Воскресенье, 19.05.2024, 08:48
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 20 » Кәсiби мамандық иелерi
    19:43
    Кәсiби мамандық иелерi

    Айдында жүзедi,

    Тiрi күмiс сүзедi.

    (Балықшы)

    Алатаяқ ұстаған,

    Жол тәртiбiн нұсқаған.

    Өмiрiңдi күзеткен,

    Ысқырығы күштi адам.

    (Милиционер)

    Өнерге тән жаратқан,

    Көкiрегi кең аспан.

    Барша жұртты қаратқан,

    Бейнегер кiм тым асқан?

    (Қылқалам шеберi)

    Маңдайға жағып шырақты,

    Лавалардан тұрақты.

    Ағызып отын өзенiн,

    Жылытқан кiм суретiн?

    (Бейнегер)

    Жасыл желек көгалда,

    Бiрде артқа,

    Бiрде алға,

    Желаяј көп бала,

    Таласып жүр бiр шарға.

    (Футболшылар)

    Өңкей сығай екi топта,

    Таласып жүр бiр допқа.

    (Футболшылар)

    Жолының көп азабы,

    Сондадағы тынбайды.

    Жаңалықты жазады,

    Көпшiлiктi тыңдайды.

    (Журналист)

    Кең байтақ туған жерiме,

    Кетпесiн деп жат iз өтiп.

    Тыныштық тiлеп елiме,

    Отанды кiм тұр күзетiп?

    (Жауынгер)

    Арқан байлап белiне,

    Шымырлықпен бекiне.

    Өрмелейтiн қай өрен,

    Шыңның шырқау шегiне?

    (Альпинист)

    Шың басына өрмелеп,

    Күнге ұмтылар дөңгелек.

    (Альпинист)

    Айлар бойы жүзедi,

    Жердi көрмей жүредi.

    Ақ жал таумен алысқан,

    Адамды кiм бiледi?

    (Теңiзшi)

    Төл өсiрiп момақан,

    Уыз iшкен қоймалжың,

    Бiлсең айтшы, балақан,

    Еңбегi зейнет кай малшы?

    (Қойшы)

    Тұлғалы кең иығы,

    Мұнара оның тұрағы.

    Маң далада бұйығы,

    Сөнбей жанса шырағы,

    Жер астының сұйығы

    Фонтан болып шығады.

    (Мұнайшы)

    Ол жетсе ауылға,

    Самсар жұлдыз торабы,

    Нұр шашып тұрады.

    (Электршi)

    Күмiс қанат, сұңқары,

    Көкке еркiн сүңгидi.

    Бұлттан да тым әрi,

    Кеткен жанды кiм дейдi?

    (Ұшқыш)

    Өрнектеп, сәндеп,

    Тiгiстерiн бүгетiн.

    Солпысын жөндеп,

    Кiм көйлек тiгедi?

    (Тiгiншi)

    Қалпағы ақ қарасаң,

    Дәрiгер емес, бiрақ ол.

    Дәм мәзiрiн қаласаң,

    Алға ұсынып тұрады ол.

    (Аспаз)

    Топырақтың құнарын,

    Дәл тауып құрамын,

    Қай жерде қай дақыл,

    Өнiм берер бай дақыл,

    Зерттеп дәйiм жүретiн,

    Кiм бәрiн бiлетiн?

    (Агроном)

    Көрiнбейдi өзi,

    Естiледi сөзi.

    (Радио дикторы)

    Жалтылдап қалағы,

    Салатын кiм қаланы?

    (Кiрпiш қалаушы)

    Қараңғыны қақ жарып,

    Жүрген кiм шам жағып?

    (Монтер)

    Бал татыған мәзiр,

    Ол бар жерде әзiр.

    (Аспаз)

    Өскен шашты жаратпайтын,

    Қайшысы бар жалақтайтын.

    (Шаштараз)

    Оның тiккен бұйымы,

    Аяғыңды қаптайды,

    Шыға қалса жұлымы,

    Әдемiлеп баптайды.

    (Етiкшi)

    Ортасында сан халық,

    Белдескенде жан салып.

    Жерге тимей жотасы,

    Атанған күш атасы,

    Айбаттыны кiм дейдi,

    Қайраттыны кiм дейдi?

    (Балуан)

    Көкке ұшқан шарықтап,

    Шаңырақтың бауынан.

    Ұстап үстем қалықтап.

    (Парашютист)

    Дабылға тез жететiн,

    Жалынға сүңгiп кететiн.

    Қақалса да түтiнге,

    Тайсалмайтын батыл кiм,

    Жасқанбайтын батыр кiм?

    (Өрт сөндiрушi)

    Рояльда ойнайды,

    Бiрақ та ән салмайды.

    (Әрiп терушi)

    Құрып қойып өрмегiн,

    Ұршықтарын ойнатып.

    Сәндi мата өрнегiн,

    Жасайтын кiм жайнатып?

    (Тоқымашы)

    Ұзын-ұзын жолдар бар,

    Үйрек қонар көлдер бар.

    Ат үстiнде шокиып,

    Отыратын күндер бар.

    (Өрмек тоқушы)

    Отан үшiн жан берiп,

    Жоғалтқанмен ол атын.

    Жүрегi бар мәңгiлiк,

    Халықпен бiрге соғатын.

    (Белгiсiз солдат)

    Екi шекпен күмбiрлеп,

    Көңiл сазын сапырады,

    Тұлпар шабыс дұмбiрлеп,

    Желпiндiрiп отырады.

    (Күйшi)

    Категория: Жұмбақтар | Просмотров: 585 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024