Воскресенье, 19.05.2024, 09:43
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 20 » Хан қызын алған жарлы
    18:44
    Хан қызын алған жарлы

    Бұрынғы заманда бір кедей жігіт өмір сүріпті. Мал дегенде жалғыз байталы бар екен. Күн көретін қорегі үшін күнде қақпан құрып, бір суыр алатын көрінеді. Бір күні қақпанға түлкі түседі. Бұрын бұндайды көрмеген байғұс түлкіні бас салады. Сонда түлкі:

    — Ей, бейшара, мені қоя бер. Сені мұратыңа жеткізейін, -деп адамша тіл қатады.

    «Кедей — жомарт» демекші әлгі жігіт түлкінің тілін алып, оны қоя береді. Сол уақытта Қайсар деген патша өмір сүріпті. Түлкі соған келіп:

    — Қызын балама айттырып, патшаның жауабын алып кел деп Елібай хан сізге жіберіп еді, — дейді.

    Қайсар патша қызын Елібай ханның баласына бермекке келісімін береді. Түлкі тіпті ханның қолынан уағда қағазын да алады. Бір жетіде келіп құда түспек болады.

    Бір жеті өткен соң, жарлыны ертіп жолға шығады. Бұрын жарлы атқа мініп көрмеген екен. Алдымен түлкі оны байталға мінгізіп үйретеді. Сонан соң олар жолға шығады. Ханның ауылына бара жатқан жолда бір өзен бар еді. Түлкі өзеннің өткелінен өтеді де, жарлыны сол арада қалдырып, өзі ханға кетеді. Ханға келіп:

    — Тақсыр, сіздің болашақ күйеу балаңыздың айдап келе жатқан малы суға кетті. Күйеу балаңыз мықтылығынан ғана бір байталдың құйрығынан ұстап сүйреп шығарды. Қалған малды құтқара алмады. Ал, мен сізге хабар бере келдім, — дейді.

    Бұл хабарды естіген хан неше түрлі киім алдырып, бір ат беріп жібереді. Түлкі ханның берген киімін жарлыға кигізіп, атына мінгізеді де, ханның ауылына алып келеді. Хан болашақ күйеу баласы үшін бөлек ақ үй тіктіреді. Жарлыны ханның нөкерлері өмірінде көрмеген неше түрлі тамақ беріп сыйлап, күтеді. Бірнеше күн өткен соң, түнде ханның жылқысын жау алып кетеді. Бұл жаңалықты естіген хан ашуланып:

    — Менің болашақ күйеу балам мына арғымаққа мінсін де, осы жаудан барып өшімді алсын! – деп, бұйрық қылады.

    — Жарайды, күйеу балаңыз жаудан жылқыңызды алып, өшіңізді қайтарып береді, – дейді түлкі.

    Түлкі бір қазанға желімді құйып ерітеді. Сонан кейін арғымаққа тоқымды, тоқымға ерді желімдейді. Жарлыны ерге желімдеп, арқанмен омырауынан шандып, аттың басын қоя береді. Ал, өзі жарлының соңынан еріп отырады. Атқа желімденген жарлы жаудың артынан ойбай салып жылап кетіп бара жатады. Атпен қатты шауып келе жатқан жарлының алдынан бір бәйтерек кез келеді. Ол бәйтеректі құшақтай алады. Бәйтерек түбірімен суырылып, алдына көлденең түседі. Оны алып тастауға шамасы келмейді. Бәйтеректі алдына өңгеріп алып шаба береді. Жылқыны қуып бара жатқан жаулар артына қараса, бір бәйтеректі өңгеріп келе жатқан жарлыны көреді.

    — Бәйтеректі суырып алып келе жатқан қандай батыр болды екен. Бізді бәйтерекпен салып жіберіп өлтірмей ме? – деп қорыққан олар жылқыны тастап, алды-артына қарамай қашып кетеді. Осы кезде түлкі жарлының алдынан шығып, атын тоқтатады. Екеуі жау шапқан жылқыларды ауылға қарай қайтарып әкеледі.

    Түлкі қолындағы ағашымен бірге жарлыны ханның үйінің алдына алып келіп, ханға:

    — Балаңыз жылқыны жаудан айырыпты. Қолында қаруы жоқ болған соң, мына бәйтеректі түбірімен жұлып алған көрінеді. Сол бәйтерекпен жауды қырып, жылқыны алып қайтыпты, — деп бәйтеректі көрсетеді.

    Хан бәйтерекке қарап:

    — Күйеу балам мықты екен, — деп қатты риза болады. – Маған жасаған осы жақсылығы үшін одан қалыңмал алмай, қызымды тегін беремін, — дейді де бірнеше күн той қылып, қызын жарлыға ұзатады.

    Қырық қызыл нар артқызып, алтын-күміс беріп, қызын жөнелтеді. Жолда келе жатқанда жігіт түлкіден:

    — Баяғы аяғым шығып жататын үйге барамыз ба? – деп сұрайды

    Түлкі:

    — Үндеме, мен озып кетіп, сендерге үй даярлап қоямын, — деп жауап береді.

    Осы араға жақын бір жерде жалмауыз кемпір тұрушы еді. Оған түлкі келіп:

    — Қария, сені өлтіреміз деп бес дәу келе жатыр. Өздері тым ашулы. Жолда келе жатып оқыстан үшеуінің әңгімелерін естіп қалдым. Тез жасырынып қал, болмаса дәулер сені мерт қылар, — дейді.

    Кемпір түлкінің алдағанына сеніп:

    — Түлкім, қанша жасырынсам да, олар мені тауып алар. Одан да үш дәуден қашып құтылайын. Тек сен менің кай жаққа кеткенімді айта көрме, — дейді де қаша жөнеледі.

    Қашып бара жатқан жалмауыз кемпірдің соңынан түлкі:

    — Ал, мынау үйіңді қайтесің? – деп айқайлайды.

    Кемпір:

    — Үй құрысын, тек жаным аман болса болды, — деген екен.

    Осылай түлкі қулығын асырып, кемпірдің үйіне ие болады. Бұл үй зәулім сарайдай кең екен. Үйдің іші толған күміс пен алтын. Түлкі малай жалдап, үйдің ішін тазалайды. Ішіне неше түрлі кілемдерді жайғызады. Қыз бен жігіттің жолдарына ақ киіз төсетіп, алдынан шығады.Оларға құрмет көрсетіп күтіп алады да, отыз күн ойын, қырық күн тойын жасап береді. Сөйтіп, жарлы жігіт хан қызын алып мұратына жетіпті.

     
    Категория: Ертегілер мен аңыздар | Просмотров: 918 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024