Воскресенье, 19.05.2024, 09:24
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 11 » Баймырзаұлы Балуан Шолақ
    18:32
    Баймырзаұлы Балуан Шолақ

    Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты Нұрмағанбет. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өткен. Балуанның әкесі Баймырза қара күшке мықты болмағанмен, өз төңірегіне танымал ағаш шебері болыпты. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған. Балуан Шолақ бала кезінде ақ балуандықпен аты шығып, ел ішіндегі жиын тойға қатысып жүреді.

    Цирк ойыншыларының ат үсті ойынын көріп, өзі де соларға еліктеп, ат үстінде тік тұрып шабу, ерге төбесімен тұрып шабу, шауып келе жатқан аттың бауырының астынан өтіп, ерге қайта түзеліп отыру секілді сан түрлі күрделі қимылдарды өзі де жасап, көпшілікке өнер көрсетеді. Мұның үстіне ән-күйге деген құштарлығы ерте оянып, Біржан сал, Ақан серінің әндерін бабына келтіріп, тамылжыта орындайтын болады. Бойына бірнеше өнерді жинаған дарынды жас бертін келе қасына өзіндей өнерпаз жастарды жинап, ойын сауық жасайды. Ел аралап, небір өнерпаздармен танысады. