Воскресенье, 19.05.2024, 09:24
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 14 » Өкпенің желдетілуі
    17:13
    Өкпенің желдетілуі

    Өкпенің белгілі бір уақыт ішінде ауа алмастыру қабілетін өкпенің желдетілуі деп атайды. Өкпе желдетіліуін әлбетте 1 минут мерзімде өлшейді. Осыдан 1 минут ішінде өкпеден өткен ауа мөлшерін өкпе желдетілуінің минуттық көлемі дейді. Ең терең дем шығарғанның өзінде өкпе толық солмайды, ондағы барлық ауа сығылып шықпайды, өкпеде ауа қоры қалады, Қалыпты тыныс алу кезінде адам 500 мл (жылқы мен сиыр 5 л) ауа жүтады. Оның 30 пайызы тыныс жолдарында қалып, тек 70 пайызы, немесе 350 мл (жылқы мен сиырда 3,5 л) альвеолаға жетеді. Адам өкпесінің альвеоласында қалыпты тыныстау жағдайында 1 л қалдық ауа және 1,5 л қордағы ауа, барлығы 2,5 л ауа қалады (жылқы мен сиырда 20-22 л). Демек, әрбір дем алынғанда альвеола ауасының тек 17 бөлігі (2500350 немесе 223,5) ғана алмасады — желдетіледі.

    Көкірек қуысы кеңейсе өкпе керіліп, оның көлемі үлкейеді, ал ол тарылса — өкпе сығылып, көлемі кішірейеді. Демек, өкпе көкірек қуысьша ілесіп, өз көлемін оның қимылдарына байланысты өзгертіп отырады. Өкпенің осылай көкірек қуысы қимылдарын қайталап отыруының екі түрлі  себебі бар. Біріншіден, өкпе көкірек қабырғасымен тікелей жанаспайды, олардың арасында плевраның астарлык, (париетталдық) және беткейлік (висцеральдық) жапырақшаларымен көмкерілген плевра аралық қуыс болады. Бұл  қуыс алғашқы дем алумен байланысты пайда болады. Құрсақтық даму кезеңінде өкпе іске қосылмайды. Ұрықтың (іштөлдің) тыныс алу процесі серік (плацента) арқылы жүреді. Көкірек қуысын өкпе мен жүрек толтырып жатады. Құрсақтық даму кезеңі аяқталып, нәресте (төл) туылғаннан соң алғашқы тыныс алынған кезде инспираторлардың жиырылуының салдарынан қабырғалар көтеріліп, олардың басы омыртқалардағы арнаулы ойыстарға бекиді. Осы кезден бастап көкірек қабырғасы мен көкірек қуысында орналасқан жүрек пен өкпе арасында аз ғана қуыс пайда болады. Осы қуыстағы қысым атмосфералық қысымнан с.б. 6-15 мм-ге кем, демек, қуыста теріс қысым қалыптасады. Сол себепті атмосфералық ауа өкпеге тек ішкі — альвеола — жағынан әсер етеді, сырт жағынан оған қарсы әсер болмайды да, өкпе көкірек қимылына ілесе керіледі. Егер плевра, аралық қуысқа инъекциялық ине қадаса, онда оған атмосфералық ауа сорылады да (пневмоторакс), қуыстағы қысым атмосфералық қысымға теңесіп, өкпе семіп қалады {ателектаз), өкпенің қызметі тоқтайды. Екіншіден, өкпедегі серпімді ұлпа элементтері және өкпе көпіршіктерінің беттік тартылысы оралымды күш тудырып, керілген өкпенің бастапқы қалпына оралуын қамтамасыз етеді.

    Ауа қабылдап, керілген өкпе тартылып, солуға оңтайланып тұрады. Оның себебі өкпеде оралымдық элементтердің болуында. Өкпенің оралымдық элементтері қалыптастыратын күшті өкпе ұлпасының оралымдық куші деп атайды. Оны екі фактор қамтамасыз етеді. Олар альвеолалар қабырғасының оралымдық талшықтары және альвеола кабырғасының беткейлік керіліс күші. Өкпе ұлпасының оралымдық күшінің 23-ін альвеолаларың беткейлік керіліс күші қалыптастырады. Әр түрлі  альвеоларда беткейлік керіліс күші әр деңгейде болады, сондықтан дем шығарылған кезде кейбір альвеолалар керілген күйде қалады да, біраз альвеолалар солып, қабысып қалу қаупі орын алады. Бірақ қалыпты жағдайда олай болмайды. Оның себебі альвеоланың ішкі беткейі суда ерімейтін сурфактант деген заттың мономолекулалық қабыршығымен (пленка) сыланған. Сурфактанттың беттік керілісі аз болады да, альвеоланың толық семуіне мүмкіндік бермейді, сондықтан альвеолалар қабыспайды. Табиғаты жағынан сурфактант — альфа-лецитин, — ол альвеола эпителийі торшасының митохондриясында түзіледі.

    Өкпе желдетілуінің минуттық көлемі өзгермелі шама. Ол тыныс жиілігі мен терендігіне, өкпенің сиымдылығына, сыртқы орта температурасына т.б. байланысты өзгеріп отырады.

    Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Просмотров: 575 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024