Воскресенье, 19.05.2024, 07:11
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 20 » Пангея
    18:46
    Пангея

    Есте жоқ ерте заманда ғаламшарда бір кезбе жұлдыз жоқтан пайда болды. Оның бетін су қаптап тұрды. Судың бетін ауа көмкірді. Ол есейіп ес жиып, жан-жағына көз тікті. Сол сәт бір алып жіп алыстан ұшып келіп сарт етіп беліне оралды да кетті. Қараса сап-сары, жарығынан көз қаритын, бетіне қарауға қаймығатын бір дәу:

    — Әй, Жер, мына жіптен мықтылап ұста! – деп бұйырды.

    — Менің атым Жер ма сонда, сіз кімсіз? – деді бұл көзін көлегейлеген күйі.

    — Мен Күнмін. Сен секілді кезбе жұлдыздарға құрық салып қою менің міндетім. Әйтпесе, мынау шексіз кеңістікте кезіп, қаңғып жоқ болып кетулерің мүмкін, – деді.

    Күннің «жоқ болып кетулерің мүмкін» деген сөзінен қорқып кеткен Жер алып жіптен шап беріп ұстап алды да, қалықтай қозғалып, тізгінен Күнге беріп кете берді…

    Арада ай өтті, жыл өтті, ғасыр өтті. Нақты қанша уақыт өткенін бірақ ешкім білмейді. Жерді басқан су түбінде ғайыптан бір қатты зат пайда болды. Уақыт өте келе ол өсе берді. Ақыры су бетін жарып шықты. Оны көрген Жер:

    — Әй, Пангея! – деді. Көзін әрең ашқан ол:

    — Менің атым Пангея ма? – деді дым түсінбей.

    — Мен саған Пангея деп ат қоям. Ол тұтас құрлық деген мағына береді, – деді Жер. – Менің мақсатым алып Күнге байланған қорғаушы жібімнен айырылып қалмай айнала қозғалу. Ал сенің мақсатың не? – деп сұрады.

    — Білмеймін, – деді тұтас құрлық иығын қозғап.- Саған қандай тапсырма тапсыру керек екенін мен де білмеймін, – деді Жер өзінше боп. Іштей «Шіркін, Күн секілді оны да белінен байлап ап айналдырсам ғой» деп армандады.

    — Алдағы күндерде бір жұмыс тапсырамын, әзірге дем ала тұр, – деді маңғаздана.

    Бірақ Жер бетін жалғыз иемденіп үйреніп қалған Су Құрлықпен араз болып алды.

    — Әп, әдемі мүсінімді бұздың. Мөлдір көк едім. Еркін көсіліп толқып едім. Енді, міне, алдымда кедергі болып тұрып алдың, – деп тиісті ол Құрлыққа. Жас Құрлық кәрі Суға жауап бере алмай мүдірді. Оның үндемеген,бейкүнә түріне жыны келген Су Құрлықты бөліп-бөліп бөлшектеп жіберуді ойлады. Ол Құрлықты түбінен ырғай бастады.

    Судың Құрлықты қанша ырғап шайқағанын тағы ешкім білмейді. Кұндердің күнінде алып Пангея екіге бөлініп кетті. Судың қуанышында шек болмады. Ол екіге бөлінген Пангеяны одан әрі бөлшектей беруге шын кірісті.

    Басы бөлек аяғы бөлек қалған Пангея Судан қорқып, Жерге мұңын шақты.

    — Ашулы Су мені қақ белімнен бөліп тынды. Өзіңіз тиым салмасаңыз болмайды. Іргемді ырғауын қояр емес, – деді.

    — Шыда. Ең бастысы сен барсың. Барды жоқ ету Судың қолынан келмейді. Қайта Судың арқасында сен көбейдің. Бұрын біреу едің, қазір екеу болдыңдар, – деп жұбатты оны Жер.

    Жердің сөзіне Пангея да жұбанып қалды. Ол өз бөлшегінен көз жазбауға тырысты. Жерге елжіреп тұрып:

    — Жер-Ана! – деді. Мына сөз Жердің жүрегін жібітіп, иітіп кетті.

    — Енді біз екеуміз. Екеуміздің де атымыз Пангея боп қала бере ме? – деп сұрады.

    — Екеуіңді екі төбеге балап біріңді Лавразия, екіншіңді Гондвана деп атаймын. Сендер менің жан дүниемді жібіткен, нұр сыйлаған қуанышымсыңдар. Мықты боп Судың әуселесіне берілмеңдер. Жігерлеріңді жанып, қаншаға бөлінсеңдер де, бір-біріңнен қол үзбей тату болыңдар, – деді Жер.

    Енді екі құрлық Судың ашуынан түк қорықпайтын болды. Бірақ онысын Су сезбеді. Қалайда оларды бөлшектей беруге тырысты…

    …Қазір Лавразия – Еуразия мен Солтүстік Америка деген құрлыққа көбейсе, ал Гондвана – Оңтүстік Америка, Африка, Аустралия мен Антарктика деген құрлықтарға бөлініп кетті… Олардың әлі нешеге бөлінетінін ешкім білмейді… Мүмкін қайта қосылар…

    Категория: Ертегілер мен аңыздар | Просмотров: 1350 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024