Воскресенье, 19.05.2024, 08:27
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 14 » КАСПИЙ –БОЛАШАҚ. БОЛАШАҚ -ҰРПАҚҚА АМАНАТ
    19:02
    КАСПИЙ –БОЛАШАҚ. БОЛАШАҚ -ҰРПАҚҚА АМАНАТ

    Каспий теңізі – ішкі континентте орналасқан әлемдегі ең үлкен су қоймасы , ол ешқандай әлемдік мұхиттармен жалғаспаған. Көлемі398000 км. Ол Еуразияның ішкі жағында орналасқан, табиғаттың керемет жаратылысы болып табылады.Каспий теңізі өте сезімтал экожүйе болып табылады. Соңғы он жылдықтағы антропогенді және биохимиялық факторлардың әсерінен экожүйенің жалпы жағдайы, әсіресе теңіздің солтүстік шығыс бөлігіндегі жағдай нашарлап кетті.Жалпы, Каспий теңізі экожүйесінің жағдайы дағдарыс алды деп бағаланады, және де солтүстік-шығыс бөлікте мұнай алуға кіші су қоймаларын жоспарлары бойынша жасаса, оның табиғи ортасын ірі масштабта нашарлатуы мүмкін.Каспийдің жоғары деңгейде ластануының көптеген  себептері баршылық. Соның бірі ретінде теңіз астындағы көмірсутегі шикізаттардың белгілі бір мөлшерде сақталуы, халықтың және өнеркәсіптің жоғары тығыздығы, құлама өзендердің бойындағы ауыл шаруашылығының белсенді игерілуі, «өзен-теңіз» деген айқын көрінерлік геохимиялық тосқауылдың болмауы, бассейннің тұйықтығы және т.б. Мұнай, фенол сияқты ластаушылардың кей мөлшерінің теңіз суына түсуі табиғи процесстердің нәтижесінде болады.Теңіздің басты ластаушысы мұнай болып табылады. Мұнай – өзіндік иісі бар қара-қоңыр түсті тұтқыр майлы сұйықтық. Мұнай өнімдері шекті, шексіз қатарлардан тұратын көмірсутегілердің күрделі қоспасынан тұрады. Қоршаған орта мен оның тұрғындарына мұнай және оның өнімдері қандай зиян келтіреді? Судың көп бөлігінің бетін жұқа пленка түрінде жайылу арқылы мұнай көптеген тірі микроорганизмдерге зиян әсер етіп, биологиялық тізбектің барлық өкілдерін жоя алу мүмкіндігі бар. Мұнаймен ластану Каспийдің көк-жасыл мен диатомды балдырлар ретінде белгілі фитобентос пен фитопланктондарының дамуын тежейді. Теңізге түскен мұнай өнімдері балықтардың уылдырығы, дернәсілі мен шабақтарының сапасына кері әсер етіп, қоректің базаны жояды. Тек мұнайдың 1 тоннасы теңіздің 12 км2 беттік көлемін ала алады. Теңіздер мен мұхиттар бетіндегі мұнай пленкалары энергия, жылу, ылғалдылық және суқоймалар мен атмосферадағы газдар алмасуын бұза алады; физико-химиялық процесстерді өзгертеді: су беткейінің температурасы жоғарылайды, газ алмасу нашарлаған соң, балық кетуі не өлуі мүмкін, сондай-ақ су түбіне тұнған мұнайда барлық тірі организмдерге зиянды әсер етеді: мұнайдың жинақталуы жоғары ұйымдастырылған жануарлар мен қарапайымдылардың қоректену тізбегінде болады. Теңіздің биологиялық тепе-теңдігіне мұнаймен ластану жойқын түрде әсер етеді: дақтар күн сәулелерін өткізбейді, судағы оттегінің жаңаруын баяулатады және биологиялық өнімділік төмендейді. Кейде мұнайдың улы компоненті балықтардың, теңіз құстарының өліміне себепкер болады. Теңіз жануарларының етіндегі дәмнің сапасына кері әсер етеді. Мұнаймен уланудың қауіптілігі оның концентрациясының жоғарылуымен байланысты. Судағы токсинділік 1 мг/м асқан конденсацияда байқалады. Уақыт өте келе судағы мұнай концентрациясы ұшпа компонентерінің булану, еру, тотығу, эмульгирлену, биодеградацияның арқасында азаяды. Тотыққан мұнай суқоймалардың түбіне тұнады.