Воскресенье, 19.05.2024, 09:08
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 20 » Күйеу таңдаған қыз
    18:48
    Күйеу таңдаған қыз

    Баяғыда бір ханның елден асқан сұлу, ақылды қызы болыпты. Хан қызынын ешкімге атастырмапты. Ол:

    — Қызым кімді сүйсе, соған барсын, — дейді екен.

    Бір күні хынның қызы әкесіне келіп:

    — Әке, менің ерге шығатын уақытым болды, кімде-кім көңіліме жағатындай сыйлық әкелсе, сол кісіге ризалығымды беремін. Осы ойымды сізге айтуға келдім, — дейді.

    Әкесі қызының сөзін мақұлдап:

    — Ей, халайық, кімде-кім қызымның көңіліне жағатындай сыйлық әкелсе, қызымды соған беремін, — деп, шаһардағы хылыққа жар салыпты.

    Хан қызының сұлулығына есі кеткен жігіттер, байдың мырзалары әр жерден келіп жатады. Бірі ішік, бірі патсайы көйлек, енді бірі алтынмен әшекейленген етік әкеледі. Хан қызының көңіліне бірде-бірі жақпайды. Сыйлық әкелгендердің басы салбырап, үйлеріне қайтады.

    Осы мезгілде үш шаһардан үш кісі бағын сынамаққа хан еліне қарай шығады. Хан елінің күре жолына келгенде үшеуі бір-біріне жолығады. Олардың Бірінде сыйлыққа кілем, екіншісінде айна, үшіншісінде бір алма болыпты. Жол-жөнекей үш адам хан қызына әкеле жатқан сыйлықтарының қасиеттерін айтады.

    Бірінші жігіт:

    — Менің кілемім көзді ашып-жұмғанша қалаған жеріңе жеткізеді, — дейді.

    Екінші жігіт:

    — Ал, менің айнама қараған адам жер үстінде не болып жатқанын көреді, — дейді.

    Үшінші жігіт:

    — Менің алмам – жанға шипа, тәнге дәрі. Егер алманы жесе, өлген адам тіріледі, — дейді.

    Осы кезде кілемі бар жігіт, айнасы бар жігітке:

    — Айнаңа қарашы, жер үстінде не болып жатыр екен? –деп өтінеді.

    Жігіт айнаға қарап:

    — Хан қызы кірпігі ғана қимылдап, әл үстінде жатыр екен? — дейді.

    Мұны көрген жігіттер екіншісінің кілеміне отыра салып, хан қызы жатқан сарайға лезде қалықтап ұшып келеді. Үш жігіт келгенше қыз өліп қалған екен. Сол арада үшінші жігіт барып, алмасын жегізіп, қызды тірілтіп алады. Үшеуі де әкелген сыйлықтарын тірілген хан қызының алдына тартады. Хан қызы кілемді, айнаны өз иелеріне қайтарып береді. Ал, алмасы бар жігітке тұрмысқа шықпақ болады.

    Сонда кілемі, айнасы бар жігіттер тұрып:

    — Біздің сыйлығымыз ешкімдікінен де кем емес, егер айнамен қарап көрмесек, кілемге отырып жылдам ұшып келмесек, сіз өлген болар едіңіз. Неліктен сіз алма әкелген жігітті таңдадыңыз, — деп, өкпе айтады.

    Сонда қыз тұрып былай дейді:

    — Кеш келсе де, ол жігіт мені тірілтіп алар еді. Бұл бір, екіншіден, мен алмасын жеп қойдым. Енді мен ол алманы қайтарып бере алмаймын. Ал сендердің айналарың мен кілемдерің өздеріңде, — дейді.

    Екі жігіт осылай сөзден жеңіліп, еліне қайтып кетеді. Қыз алма әкеліп тірілткен жігітке қосылып, бақытты ғұмыр кешеді.

    Категория: Ертегілер мен аңыздар | Просмотров: 759 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024