Воскресенье, 19.05.2024, 10:01
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 14 » Клеткааралық қосылыстар
    17:39
    Клеткааралық қосылыстар

    Клеткалар бір-бірімен жанасқан кезде олардың плазмалеммалары өзара байланысқа түседі. Бұл байланыстар кезінде клеткааралық косылыстар түзіледі. Клеткааралық қосылыстар эмбриональды даму барысында көпжасушалы ағзалардың және ұлпалардың түзілуі кезінде пайда болады.

    Клеткааралық қосылыстар қарапайым және күрделі деп бөлінеді. Қарапайым қосылыстар кезінде көршілес клеткалардың плазмалеммасы тіс тәрізді өсінділер береді. Бір клетканың осындай тісшесі екінші клетканың тісшелерінің арасына барып қадалады (тісшелі қосылыс) немесе өзара байланысқан интердигитациялар, яғни, саусақты қосылыстар түзеді. Көршілес клеткалардың аралығында әрдайым 15-20 нм клетка аралық кеңістік болады.

    Күрделі қосылыстар өз ретінде адгезиялы, тұйықтағыш және өткізгіш деп бөлінеді. Адгезиялы қосылыстарға десмосома, жартылай десмосома және тіркестік белдігі (таспа тәрізді десмосома) жатады. Десмосома көршілес плазмалеммаларға қатысты, өзара 25 нм-дей клеткааралық кеңістікпен бөлініп, гликопротеин тәрізді жұқа фибрилді затпен толтырылған екі электронды тығыз бөлшектерден тұрады. Десмосома пластинкаларының цитоплазмаға қараған беттеріне, шаш шпилькаларына ұқсас кератин тонофиламенттері жабысады. Сондай-ақ, клеткааралық кеңістік арқылы екі пластинканы байланыстыратын клетка аралық талшықтар өтеді.

    Жартылай десмосома – тонофиламенттері бар бір пластинкадан тұрады, клетканы базальді мембранаға қосады. Тіркестік белдігі немесе таспа тәрізді десмосома – клетканың апикальды бөлімінің жанынан клетканың барлық бетін жауып тұратын “таспа”. Талшықты затпен толтырылған клеткааралық кеңістіктің ені шамамен 15-20 нм. “Таспаның” цитоплазмалық беті тығыздалған және актинді филаменттердің жиырғыш шоғымен бекітілген.

    Тығыз қосылыстар немесе бекіту зоналары клетканың апикальды беті арқылы ені 0,5-0,6 мкм белдік тәрізді өтеді. Тығыз қосылыстар кезінде көршілес клеткалардың плазмалеммаларының арасында клеткааралық кеңістік пен гликокаликс мүлдем болмайды. Екі мембрананың ақуыз молекулалары өзара байланыстар жасайды, сондықтан тығыз қосылыстар арқылы молекулалар өте алмайды. Бір жасушаның плазмалеммасында эллипс пішінді ақуыз бөлшектерімен жасалған мембрананың ішкі моноқабатында орналасқан айдаршалар торы болады.

    Өткізгіш қосылыстарға нексус немесе саңылаулы байланыс және синапс жатады. Олар арқылы бір клеткадан екіншісіне суда ерігіш кіші молекулалар өтеді. Осындай байланыстармен адамдар мен жануарлардың көпшілік клеткалары біріккен. Нексус қосылысы кезінде көршілес екі клеткалардың плазмалеммасының арасында ені 2-4 нм кеңістік болады. Екі плазмалемма өзара әрқайсысы 6 ақуыз суббірліктерден құрылған пішіндері 9 нм қуыс гексагональді ақуыз құрылымдары – коннексондар арқылы байланысады.

    Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Просмотров: 715 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024