Воскресенье, 19.05.2024, 07:11
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 11 » Дала мен қала
    17:27
    Дала мен қала

    АСҚАҚТА, АСТАНА!

    Елорда мен Елбасы – егіз ұғым. Арқадағы Астана мен оны салған Азаматтың аты қатар аталады, қатар қастерленеді.  Туған күніңмен, еңселі елорда! Туған күніңізбен, ардақты Нұрсұлтан Әбішұлы! Мереке құтты болсын, қадірлі халайық!

    _____________________

    ДАЛА МЕН ҚАЛА

    Астананың елордалық «өтілі» тағы бір жылға көбейді. Қа­лалық, республика­лық, халықаралық ауқымдағы аса маңызды оқиғаларға толы болып өткен уақыт елорданың қалып­та­суы­ның, елдің және Елбасының арасындағы ғажайып байланысты бұрынғыдан да  айшықты аша түсті.

    Қала да бейне-бір жанды ағза сияқты. Ол да дүниеге келеді, өседі, кәмелетке толады. Астана­ның қа­лып­тасуы – өз бойына талай бірізді кезең­дерді қамтитын тарихи үдеріс. Ол кезеңдерді әлем­нің барлық әйгілі қалалары бастан кешкен. Әйтсе де, Астананың олардан түбегейлі ерекшелігі болды: біздің елордамыздың бұл жолды қысқа мерзімде, былайша айтқанда экстернмен өтуіне тура келді. Басқадай жол да жоқ-ты. Әкім­шілік орталықты көшіруді ұзақ жыл­дарға созып жіберу қаржыны шайып алуға соқтырып, бұл үдеріс­тің жеріне жетпей қалуы да мүмкін еді. Ең бастысы, астананы бір қа­ладан бір қалаға әйтеуір ауыстыра салу ешқашан мақсаттың өзі болған емес. Бұл істегі түпкі міндет әлеумет­тік-экономи­калық және қоғамдық-саяси оқиғалар­дың ба­рысына елеулі түрде ықпал етуге мүмкіндік беретін тірек нүктесін табуға тіреліп тұрған-ды.

    Астананы ауыстыру идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ойында сонау 90-шы жылдардың басын­да пісіп-жетілген еді, енді, бүгін өткен жылдар биігінен көз тастаға­нымызда, біз сол шешімді жалғыз ғана дұрыс шешімге айналдырған тарихи оқиғалардың ой қисынын көре аламыз. Сол кезеңде экономикалық, инфра­құрылымдық, әл­еу­­мет­­тік дағдарыс ба­рынша асқынып тұрған бо­латын.

    Қатар қиыстырып қарасақ, Қазақстан ол тұста Астананың құрылысы жаңа басталып жатқан сол жағалауын еске салғандай еді. Конституциялық-мемле­кеттік құрылымның «тіреуіш діңгектері» мықтап қағылып, осы заманғы нарық экономика­сының іргетасы қаланған, әлеуметтік дамудың бас желілері төсе­ліп, сыртқы әлеммен байланыс­тың ком­муникациялары жолға қойылған бола­тын. Жұмыс белгіленген бағытта жүріп жатты, алайда, өзгерістердің қиын-қыс­тау кезеңінде, кез келген құрылыс алаңындағы сияқты, жағдай жайсыздау еді, ең бастысы, «қасбеттердің», яғни көзге көрініп тұрған нәтиженің болмауы дүдәмал күйге түсіретін.

    Қоғамды батыл жобаның төңірегіне топтас­тыру қажет болды, оның табысқа жетуі, ішкі және сыртқы жағдаяттардың қаталдығына қара­мастан, елдің асқа­ралы асуларды ала алатынын көрсетуге тиісті еді. Ұлттың рухын  жаңа биікке көте­р­е­тін, сонымен бірге, көрнекті күй­де көзге түсетіндей, нақты мазмұнға толы кеуделі бағдар қажет етілді. Халық­тың көңіл-күй ауанын дәл сезіне оты­рып,  Президент кейіннен шын мәнінде аңсар тұтарлықтай болып шыққан нұсқаны таба білді. Жаңа астананың құры­лысы материал­дық күш пен рухани серпілістің ілуде бір кездесетін үздік үйлесімі бо­лып шықты.

