Воскресенье, 19.05.2024, 07:39
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 11 » Қобыз дәстүрі. Қобыз аспабының тегі туралы. Қорқыт және қобыз. Қобыз күйлерінің зерттелуі
    18:24
    Қобыз дәстүрі. Қобыз аспабының тегі туралы. Қорқыт және қобыз. Қобыз күйлерінің зерттелуі

    Қобыз – ежелден келе жатқан аспап. Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, VIII-IX ғасырларда қобызды Қорқыт жасаған және оған алғаш рет күй шығарып тартқан деседі.

    Қорқыттың қобыз аспабын ойлап табуы жөнініде мынадай аңыз бар: «Қорқыт жасынан өте ұғымтал, құйма құлақ болып өседі. Сол кездегі аспаптардың бәрінде ойнайды екен. Алайда ол оған қанағаттанбай, адам мен жануардың үнін, табиғаттағы құбылыстар мен дыбыстарды жеткізетін жаңа бір аспап жасағысы келеді. Он ойланып, тоғыз толғанады. Қарағай ағашын кесіп әкеліп, одан бір нәрсенің жобасын жасайды. Бірақ әрі қарай қалай., не істерін білмей қиналады. Күндер осылай өте береді. Бір күні шаршап отырып, көзі ілініп кетіп, түс көреді. Түсіне періште енеді. Ол балаға: «Қорқыт, жаққан қобызың 6 жасар нар атанның жілігіндей екен. Енді оған нар терісінен жасалған шанақ, ор текенің мүйізінен ойылған тиек, бесті айғырдың кұйрығынан тартылған қыл ішек жетпей тұр. Осылар болса, аспабың сайрағалы тұр екен» — деп кеңес береді. Қорқыт ұйқысынан ояна салып, осы айтылғандардың бәрін жасайды.

    Қарағайдың түбінен

    Қайырып алған, қобызым.

    Үйеңкінің түбінен

    Үйіріп алған қобызым.

    Желмаяның терісін

    Шанақ қылған, қобызым.

    Ортекенің мүйізін

    Тиек қылған, қобызым.

    Бесті айғырдың құйрығын

    Ішек қылған, қобызым.

    Құлағыңды бұрайын

    Осы айтқаным болмаса,

    Қайырып жерге ұрайын,- деп қобызды қолына алған

    кезде, аспап боздап қоя беріпті. Қобыз үнін бар табиғат, ұшқан құс, ескен жел, жүгірген аң – бәрі тоқтай қалып, құлақ түре тыңдапты».(М.Жарқынбаев. Қорқыт. Өнер, 1987 ж.)

    Қорқыттың «Ұшардың ұлуы» күйі тыңдалады. «Бір жесір кемпірдің жалғыз баласы болады. Ол құс салып, ит жүгірткен саятшы екен. Қашқан аңды құтқармайтын «Ұшар» деген тазысы, желмен жарысқан жүйрік аты бар екен. Күндердің күнінде жігіт кенеттен қайтыс болады. Сол кездегі елдің әдет-ғұрпы бойынша, өлікті жерлегеннен кейін жұрт қоныс жаңартып, басқа жерге көшеді екен. Жаңа орынға көшіп келгеннен кейін кемпір баласына қалған жалғыз көз – тазыны іздесе, ол ұшты-күйлі жоқ болып шығады. «Ескі жұртта қалған болар» — деп, ана бұрынғы қоныстарына келсе, айтқандай-ақ, Ұшар иесін қиып кете алмай, мола басында сай-сүйекті сырқырата аспанға қарап ұлып жатыр екен. Мұны көрген ана:

    Жалғызымнан айырылдым,

    Қанатымнан қайырылдым,

    Ұшар,ұшар, кә-кә… – деп аңырайды. Кең далада

    жалғызының артында қалған ана мен иесінен айырылған тазы – қос мұңлық қосылып күңіренеді». (Н.Шәменұлының айтуы бойынша жазылған. М.Жарқынбеков. Қорқыт. Елім-ай. Өнер. 1987 ж. 22 бет.)

    Қорқыт өзінің «Ұшардың ұлуы» атты күйін осы оқиғаға байланысты шығарыпты деседі.

    Түркі тілдес халық тайпаларының сенім-нанымында шамандық елеулі орын алған. Шаман дегеніміз емші, тамыр ұстаушы, балгер, жын құрсанған бақсы. Оларды абыз деп те атаған. Бұл қобыз деген сөздің өзгерген түрі. Бақсылар қолына қобыз алғанда:

    Үйеңкінің түбінен

    Үйіріп алған қобызым!

    Қарағайдың түбінен

    Қайырып алған қобызым,

    Қызыл қаршын тобылғы

    Жәшік қылған қобызым,

    Желмаяның терісінен

    Қапшық қылған қобызым

    Жүйрік аттың құйрығын

    Ішек қылған қобызым!

    Ортекенің мүйізін

    Тиек қылған қобызым!

    Тасқа шыққан ырғайдан,

    Құлақ қылған қобызым!

    Сексендегі кемпірдей,

    Бүкір белі қобызым!

    Буаз қатын секілді

    Арты шөмек қобызым!

    Әбден де болжа, қобызым! –

    деп сарнайды. Қобыз – түркі тілдес халықтардың ертеден келе жатқан көне өнер аспабы.

    Қорқыттан кейін өмір сүрген, аты әйгілі, киелі бақсылардың бірі Қойлыбай туралы да қазақтар арасында аңыз көп. «Қойлыбай бар бақсының түп атасы, оқ тартар садағы іспетті» деп суреттейді оны Шоқан. Бірде ол қобызын аламан бәйгеге салғаг деген аңыз бар. «Жүздеген сәйгүлік қосылған бәйге аттарының келе жатқанын көргенде қолына қанжарын алып әулие, пірлерін жәрдемге шақырып Қойлыбай сарнап қоя береді. Сол-ақ екен бәйге жақтан бір қара дауыл тұрып, отша лапылдаған аптап ыстық жел соғады. Біркезде сол дауылдың артынан қалың қара көрініп, ат тұяғынның дүбірі естіледі. Демде бәйге аттарының алдынан қарборандатып, атты құлаш тамырымен ала жібін сүйреткен алып ағаш көрінеді. Сөйтсе ағаш дегені Қойлыбайдың қобызы, дауыл мен желді суырып келе жатқан көкаман жынының екпіні екен», — деп айтылады аңыз әңгімеде.

    Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Просмотров: 748 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024