Воскресенье, 19.05.2024, 07:56
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 20 » ИТАЛИЯ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ
    19:38
    ИТАЛИЯ ЖУРНАЛИСТИКАСЫ

    Италия журналистикасының бастау көздері Римнің сонау кездері пайда болған. Мысалы, «Акта дьюрна попули романи» («Рим халқының күнделікті ісі») деген антикалық дәуірімен байланыстырылады. Ол кезде жыл сайын немесе белгілі бір уақытта қолжазба түріндегі газеттер мемлекет өмірі, қоғамдық оқиғалар, соғыстар мен әртүрлі ойындар туралы мәліметтер жариялап тұрған. Цезарьдың бұйрығы бойынша «Комментариус рерум новарум» («Жаңа окиғалар туралы жазбалар») деген апталықты 300 құл көшіріп, 10 мың тираждан астам данамен таратып отырған.

    Ал негізінен бұл елдегі «журналистиканың бесігі» Венеция болып саналады. Өйткені онда ХҮ-ХҮІ ғасырларда саяси газет саналатын «жаңалықтар листогы» (парақшасы) шықты. Онда да ішкі-сыртқы оқиғалар мен фактілер, сауда, дін туралы жарияланды. Ал типографиялық тәсілмен шығарылған алғашқы шығарма Цицерондікі болды. Ол 1468 жыл еді. Содан кейін кітап басу ісі әр жерде қолға алына бастады. ХҮШ-ХІХ ғасырларда «Каффе» деген және «Обсерваторе» («Бақылаушы») деген энциклопедиялық әрі әдеби журналдардың шығуы айтуға тұрарлық еді.
    Бүдан соң елде цензура күшейіп, кедергі бола бастады. Сондықтан басылымдар өткір саясатқа араласпай, жеңіл нәрселерді жазуына тура келді. Дегенмен қанша қыспақ болса да, өздігінен әрі жасырын шығып түратын «Дэй э пополо» («Құдай мен халық») және «Джустициа э либерта» («Әділдік пен бостандық») деген газеттер патриоттық бағытты ұстады.
    Италия біртұтас ұлттық мемлекет ретінде 1870 жылы құрылды. Сөйтіп 1946 жылға дейін монархиялық басқарумен келді. Бұл елдің нағыз профессионал , газеттері шындығын айтқанда Англия мен Францияның үлгісімен қалыптасты және тираж мәселесі де бұл елдерге жетпейтін. Англия, Францияда тираж миллионға жеткенде, Италияда 100 мыңның маңайында ғана болды. Сол уақыттары «Секало» («Ғасыр»), «Коррьере делла сера» («Кешкі почта»), «Мессаджеро» («Хабаршы»), «Маттино» («Таң») деген газеттер шығып тұрды.
    XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Италия журналистикасы партиялық баспасөз ретінде әжептәуір дамыды. Бұл ретте республикалық партия мен социалистер партиясының көп әсері болды. Республикалық партия «Джорнале дель пополо» («Халықтық газет»), «Италия дель пополо» («Халықтық Италия») деген, ал социалистер «Аванти!» («Алға»), «Темпо» («Время») деген газеттер шығарды. 1920-45 жылдар аралығында фашизмнің пайда болып, Еуропа елдерін жаулап ала бастауына байланысты Италияның дамып келе жатқан баспасөзі тоқырап қалды. Сол жылдары жасырын түрде «Унита» ( Бірлік») компартия газеті шығып тұрды. 1946 жылы Италия республика болып құрылды да, елде көп партиялық жүйе пайда болды. Мүның өзі баспасөздің көбеюіне жол ашты. Айталық, 50-ші жылдардың аяғына қарай елде 90-нан астам күнделікті газет және 5000-дай саяси, экономикалық, ғылыми, әдеби басылымдар шамамен 8 миллион тиражбен шықты. 70-ші жылдары Италияда газет тиражының өсуі байқалды. Бұл соғыстан кейінгі баспасөздегі өрлеу болды. Яғни, баспасөз тиражы 30 процент ұлғайды. 1980 жылы елдегі газет тиражы 5 миллионнан асты, ал 1987 жылы 6,5 миллионға жетті. Италиядағы газет пен журналдың айырмашылығын бөліп айту керек. Елдегі журналдың бір жолғы тиражы газеттен бірнеше есе асып түседі. Мәселен ай сайынғы журналдар 38 миллион дана болса, апталықтар 24 миллион дана. Жасы үлкен газет оқырмандары 41 процент болса, журнал оқитындар 70 процентке жуықтайды. Сөйтіп, журнал шығару ісінде Италия көптеген елдерге қарағанда алдыңғы қатарда. Әсіресе, телепрограммаға және автомобилистерге арналған журналдар жарты миллион тиражға жуықтайды. Сондай-ақ көп тиражды басқа да журналдар қатарында информациялық апталықтар «Эпока», «Панорама», «Экспрессо», «Оджи», «Дженте» деген басылымдар бар. Әрине, бұл елде де басқа Еуропа елдері секілді бұқаралық ақпарат құралдарына деген монополия, қаржы қожайындары, жарнамамен пайда түсіру секілді іс-әрекеттер орын алған. Бұл орайда Аньелли есімді әулеттің тасы өрге домалап, айрықша көзге түседі. Олар бірнеше мерзімді басылымдардың иесі, яғни баспасөз өндірісінің өкілдері, миллионерлер.
    Ал радио мен телевидение туралы айтар болсақ, елде радио 1924 жылдан, телевидение 1954 жылдан басталады. 1984 жылы елде 14 миллиондай телеабонент болса, оның ішінде 6 миллионы түрлі-түсті телевидение көрермені, радио тындаушылар 15 миллионға жуық еді. Италия әлемде телестанцияның көптігі жөнінен тек АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алады. Мұнда 7 ұлттық және 500 жергілікті телестанция бар. Сұрау жүргізіп байқағанда 90 процентке жуық адам телевидение көрсе, 50 процентке жуық адам радио тыңдайтынын айтқан.
    1977 жылы телевидениеге мемлекеттік монополия жойылғаннан кейін, Берлускони жергілікті кабельдік телестанцияға 1 миллиард лир қаржы жұмсаған, сөйтіп коммерциялық ірі үш телесетті иемденген. Жарнамалық бизнесті күшейткен. Алайда бұған қарағанда мемлекеттік телевидение көрермендер аудиториясын көбірек қамтиды.
    Ал Италияның информациялык агенттігі 1945 жылы кооперативтік негізде құрылған. Қазір ол күнделікті газеттердің басым көпшілігімен бірлесе жұмыс істейді. Агенттік жер жүзінің 65 елімен информация алмасып тұрады. Радио, телестанциялар да оның қызметін пайдаланады. Италия тілінен басқа, испан, француз, ағылшын тілдерінде хабарлар таратады. Елде және шетелде корреспонденттік жүйесі жұмыс істейді.

    Категория: Журналистика | Просмотров: 2299 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024