    Осы артықшылықтарды пай­далану үш­ін астананы дәл осылайша – тез әрі батыл көшіру қа­жет еді. Сөз бар ма, мұндай стратегия белгілі бір тәуе­келмен түйісіп жататын. Шы­нында да, егер Астананың салынуы тығы­рыққа тірелгендей болса, алда  күтіп отыр­ған артықшылықтар ора­сан ора­шолақ­тық­тарға орын босатар еді. Бұл таңдаудың жауапкершілік жүгін көзге елестетудің өзі оңай емес, оны Мемлекет басшысы, әрине, дәл пайым­да­ды да. Ақиқаттың басы ашылар шақ туды.

    Шынтуайтында, Нұрсұл­тан Назарбаев сол кездің өзін­де ұлттың көш­бас­шысы ретінде қалыптасқан бола­тын. Өйткені, көш­бас­шылықтың бас­ты сипаты да жаңа қуатты идеяны ұсы­нудан, онымен адамдарды жігерлендіруден, сөйтіп, оны халықпен бір­ге жүзеге асыра білуден танылады ғой.

    Ал бұл үшін барып тұрған алапат қуат жұмсау қажет еді. Астананы елдің ортасына ауыстыру керектігіне жұрттың көзін жеткізумен қиын­дықтар біте қалған жоқ, қайта олар жаңадан басталды. Астананың тұсау­кесері алдындағы газеттер тігінділерін бүгін ақтарып қарар болсақ, тәй-тәй басқан елорданың ертеңіне орай айтылған сынның, күдік-күмән мен түңіле-торыға айтылған  болжамдар­дың көптігіне көз жеткіземіз. Тіпті қала дамуының келешегіне онша көп күмән келтірмегендердің өзі оның болашағын онша бай-қуатты етіп суреттей қоймайтын. Мысалы, қаланың құрылыс көкжиегі бірнеше бизнес-орталықтармен және автокөлік жол­дарымен ғана байланыстырылды. Мұ­ның өзі түсінікті де, өйткені, сонау 90-шы жылдардың аяғында кейін жүзеге асырылған реформалардың ар­қасында қол жеткен қуатты эконо­микалық және әлеуметтік өрлеуді көзге дәл елес­тете қоятын адамдар аз да еді.

    «Қазіргі Астана – Сіздің ұл­тыңыздың ерік-жігерінің, жаңаруы мен жұмылуының символы» – Франция премьер-министрі Франсуа Фийон Қазақстанға сапары кезінде Елбасымызға осылай деді. Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан Ги Мунның бағасы мынандай: «Астананың ажары – жаңа Қазақ­станның бедерлі бейнесі. Бұл қала әртүрлі этносқа жататын, әртүрлі дін ұстанатын бір ұлт ретінде үйлесімді өмір сүретін адамдардың ортақ үйі, ол өңірдегі ең қарқынды дамыған және экономикалық жағынан табыс­ты қалаға айналған».

    Саяси қайраткерлердің Астананың дамуы мен бүкіл елдің дамуының парапарлығын бірауыздан айтатыны неліктен? Олай болатыны, қазірдің өзінде бүкіл әлемдік қоғамдастыққа мына жайдың басы ашық: Астана­ның асқақтауында Қазақстан өркен­деуінің өрнегі тұр. Астанада атымен жаңадан салынған, көрген жанды қайран қалдыратын сол жағалау мен ең үздік үлгі-қалыптар бойынша жаңғырты­лып жатқан ескі бөлік өзара жарасым тапқан. Қазақстанда да солай: біздің елімізде бұрынғы жетістіктерді қи­рат­пай, оларды жаң­ғырта отырып, ортақ модельге  үйле­сім­ді етіп, жаңа мемлекет құрудың сәті түсті. Нұр­сұлтан Назарбаевтың осынау бірегей ұстанымы Астананың да, бүкіл Қазақстанның да табысына жол ашар кілтке айналды.

