Воскресенье, 19.05.2024, 09:24
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 12 » Биотехнология
    19:16
    Биотехнология

    БИОТЕХНОЛОГИЯ МЕН ГЕНДI ИНЖЕНЕРИЯНЫҢ СОҢҒЫ ЖЕТIСТIКТЕРI

    Қоректенудiң жаңа көзi пайда болды: ол микроорганизмдерден алынатын бiрклеткалылардың ақуызы. Бұл мақсатта микроорганизмдердi қолдану көптеген жеңiлдiктер жасайды: себу үшiн көп жердiң қажетi жоқ; мал ұстайтын жердiң қажетi жоқ; микроорганизмдер өндiрiс пен ауыл шаруашылықтың ең арзан, қосымша заттарында тез өсе бередi (мысалы, мұнай өнiмдерi, метанол немесе қағазда). Бiрклеткалылардың ақуызын адамға жарайтын заттардың орнына малға қорек ретiнде қолдануға болады. Мысалы, осылай АҚШ-та фермерлер малға көп дәндi-дақыл бередi және осы дақылдарды бiрклеткалылардың ақуызымен алмастыру осы ауыл шаруашылық заттарын адамдар үшiн сақтауға көмектеседi.

             Шикiзат және ферменттi технология.

    Бактерияларды өндiрiсте көптеген маңызды заттар, спирттер, кетондар, органикалық қышқылдар, қанттар мен полимерлер алудағы жаңа әдiстердi шығаруда қолдануға болады. Бактериялардан шыққан ферменттердi заттардың химиялық трансформациясында мысалы, метанның этил оксиотыратын процесстердiң артықшылығы, ол дәстүрлi химиялық зауыттарда алынатын нәтижелердi, күнделiктi қысым мен температурада, жоғары қысым мен температураны ұстап тұру қажеттiлiгiмен байланысты еш тәуекелсiз аз жұмсаушылықпен алу мүмкiндiгi болып табылады.

    Генетикалық инженерия.

    Бiздiң генетика және молекулалы биологиядан бiлiмiмiз күннен күнге өсуде. Бұл ең алдымен микроорганизмдермен, соның iшiнде Escherihia coli бактериясы, жұмыс iстеумен байланысты. «Генетикалық инженерия» терминiн селекция сияқты бұрыннан белгiлi қабылдауға тiкелей манипуляция жасауға мүмкiндiк туғанда пайда болды.

    Генетикалық инженерияның жетiстiктерiнiң бiрi – бактерия клеткасында, адамдағы инсулин синтезiн кодтайтын гендер тасымалы.

    Қантты диабеттiң себебi инсулин гормонының жетiспеушiлiгi екенiн бiлген уақыттан бастап, бұл аурумен аурушыларға, жануарды сойғаннан кейiн, асқазан асты безiнен алынатын инсулиндi беретiн болған. Инсулин — бұл ақуыз, сол себептен осы ақуыз генiн бактерия клеткасына енгiзiп, мұндай бактерияларды өндiрiстiк көлемде өндiруге болады ма және оларды гормонның ең қолайлы және арзан көзi ретiнде қолдануға бола ма деген көптеген пiкiр-таластар туды. Геннiң ең сәттi тасымалдауында, көзге көрiнбейтiн қиыншылық жатыр, ол ақуыздың синтезiнiң эукариот пен прокариоттағы реттеушiлiк механизмiндегi мүмкiн болатын өзгешелiктермен байланысты. Қазiргi кезде адам инсулинiнiң генiн сәттi тасымалдап және осы гормонды өндiрiсте алуы басталды.

    Басқа адам үшiн маңызды ақуыз интерферон, ол вирусты инфекцияға жауап ретiнде пайда болады. Интерферон генiн бактерия клеткасына тасымалдап және болашақта бактериялар ауыл шаруашылығына қажет заттар, гормон, антибиотик, ферменттер сияқты эукариотты клетка заттарының бүкiл қосылыстарын өндiретiн «фабрика» ретiнде кеңiнен қолданылатын болады деп айтуға болады. Бактерия орнына ашытқыны (эукариоттар) қолдану мүмкiн және прокариоттың пайдалы генiн эукариот клеткасына, мысалы, азоттүзушi бактерия генiн пайдалы ауылшаруашылық өсiмдiк клеткасына енгiзудi естен шығармайды. Бұл ауылшаруашылық заттарды өндiруде маңызды орын алатын едi, себебi көптеген ақша жұмсалып, жақын маңдағы өзендер мен көлдi ластайтын, нитратты тыңайтқышты жерге себудi азайтып немесе мүлдем жоюға мүмкiндiк беретiн едi.

    Биологиялық  бақылау.

    Bacillus туысының белгiлi бiр түрi (мысалы, B. huningiensis) кейбiр көбелек пен қуыршақ құртына және соған туыс насекомдарды жұқтырып, өлiмiн туғызады. Басқа жануарлар мен өсiмдiктерге мұндай бактериялар әсер етпейдi. Бұл дегенiмiз, бiздiң қолымызда көптеген өсiмдiк зиянкестерiне қарсы күрестегi керемет қару бар болғандығы. Мұндай бактерия препаратын егiндi тозаңдандыруда қолданады.

    Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Просмотров: 580 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024