендіргіш әсерінен торшада парабиоз процесі туындайды да, ол тежелу сатысына дейін тереңдейді. Осынан қозу тежелумен алмасады,

    Шартты, немесе ішкі тежелу, ми қыртысына ғана тән құбылыс. Ол ми қыртысының шартты рефлекстік қызметімен байланысты. Шартты тежелу біртіндеп қалыптасады да, ұзақ мерзімге сақталады. Бұл жағдайда орталық басқа, іргелес орталық ықпалымен емес, өзінде жүретін процестердің салдарынан тежеледі, сондықтан да оны ішкі тежелу деп атайды.

    Шартты тежелу өшу, жіктеу, бөгеу, шартты тежеу болып бөлінеді.

    Өшу — шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен бекітпей қоюдың салдарынан туындайды. Мұндай жағдайда шартты рефлекс күші бірте-бірте әлсіреп, соңынан ол өшіп қалады, осыдан шартты тітіркендіргіш әсерімен шартты рефлекс орталығында козу емес, тежелу процесі туындайды. Рефлекс өшкеннен соң біраз мерзімдік үзілістен кейін шартты сигнал шартсыз сигналмен демемей-ақ рефлекс тудырады. Демек, өшу кезінде рефлексті қамтамасыз ететін механизм жойылмайды, тек ол уакытша әрекеттен шығарылады.

    Жіктеу — бір-біріне ұқсас екі шартгы тітіркендіргіштің бірін бекітіп, бірін бекітпеу нәтижесінде қалыптасады. Мысалы, итте метрономның минутына 100 соққысына шартты рефлекс қалыптасқан дейік. Осыдан соң метрономды минутына 96 рет соғатын жылдамдыққа қойып, Бұл тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен ұштастыралмайтын, бекітпейтін болсақ, онда бірнеше қайталанудан соң екінші жағдайда тежелу процесі туындайды, жіктеу процесі жүреді. Осынан екінші тітіркендіргіш шартты тежегіш тітіркендіргішке айналады.

    Бөгеу — шартты сигнал әсері мен оны шартсыз тітіркендіргішпен бекіту арасы адақтатылса, шартты рефлекстің басталу мерзімі де дәл сонша уақытқа бөгеледі. Бұл жағдайда шартты тітіркендіргіш әсері екі сатыға — әрекетсіз және әрекетті, бөлінеді. Бастапқы әрекетсіз сатыда шарпы сигналдың әсерімен шартты рефлекс орталығыңда тежелу процесі туындайды да, жауап-реакция бөгеледі. Осынан кейін тежелу тиылады дартта, қозу туындап, әрекет басталады.

    Шартты тежеу — шартты рефлекс тудыратын сигналға бөгде тітіркендіргішті қосарлап, қабаттастырып, оны шартсыз тітіркендіргішпен бекінгенде байқалады. Мұнда й жағдайда тітіркендіргіштер қосындысы белсеңці өрекет тудырмайцы, тежелудің бастауына себепкер болады.

    Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Просмотров: 2613 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024