Воскресенье, 19.05.2024, 06:58
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 14 » ҰЛПАНЫҢ ІN VITRO МӘДЕНИЕТІН БҰРШАҚТЫҢ СЕЛЕКЦИЯСЫНДА ҚОЛДАНУ
    18:57
    ҰЛПАНЫҢ ІN VITRO МӘДЕНИЕТІН БҰРШАҚТЫҢ СЕЛЕКЦИЯСЫНДА ҚОЛДАНУ

    Өсімдіктердің іn vitro жасуша және ұлпа мәдениеті қазіргі уақытта қарқынды дамып, ауыл шаруашылығы ғылымы мен тәжірибесі қолданысында кең орын алуда.

    Қазіргі уақытта бұл әдістерді селекциялық — генетикалық зерттеулерде қолдану өнімділіктің жоғарылауымен және кейбір ауыл шаруашылығы дақылдарының сапасын арттырумен байланысты бірқатар мәселелерді шешуге мүмкіндік берді. Әсіресе бұл әдеттегі селекция мен генетика әдістері мүмкін емес немесе қандай да бір қиыншылықтар кездесетін саласының мәселелеріне қатысты (1).

    Каллус ұлпаларының бәрі бірдей, біркелкі болады деп түсіну қателік. Каллустар морфрологиялық белгілері және өсу қарқындылығы мен көгеру қабілеті жағынан да әр түрлі болады (2).

    Қандай да селекциялық бағдарламаның басты тәжірибелік тапсырмасы өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын таңдап алу немесе қажетті белгілерін жақсарту мақсатында генетикалық өзгергіштіктің диапазонын кеңейту болып табылады. Регенерант — өсімдіктердің арасындағы түрлену бар өзгергіштіктің шегін кеңейтіп, селекциялық жұмыстарда сәтті қолданылады. Сондай-ақ, in vitro дақылында ерекше жағдайдан in vivo жағдайында жөнді өзгермейтін жасушалар пайдасына қызмет ететін диплоидты таңдаудың арқасында мүлдем бола алмайтын мутация түрлері алынады (3).

     

    1-кесте. Бұршақтың каллусты клондарынан алынған регенерантты өсімдіктердің тірі қалуы мен өнімділігі

    Сорт Іn vitro уақыты, тәулік Регенерантты өсімдіктердің саны Тірі

     

    қалуы

    %

    Жалпы тұқым саны
    Топыраққа отырғызылды Адаптацияланды
    Неосыпающийся 1 90-360 8 4 50,0 32
    361-720 15 6 40,0 42
    Таловец 50

    90-360

    21 6

    28,6

    30

    361-720

    13 4

    30,8

    24

     

    Кестеде көрсетілгендей регенерантты өсімдіктердің басым бөлігі стерильді емес ортада адаптация процесі кезінде тіршілігін тоқтатты. Сондықтан, өсімдіктердің тіршілікке қабілеттілігі 28 – 50% арасында ауытқып отырды. Нәтижелер анализі тіршілік ету қабілетіне генотип те,  регенерантты өскіндер алынған каллусты ұзақ өсіру де әсер ете қоймайтынын көрсетті. Іn vitro жағдайында  90 тәулікпен 720  тәулік аралығына дейін өсірілген. Неосыпающийся 1 сорты өсімдіктерінің тіршілікке қабілеттілігі 50 % құрады.

    Ұзақ қайталап өсірілетін дақылдар каллусында регенерантты өсімдіктердің максималды саны Неосыпающийся 1  сортынан алынған. Регенерантты өскіндердің жеткілікті көлемінен, азғантай ғана регенерантты өсімдіктер пайда болған. Таловец 50 сортымен салыстырғанда Неосыпающийся 1 сортының бір бұршақ өсімдігінің тұқым түзуі 90-360 тәулікте 8 тұқымнан, Таловец 50 сортында 5 тұқымнан түзілді. Неосыпающийся 1 сортында 361-720 тәулікте 7 тұқымнан, ал Таловец 50 сортында 6 тұқым түзілген.

    Тірі қалған және өсуін жалғастырған регенерант өсімдіктер морфологиялық жағынан өзара күрт ерекшеленді. Ол сабақ ұзындығы, жапырақ тақтасы, аралық байламдар саны, бұршақ саны, өсімдіктегі тұқым салмағы сияқты белгілерге байланысты болды. Регенеранттардың басым бөлігі аралық байламдары небары 10-15 смқұраған төмен сабақты болды. Өсімдіктер екі-үш бұршақ пайда болғып, 1-2 өнімді байлам түзіліп, тез гүлдеді. Бұршаққындағы жалпы бұршақ саны беспен сегіздің арасында ауытқып отырды.

    Тұқымдар жиі солғын және қалыптаспаған болған. Тұқымдық ұрпағының өсімдіктерінің регенеранттары фенотип жағынан бастапқы генотиптерден ерекшеленбеген, тозаңдану және тұқым байлануы жоғары болған.

    Кейбір регенеранттар ары қарай өскенімен, мүлде гүлдемеген немесе стерилді болған. Басқа регенерант өсімдіктер морфологиялық жағынан жақсы дамыған, қуатты дамумен сипатталып, молынан гүлдеп, тұқым байлаған.

    Бақыланған регенерант өсімдіктің морфологиялық өзгешеліктері өсіру жағдайының  күрт өзгеруімен байланысты морфоз болуы мүмкін.

    Осылайша, ұзақ ауыстырылып өсірілетін бұршақтың дамыған тамырлы регенерант өсімдігін алу мүмкіндігі көрсетілген. Жоғарыда аталған сорттардың арасында Неосыпающийся 1 сорты адаптациялану жағынан және тұқым түзу жағынан басымдылық танытқан.

    Категория: Биотехнология | Просмотров: 603 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024