    Қала бет-бейнесінің қалай өзгер­генін бағалауға мүмкіндік беретін объективті өлшемдер кешені болады. Ең алдымен, өмір сүруге жай­лы­лығы. Астананың қазақстандықтар үшін тартымды орынға айналғаны­ның даусыз дәлелі қала халқының серпінді өсуі, қазірдің өзінде елорда тұрғындарының саны көптеген са­рапшылар 2030 жылы ғана жетеді деген межеге жақындап қалды. Астана мәртебесін алғалы бері елордада бала туу 80 пайызға жуық өсті!

    Құрылыстың бұрын-соңды болып көрмеген қарқыны тұрғындарды осы заманғы пәтерлермен, мектептермен, ауруханалармен, әлеуметтік инфра­құ­рылыммен қамтамасыз етуді ана­ғұрлым арттыруға мүмкіндік берді. Қалада медицина кешені құрылды, ол халықаралық деңгейдегі өз қыз­метін тек елорда тұрғындарына ғана емес, бүкіл қазақстандықтарға көрсе­теді. Оқу орындарының ұдайы өсуі Аста­наның елдің білім беру және ғылыми-зерттеу орталығы ретіндегі рөлін арттыра түсті, олардың ара­сында Назарбаев Университеті ерекше орын алады. Астаналықтардың мәдени, шы­ғармашылық, спорттық әлеуетін арттыруға барлық жағдай жасалған.

    Қала дамуының ендігі бір объек­тивті өлшемі – экономикалық тұрғы­дан өзін-өзі қамтамасыз етуі. Соңғы он жылдың ішінде қаланың ішкі жалпы өнімінің көлемі 50 есеге жуық өсті, Астананың елдің ІЖӨ-сіндегі үлесі бір жарым пайыздан он пайыз­ға артты, инвестициялар 30 есе кө­бейді. Астананың құрылыс секто­ры отандық өнеркәсіптің серпінділігін қамтамасыз етті, ал бүгінде елорда инновациялық жобалардың түйіс­кен жеріне айналып, бүкіл эконо­микаға қарқын беріп отыр.

    Егер біз тек ірі қала, серпінді дамып келе жатқан қала жайында ғана емес, елорда жайында айтатын болсақ, онда нышанды оқиғалар сын­ды өл­шемді де міндетті түрде ауызға алуға тиіспіз. Астана елеулі  халық­аралық форумдар өтетін орынға айналды. Олар­дың арасында Астана Декла­ра­циясы қабылданған ЕҚЫҰ-ның тарихи Саммиті бар. Ислам Ынты­мақ­тас­тық Ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің сессия­сында қабылданған құжат та осындай атқа ие болды. Елордамызда күні кеше аяқталған бұл іргелі іс-шара да тарихи деп аталды, өйткені Қазақстан астанасында ұйым­ның жаңа атауы мен жаңа эмблемасы жөнінде шешім қабылданды.

    Астана Бүкіләлемдік Ислам эко­номикалық форумын, аса беделді халықаралық құрылымдардың бірі болып табылатын  Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымының мерейтойлық саммитін қабылдады. Біздің жас астана­мызда Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі сияқты теңдесі жоқ оқиғалар дүниеге келді. Оның үстіне, Астана әлемдік деңгей­дегі мәдени және спорттық іс-шара­ларды өзіне тартып тұратын орынға айналуда. Бұл орайда қысқы Азиада-2011-ді еске алудың өзі жеткілікті.

    Нышанды сәулет нысандарының да маңызы ерекше, оларсыз қала көш­басшылық сипатқа ие бола ал­майды. Астанадағы ондай нысан­дар­ды санап шығудың өзі біраз уақытты алады. Бір-бірімен қосыла келгенде олар дала төсінде орнаған елорданың барлық қонақтары қадір тұтатын қа­ланың өзгеге ұқсамайтын төл бейнесін құрайды. «Астана-Бәйтерек» монументі мен Бейбітшілік және келісім сарайы сияқты айшықты ғимараттар аса көрнекті жетістіктер қатарына қо­сылады», деп атап өтті Еуропа Ода­ғының сыртқы саясат мәселелері жә­не еуропалық көршілік саясат бой­ын­ша комиссары Бенита Ферреро-Валднер. «Астана­ның орасан ірі әрі осы за­манғы жаңа ғимараттары архитек­ту­раның халық­аралық әлемінде әң­гіме тақырыбы болып келеді», дейді Гаага қала­сының мэрі Йозиас ван Аартсен.