Геоэкологиялық қазба  жұмыстар нәтижесінде Каспий теңізінің оңтүстік жағалауындағы территорияларында мұнай және газ аймақтары табылды. Басқада мәләметтерге сүйенсек мұнай құрамында көмірсу рессурстары 15 млрд құрайды. Бұл дүние жүзінде  Персия бұғазынан кейінгі екінші орынды қамтиды. Жеңіл мұнай өнімдері теңіз бетінде, ал ауыр өнімдері теңіз түбіне жылжып, биоэкологиялық оргнаизмдердің жойылуына себеп  болады. Арнайы мамандардың бақылауы бойынша соңға 20 жыл шамасында сайғақтардың саны 20 есе, бағалы балықтардың түрлері 18 есе азайды. Каспий теңізі  — экологиялық катастрофаның бастапқы кезеңінде.  Бұған дәлел қазіргі таңдағы итбалықтардың, балықтардың, құстардың және бентостық организмдердің өлімі. Аймақта тұратын мұнайшылар бір мақсатпен жұмыс атқарады « Қандайда баға болмасын – мұнай алу» үкімет осыны растап отыр. Ресейде 2000 жылдан 2005 жыл арасында 3 млрд жуық мұнай өңідірілген, сонымен қатар атмосфераға 13 млн қалдық тасталынған. Осының әсерінен теңіз судактарының санының азаюымен және ресурстық мағынасын жоғалтумен қатар келеді. Ластанудың әсерінен бір түр ғана жойылмай, сонымен қатар бүкіл тіршілік орындарының жойылуы көп қауіптірек.Мысал ретінде Түркменстандағы Соймон бухтасын, Оңтүстік Каспийдің  батыс жағалауындағы бірнеше участоктарды келтіруге болады. Өкінішке орай, Оңтүстік Каспийдегі балық үйірінің тіршілік ететін жерлері мұнай аудандарымен сәйкес келетіні, ал Маровтық пайдаланылатын жерлер олардмен өте жақында жатыр. Бекірелер – Каспийдің бірден-бір байлығы, қазіргі таңдағы қара уылдырықтың әлемдік бағасына қарамастан балық кәсібінен табыс мұнайдікіне қарағанда жоғары. Бірақ бекіре үйіріне қырылып қалу қаупі төніп тұр – дәл осыны 1995 жылы Астраханда өткен конгрессте ихтиологтер айтты. Конгресс қатысушылары бекіре үйірлерінің мұнай мен газ өндірушілердің теңіз шельфтеріне шабуылына қарсы тұра алмайтындықтарын, бұл бекіре үйірлерінің қырылуына әкелетіндігін айтып өтті. Газмұнай комплексі маңайында аса уайымдататыны атмосфераның, топырақтың және сулардың мұнаймен белсенді ластану зонасында тұратын тұрғындардың денсаулығы. Мұнаймен ластануға байланысты аурулардың бар екендігін растайтын көптеген зерттеулер бар. Қан және қан айналым мүшелерінің ауруы республика бойынша қарағанда Қазақстанның солтүстік аудандарында 2-4 есе көп.Мұнай алу барысында ашық фонтандар мен суасты мұнай өнімдерінің жарылуы барысында мұнайдың локалді төгілуі болуы мүмкін. Суқоймасы бетін мұнай және мұнай өнімдерінен тазарту келесі факторлардың кесірінен қиынға соғады: мұнайды судан айыруға кедергі жасайтын мұнайдың жоғары тұтқырлығы; көп тазалау аудандарының; ағын және желдің кесірінен мұнайдың жайылуы; гидрометеорологиялық жағдайларға және т.б. Осының барлығы үлкен экономикалық және экологиялық шығындарға әкеліп соғады. Айта кететіні, қазіргі уақытта барлық акваторияда ұйымдасқан бақылау жүйесінің болмауына байланысты Каспий теңізінің ластану мөлшері туралы да, техногенді заттардан шыққан химиялық заттардың сапалық құрамы жайлы да нақты ақпараттар жоқ. Улағыш заттар туралы қолда бар ақпараттар ластану көздерін анықтау кезінде антропогенді және биогенді құрамдарын ажыратып бере алмайды.Сондықтан, рессурстарды пайдаланғанда және қорғағанда, қоршаған ортамен теп-теңдік сақталуы керек.

