Воскресенье, 19.05.2024, 10:39
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 11 » Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты
    17:40
    Егеменді Қазақстанның мәдени саясаты

    1.Қазақ мәдениетінің бастаулары.

    2. Дәстүр жалғастығы және заман талабы.

    Қазақ мәдениеті еуразиялық ұлы дала көшпелілерінің мұрагері болып
    табылады. Сондықтан осы ұлттық мәдениетті талдауды номадалық өркениет
    ерекшеліктерінен бастайық.

    Мәдени кеңістіктің маңызды қасиеті – оның тылсымдық сипаты. Мысалы,
    «ата қоныс» ұғымы көшпелілер үшін қасиетті, ол өз жерінің тұтастығының
    кепілі және көршілес жатқан мекендерге де қол сұғуға болмайтыныдығын
    мойындайды. Ата қоңыстың әрбір жағрафиялық белгілері халық санасында
    киелі жерлер деп есептелінеді, яғни қоршаған орта киелі таулардан, өзен
    – көлдерден, аңғарлар мен төбелерден, аруақтар жататын молалардан т.б.
    тұрады.

    Белгілі бір парасаттылық, ізгілік, ұстамдылық, интуициялық жоғары
    қабілеттері жоқ адамдар қатал далада өмір сүре алмас еді. Мәдениет
    олардың арасындағы нәзік үндестікті (гармонияны) білдіретін дәнекер
    қызметін атқарады. Қазақтың төл мәдениетінде экологиялық мәселе
    әдептілік жүйесіндегі обал және сауап деген ұғымдармен тікелей
    байланыстырылды.

    Шексіз далада бір орнында тоқталып қалу көшпелілік тіршілікке сәйкес
    келмейді. Ол мезгілдік, вегитациялық заңдылықтарға бағынып , қозғалыс
    шеңберінен шықпайды. Әрине бұл қозғалыс негізінен қайталанбалы, тұрақты
    сипатта болады. Қуаң даоаны игеру табиғатты өзгерту емес, қайта оның
    ажырамас бір бөлігіне айналуға бағытталған. Яғни, адам табиғат
    құбылыстарына тәуелді болып қалады.

    Енді қарастырып отырған өркениеттін кеңістікті игеру құралдарына
    тоқталып өтейік. Бұл жерде ең алдымен көшпелілер өміріндегі жылқының
    ерекше бір қызметіне назар аударған. Жылқыны адам еркіне көндіру арқылы адамзат кеңістікті меңгеру ісінде үлкен қадам
    жасады. К. Ясперстің пікірі бойынша, тағылықтан өркениетке өтуде жер
    суару жүйелерін жасаумен, жазудың ашылуымен, этностардың пайда болуымен
    қатар жылқыны пайдалана білу адамзат үшін өте маңызды болды.

    Атқа мінген адам жерден өзінің босай бастағанын, еріктілік
    мүмкіндіктерінің молайғанын және ғарышқа жақындай түскенін сезінеді.
    Жер – Ана оны қаншама босатқысы келмесе де, ол шексіз әлемге өзінің
    қадамын нық басады. Халық дәстүрінде де тәй – тәй қадам басқаның
    нәрестенің тұсауын кеседі.

    Әртүрлі түріктік алғашқы дала империялары мен мемлекеттері, араб
    халифаты , Шыңғысхан империясы, Алтын орда мен Ақсақ Темір мемлекеттері
    уақыт сынағынан өтпеді. Олардың құрамындағы халықтардың рухы күшпен
    енгізілген бірлік белдеуін үзіп тастады. Бұл процесті әр түрлі
    бағалауға болады. Қалыптасып келе жатқан этностар (қазақтар, өзбектер,
    түрікпендер ж.т.б.) тұрғысынан көшпелік империялардың ыдырауын қолайлы
    құбылыс деп тануға негіз бар…

    Бірақ бұл ыдырау уақыты номадаларды қоршап тұрған отырықшы
    империялардың есін жинап, қарсы шабуылға көшуіне мүмкіндік берді. Ол
    Еуразияда жаңа геосаяси жағдайды тудырды. Қазақ мәдениетінің дәстүрлік
    уқыты оның ұлт болып қалыптасуымен және өзіндік төл мәдениеттің пісіп –
    жетілуімен байланысты. Бұл кездегі мәдениет туралы түсініктер
    архетиптік уақыттың негізгі ерекшеліктерін жаңа мәдени хронотопқа
    байланысты жалғастырды. Осыған қатысты тағы бір пікір әдебиетте жиі
    келтіріледі: бұрынғы архетиптік түрік мәдениетінің басты құндылықтарын
    бойына толық сақтаған түріктік этностарға қазақтар, қырғыздар,
    ноғайлар, қарақалпақтар, қашқайлар, башқұрттар ж.т.б. жатады. Өйткені
    олар ХХ ғасырға дейін бұрынғы көшпелілік өмі салтын жалғастырған. Бұл
    тұрғыдан алғанда, қазақ халқының мәдениет туралы дәстүрлі түсніктерінің
    негіздері өзгерістерге көбірек ұшыраған басқа халықтар үшін архетиптік
    қызмет бар. Сонымен, Орталық Азияның және жапсарлас жатқан аймақтардың
    номадалары Х – ХІІІ ғасырларда өркениеттілік уақыт өрісіне
    тартылғанымен, кейін ыдырау және этностық қалыптасу кезінде уақыттың
    дәстүрлі түсініктерін қайтадан жандандырады. Яғни, дәстүрлік уақыт
    халықтық дүниетанымда фольклорлық уақыт арқылы бейнеленді.

    Категория: Әлеуметтану, Саясаттану | Просмотров: 837 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024