    Осынау объективті өл­шем­­дер Ас­тананың тек әкім­шілік орталық ретінде ғана емес, ел жүрегі ретінде де табысты қалыптасқанын дау­сыз дәлел­дейді. Бұған осын­дағы әрбір іске Президенттің тер төге тынымсыз басшы­лық жаса­уы­ның арқасында қол жетті. Елбасы идеяларды ойлап тау­ып, іске қосумен шектеліп қалмай, әр­бір ны­санды жеке қамқорлығына алды, жаңа астананы жас баладай мә­пе­­леп, оның негізгі өлшем-қалып­тар­ға сай бо­луын қамдады.

    Елбасының ерік-жігерімен қалада тү­бірлі әлемдік үдеріс­терге қатысты­лық ауаны қалыптасты. Мұның өзі сондайлық табиғи түрде жүзеге асты, өйткені Қазақстанның өзі де өңірлік және халықаралық оқиғалардың пас­сио­нарлық қатысу­шысы ретінде та­ны­ла білді. Нұрсұл­тан Назарбаевтың өзі үшін саясаткер ретінде әлемдік ау­қым­дағы қайрат­керге айналу кезеңі туды.

    Мемлекет басшысының тағдыры жаңа астанамен жымдаса өрілген, сондықтан да Елбасының халықара­лық аренадағы аса биік беделі Аста­наның жаһандық қалалардың азын-аулақ таңдаулы тобына қосылуға деген ұмтылысына негіз қалайды. Бұл арада тиісті инфрақұрылымның бо­луы және халықаралық іс-шаралар­дың белсенді өтуі сияқты өлшем­дерден басқа да өлшемдер қажет болады. Жаһандық қала дегеніміз – әлемдегі саяси үдерістерге ықпал ететін шешімдер қабылданатын мекен, ол мемлекеттер мен өңірлер арасын­дағы коммуникацияның дәнекершісі, халықаралық ақпараттық-басқару-шы­­лық құрылымның бедерлі белгісі.

    Әлемге әйгілі жазушы Пауло Коэльоның: «Мен қазірдің өзінде Астананы дала төсінде жайқала өсіп келе жатқан гүлге теңей аламын. Қазақстанның жаңа астанасы мына дүниенің мәңгі тоқтамас көшпелілері мен дәруіштеріне жаңғырудың қан­дайлық маңызды екенін еске салып тұратын болады», деген  сөзін келтірудің орайы бар.

    Астананы жаһандық қала ретінде қалыптастыру мақсаты, бәлкім, қол жетпестей көрінер, алайда, бір кездерде бұл жерде тәуелсіз Қазақстан­ның астанасын салу идеясы да осындай болып көрінбеп пе еді?

    Әркімді әрқашан өз орнына  қоя­тын Тарих өзіне мәрмәрдан, қоладан, тіпті алтыннан ескерткіш тұрғызған көсемдерді біледі. Сонымен бірге, өздерінің келешекті көздеген шешімдері мен батыл қадамдары, өздері тұрғызған мектептері мен университеттері, театрлары мен стадиондары, көпірлері мен жолдары арқылы атта­рын мәңгілікке қалдырған  адамзат­тың  ұлы перзенттері де бар. Осының бәрі бір қаланың бойына тоғысып, ондағы төселген әрбір тас оны жа­саушының қамқорлығымен қаланып, оның рух қуатының бір бөлшегін танытып тұратыны да   болады.

    Орал МҰХАМЕДЖАНОВ,

    Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Төрағасы

    Категория: Әлеуметтану, Саясаттану | Просмотров: 716 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024