     

                Қорытынды

    Каспий мен оның жағалауындағы экологиялық проблемалар сол аймақтағы елдердің экстенсивті экономикалық дамуының себебі болып табылады. Оған ұзақ уақыттағы табиғи өзгерістер (теңіз деіңгейінің ғасырлық ауытқуы, климаттың өзгеруі) мен осы күнгі әлуметтік-экономикалық проблемалар(ауыспалы период, экономикалық кризис, конфликттер, транснациональды корпорациялардың енуі) да қосылады.Тілшілер Каспийді қандай да бір мемлекеттің “қызығушылық сферасында” екенін айта отырып, сол мемлекеттер “Каспийдің әсері сферасында” деген фактты ұмытуда. Мысалы, Каспий мұнайына салынған 10-50 млрд доллар шамасындағы батыс инвестициялардың фонында каспий шабақ балықтарының жаппай қырылуының экономикалық салдары “бар болғаны” 2 млн доллар мөлшерімен сипатталады. Алайда бұл шығын 200 мың тонна арзан ақуызды тағаммен өлшенеді. Каспий маңы аймағында керекті заттардың аздығынан туған тұрақсыз жағдай, әлеуметтік тәуекел батыс мұнай базарында аса үлкен қиыншылықтарға алып келуі мүмкін, ал келеңсіз жағдайда тіпті кең масштабты отын кризисін туғызуы мүмкін.Адамзат әрекетіне нұқсан келтіретін зиянның көп мөлшері экономикалық есептің сыртқы бетінде қалады. Биоәркелкілік пен экологиялық қызметтерге экономикалық баға беру әдістерінің жоқтығы каспий маңы елдері кен табу мен аграрлы индустрияны дамытып, ал биоқор, туризм және рекреацияның тежелуіне әкелді. Каспий теңізі бассейнінде көмірсу ресурстарын талдау және қолдану барысында қоршаған ортаны сақтау шараларын жүргізу керек. Каспий теңізінің аймағы кризис сатысында тұрған экологиялық зоналарға кіреді. Сондықтан да, Каспий маңындағы мемлекеттер көмірсу шикізаттарын шығару барысында  каспий экожүйесіне техногенді әсерді тоқтатын немесе азайтатын біркелкі, нормативті және құқықты документ шығаруы тиіс. Егер осы елдер табиғи ресурстарды бірігіп пайдаланып, өсімдіктер мен жануарлардың санын көбейту жөнінде жұмыстар жүргізіп, сонымен қатар табиғатты қорғаудағы іс-шаралар ұымдастырғанда ғана Каспийді сақтап қалу мүмкін. Каспийдегі апат жағдайында дереу іске қосылатын халықаралық қызметтердің маңызы зор. Сонымен бірге біз каспийдің экологиялық Фондын қажет етеміз. Себебі, қорғаныс қаражатсыз мүмкін емес.15Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық мониторингтің дамуы әр мемлекеттің маңызды проблемасы болып есептелінеді.Жоғарыда айтылғанның барлығы біздің мұнай-газ кен орындарының өнімдеріне қарсы екенімізді білдіре ме? Әрине жоқ. Мәселе қайда және қалай өндіру керек. Мұндағы менің айтарым анықтан анық: көмірсу шикізаттарын өндіру тек су және су маңы флора мен фаунаға мүлдем зиян келтірмейтін аймақтар мен сол мақсатты қуалайтын әдістермен өткізілу керек. Дүниежүзілік тәжірибеге қарағанда бұл әбден мүмкін. Болашақ біздің қолымызда…Қазақстан Республикасының экологиялық заңды қарай отырып, бақылауды күшейтуді және жаңа нормативтік актілерді қолданған жөн. Каспий теңізінің қатерінің алдын алу үшін мұнай өнімдерін алуды қысқарту, теңіздің биологиялық рессурстарын кепілдікке алу , мұнай операцияларын қадағалау керек. Сонымен қатар Каспий суының санксиялық төлемін көбейту керек. Сонда ғана біз Каспий болашағынан үміт күте аламыз.

     

    ҚР, Астана қ., Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

    Биология және биотехнология  кафедрасының

    БТ-21 студенті  Нурбекова Жадырасын Ақбергенқызы

    Жетекші: оқытушы Абаш Алтынгул Сембайқызы

    Категория: Биотехнология | Просмотров: 989 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024