Воскресенье, 19.05.2024, 08:27
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 19 » ҚҰРАН
    18:43
    ҚҰРАН

    Жетінші ғасырда Таяу және Орта Шығыс халықтарының саяси және мәдени өмірлерінде маңызды екі үлкен оқиға болды. Оның бірі Ислам болса, екіншісі араб мемлекеті құрылды. Ислам дінінің негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) Мекке қаласында дүниеге келген. Ол шамамен 570-580 жылдар арасында кедей хашим тайпасында туған. Пайғамбардың әкесі саудагер Абдулла ерте қайтыс болады. Ал анасы пайғамбарымыз алты жаста болғанда дүниеден өтеді. Одан кейін ағасы Абу Талибтің тәрбиесінде болады. 24 жасында саудагер Хадишаға үйленіп, біраз уақыттан кейін сауда жұмысын тастап, шамамен 610 жылдары дінді уағыздау жолына түседі.

    Ислам дінінің қасиетті кітабы «Құран» Жебірейіл періште арқылы беріліп отырған деген аңыз бар. Сонымен қатар «Құранның» 53-сүресінде пайғамбарымыз Алла Тағаланы көргенін айтады «ол көрінді де аян бере бастады», — дейді.

    Сонымен «Құран» – адамдарға арналған пайғамбарымыз арқылы жеткен Алла сөзі. Ол 114 сүреден тұрады. Сүрелер мөлшерлерінің азаю реті бойынша берілген. «Фатиха» сүресі кіріспе  рөлін атқарады. Әрбір сүре аяттардан тұрады, бір сүреде аяттардың саны әртүрлі болып келеді. 114 сүреде 77,934 сөзден тұратын 6,616 аят бар.

    Діни тұрғыдан алғанда «Құранның» мақсаты ерте заманда арабтар арасында тараған пұтқа табынушылықты жою, олардың имандылық қасиеттерін оятып, жақсы жақтарын, заңдары мен діни ғұрыптарын, жол-жораларын қалыптастыру, сол секілді яһудейлердің дініне қарсы тұру, Алла тағаланың өзі сүйген құлдарын адастырмай түзу жолға салу болатын.

    Саяси тұрғыдан алғанда, «Құран» арқылы жаңа ақиқат дінді таратып, жалғыз Аллаға ғана құлшылық қылуды, рухани және азаматтық хұқықтарды біріктіре отырып, тағдыр мен ерікті тек Аллаға байланысты ету арқылы мұсылмандарды мойынсұндыру еді. Осы негізде жаңа дінге Ислам деген ат берілді. Оның мәні жаратушы хақ тағала әміріне еркімен бас июшілер дегенді білдіреді.

    Құран аят-аят болып, 23 жыл бойы әр кезде, нақтылы жағдайларға байланысты, не болмаса бір қарар-шешім қабылдағанда Мұхамед  (ғ.с.) пайғамбарға көпшілік алдында немесе өзіне жеке келіп түскен. «Құран» Мұхаммедтің (ғ.с.) тірі кезінде топталып жиналмаған. Сүрелер оның жолын ұстанушылар арасына тұтас-тұтас күйінде таралған еді. 634 жылы, яғни һижраның 13 жылы Әбу Бәкір халифа Зәйд ибн Сәбитті алдырып, көпшілік қолында барлық сүрелерді жинақтауды, сөйтіп бір кітап етіп дайындауды тапсырған болатын. Содан бастап «Құран» жер жүзіне кітап түрінде тарап келеді.

    Бүгін де «Құран» әлемнің барлық тілдеріне аударылған. Қазақ тілінде де қасиетті кітаптың Халифа Алтай, Рәтбек қажы Нысанбайұлы, Ғазез Ақытұлы тәржімалаған нұсқалары бар.

    Д.Мәсімхан

    Категория: Дінтану | Просмотров: 621 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024