Воскресенье, 19.05.2024, 09:09
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 11 » КЕСКІНДЕМЕДЕ ТҮСТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
    18:14
    КЕСКІНДЕМЕДЕ ТҮСТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

    Түс – көркем өнеркәсіпті және ұлттық көркем шығармаларды анық етіп  көрсетудің бірден бір тәсілі. Кескіндемеге үйретудің ең басты мақсаты – болашақ суретшіні жазықтыққа, шындықтың, қоршаған әлемнің әдемілігін түстің көмегі арқылы көріп және соны жеткізе білуге үйрету. Белгілі бір затты бейнелеу процесінде түсті және оның көптеген белгілерін сезінуі дами түседі. Кескіндемені анық етіп көрсетудің ең басты жолы түстерді қолдану болып табылады. «Әдемілік» «бояулар» «бояу» сөздері көбінде бір мағынада қолданылады. В.Дальдің анықтамалық сөздігінде « бояу – безендіру, әдемілік беру, көруге жағымды ету» — деп жазылған.Түсті қабылдау, табиғаттан адамға берілген ең ғажап сапалардың бірі. Адам көзі 200-ден аста түс белгілерін ажырата алады. Кескіндемеде түс пен қалып әрқашан байланысты, бірлікте болуы керек.

    Кез келген заттың өзіне тән түсі болады. Мысалы, піскен лимон — сары, апельсин – тоқ сары, қияр – жасыл. Әр заттың табиғи түсі жарық жақсы түсіп тұрса анық көрінеді, ал егер жарық ауысқан кезде заттың түсі өзгеріп, қараңғылықта мүлдем көрінбей қалады. Яғни жарық затты және оның түсін көрнекті ете алады.

    Табиғи дене түсі үш қасиеттерден тұрады.: 1) табиғи түс; 2) сәуле арқылы өзгеріске ұшыраған түс; 3) қанық немесе қанық емес түс.

    Табиғи түс дегеніміз – табиғи жаратылыс түсі. Мәселен, күзгі жапырақ – сары, жер – қоңыр. Екіншісі , күн сәулесінің әсерінен өзгеріске ұшыраған түс. Өзгеріске ұшыраған түс дегеніміз – күннің әрбір мезгілде табиғи түстерінің өзгеруі. Нақтылап айтсақ, таң мезгілде ағаш көкшіл, түсте жасылға айналады, ал кешкі күн батарда сарғыш қызыл түске боялады.

    Қанық немесе қанық емес түс дегеніміз – біртекті түстердің бір-бірінен айырмашылығы, яғни, екі алма да қызыл түстес болып келгенмен, біреуі – ашықтау, екіншісі қанықтау келеді. Осы дене түсінің үш қасиеті кескіндеме өнерінде есте сақтайтын құнды мәселелердің бірі.

    Кескіндеме – бұл нәрсені эстетикалық тұрғыда бейнелейтін бейнелеу өнері.

    Уақыт өте келе талғаммен бірге түс үйлесімділігін түсіну де өзгере түседі.  Өнер өмірмен байланысты және  сонымен бірге өзгеріп отырады.

    Кескіндеменің дамуына импрессионистер көп әсер етті .Олар өз картиналарында өмір шындығынан алған әсерлерін түстер арқылы көрсете алды.  Олар қоршаған ауа кеңістігінің жарығынан әсерінен туындаған түс өзгерістерін бірден қабылдап алып отырған. Импрессионистер түс  үйлесімділігінің жаңа жақтарын, әсемдігін аша білген. Импрессионистер анық түсті қабылдап және оны дәл сол қалпында картинаға түсіруді үйренген ең алғашқы кескіндемешілер болды.

    Кескіндемеде жоғары жетістіктерге жетуі үшін  суретші түстерді өте жақсы ажыратып, бейнелей алуы керек.

    Түсті қабылдау — физикалық қана емес, психологиялық стимулдармен негізделген және суретші үшін маңызды түсті сезіне алу мүмкіндігімен де тығыз байланысты күрделі процесс.

    Түстерді сапалылығына байланысты 2 топқа бөлуге болады. Олар: өзіндік (собственные) және өзіндік емес (несобственные).  Түстің өзіндік сапалары: түс тоны, жарықтығы , анықтығы. Ал түстің өзіндік емес сапалары: жылы, суық, жеңіл, ауыр, дауысты, дауыссыз және т.б. Заттың түспен тығыз байланысытлығын көрсететін өздік емес сапалары бейнелеу өнерінің барлық жанрлары үшін маңызды.

    Тұрмыстық заттарды әсемдеуде түстердің рөлі ерекше. Заттың түсін қабылдай отырып, адам соған сәйкес көңіл күй алады. Олар: қуаныш, жабырқау, қорқыныш т.б.

    Түс зат туралы маңызды ақпарат беріп қана қоймай, белгілі бір ой мен сезімдер түдырады. Бұрыннан белгілі қызыл түс- қоздырады, қызуландырады, жасыл түс — тыныштандырады, қара – батырады.

    Түстерді екі категорияға жіктеуге болады:

    Ахроматикалық (түссіз) – ақ, сұр, қара. Олардың өздеріне тән түстері жоқ, бір-бірінне ашықтықтығымен ғана ажыратылады. Соған қарамастан бұл түстердің үлкен бейнелеушілік мүмкіндіктері бар. Адам көзі ақ түс пен қара түстің арасында бірнеше 300-400 түс белгілерін ажырата алады.

    Қара, ақ, сұр түстерден басқа түстердің барлығы Хроматикалық түстерге жатады. Яғни олар түсті болып келеді.

    Ең негізгі түстер – қызыл, сары, көк осы түстердің көмегімен басқа түстерді шығарып алуға болады. Қосымша түстерді басқа түстерді қосу арқылы алады: қызыл және сары түс тоқ сары түсті береді, сары және көк түс жасыл түс береді, көк және қызыл түс күлгін түс береді,

    Қосымша түстерді алу кезінде оның нәтижесі оны қалай араластыруына байланысты Мысалы Сіз сары түспен қызыл түсті араластырар кезінде сары түс көп болып кетсе онда тоқ сары түс шықпайды, сарғыш түс береді. Негізгі үш түсті тең мөлшерде араластырса онда қоңыр, сұр түс алуға болады.

    Түстердің температурасы.

    Түстерді олардың температурасынан топтауға болады. Жылы немесе «отты» түстер болады оларға – қызыл, тоқ сары, сары. Суық түстер олар: көк жіне сұр.пейзажда жылы түстер суреттің алдыңғы жағында кейіннен суреттің тұңғиығына байланысты суық түстер көріне бастайды. Суретте шөп жақын орналасса онда жасыл — сары болады, егер алысnа болса, онда оны  көкшіл түс береді. Алыстағы тоғайлар сұр – көкшіл болады. Бұның барлығы ауа перспективасының теориясында жатады.

    Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Просмотров: 1178 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024