Воскресенье, 19.05.2024, 08:48
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 15 » Коста-Рика
    08:05
    Коста-Рика

    Коста-Рика Республикасы – Орталық Америкада орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 51,1 мың км2. Халқы – 3,841 млн. адам (1999). Халқының 97%-ы креолдар мен метистер, қалғандары – негрлер. Астанасы – Сан-Хосе қаласы. Ресми тілі – испан тілі. Тұрғындарының көпшілігі христиан дінінің католик тармағын ұстанады. 1949 жылғы конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент үкіметті де тікелей өзі басқарады (1998 жылдан М.А. Родригес Эчеверрия). Заң шығарушы органы – Заң шығарушы ассамблея (57 депутаттан тұрады). Ұлттық мерекесі 15 қыркүйек – Тәуелсіздік күні (1821). Ақша бірлігі – Коста-Рика колоны. Ел аумағы 7 провинцияға бөлінген.

    Мазмұны

    • 1 Табиғаты
    • 2 Тарихы
    • 3 Экономикасы
    • 4 Қызықты деректер
    • 5 Пайдаланған әдебиет

    Табиғаты

    Жерінің көпшілік бөлігін Кордильера-де-Гуанакасте, Орталық Кордильера (Ирасу, Поас сөнбеген жанартаулары бар) және Кордильера-де-Таламанка таулары алып жатыр. Ең биік жері – Чиррипо-Гранде тауы (3820 м). Теңіз жағалаулары ойпатты келеді. Пайдалы қазындылардан темір, мұнай, боксит, алтын, күміс, күкірт кендері бар. Климаты субэкваторлық. Ойпатты бөлігіндегі қаңтардағы орташа температура 23С, шілдеде 25С, таулы аймақтарда салқын. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері шығысында 3000 мм, батысында 1000 – 1500 мм. Өзендерінің ағыны қатты келеді (ірілері: Сан-Хуан, Рио-Фрио). Территориясының 2/3-і орман және саванна (пальма, қызыл және алқызыл ағаштар өседі). Ормандарда маймыл, ягуар, жайра, т.б. кездеседі.

    Тарихы

    Испан отаршылары келгенше Коста-Рика жерін алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген үндіс тайпалары қоныстанған. Мұнда еуропалықтардан алғаш 1502 ж. Х.Колумб экспедициясы болды. 1513 жылдан бастап осы өлкеге басып кірген испандар 1560 ж. оны толығымен жаулап алып, Гватемала генерал-капитандығы құрамына енгізді. Қарсылық көрсеткен жергілікті халық түгелдей дерлік қырылды. 17 – 18 ғасырларда елдің ортлық бөлігіне испан шаруалары қоныс аударып келіп орналаса бастады. 1810 – 23 жылғы Америкадағы испан отарларының тәуелсіздік жолындағы күресі кезінде К.-Р. тәуелсіздік алып (15 қыркүйек, 1821 ж.), 1823 – 38 ж. Орт. Американың біріккен провинциялары федерациясының құрамына кірді. 1850 жылдан бастап ел экономикасы тез дамып, экспортқа арнап кофе мен банан өсіріле бастады. 1870 ж. елге шет ел капиталы кіріп, 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың бас кезінде Коста-Рика жері американдық “Юнайтед фрут компани” монополиясы бақылауына көшті. 1920 – 30 ж. елде халық қозғалысы күшейе бастады. Халықтың қысымымен үкімет 1942 ж. кейбір прогресшіл реформалар жүргізді. Бірақ ол шаралар жергілікті кертартпа күштер мен америкалық компаниялар тарапынан қарсылыққа ұшырады. Сөйтіп, 1948 ж. елде азамат соғысы болып, демократиялық күштер жеңіліске ұшырады. 20 ғасырдың 70-жылдары елдің әлеуметтік жағдайы күрт нашарлап, халық толқулары жиіледі, партизан қозғалысы пайда болды. 1986 ж. президент болып сайланған О.Ариас Орталық Америка елдерін бейбіт келісімге келуге шақырып, елеулі жұмыстар атқарды (сол үшін ол 1987 ж. Нобель сыйлығын алды). Бірақ ел экономикасы дағдарыстан шыға алмады.

    Экономикасы

    Коста-Рика – экономикасы орташа дамыған ел. Жылдық ұлттық байлығы – 9,3 млрд. АҚШ доллары шамасында, жеке адамға шаққанда 6140 доллар. Сыртқы қарызы – 3,8 млрд. доллар. Экспортқа банан, кофе, қант, какао, тоқыма бұйымдарын, теңіз тамақтарын, ет, тропикалық жемістер, т.б. шығарады (экспорттың 44%-ы АҚШ-қа тиесілі). Импортқа тұтыну тауарлары, өнеркәсіп тауарлары, құрал-жабдықтар әкелінеді (импорттың 42,1%-ы АҚШ-тан тасылады). Соңғы жылдары туризм өте тез дамып келеді. Негізгі сауда серіктестері: АҚШ, Жапония, Венесуэла, Германия, Италия, Гватемала, т.б.

    Қызықты деректер

    • 1948 жылғы 44-күндік азаматтық соғыстан кейін бұл мемлекет Армиясын 1949 жылы таратып, одан бері еш қақтығысқа қатыспайды[1][2][3].
    • Коста-Рикада әр өз баспанасы жоқ жас отбасыларына тегін үй салынып беріледі (тек осы ел азаматттарына)[4].
    Категория: География, Экономикалық география, Геология, Геодезия | Просмотров: 766 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024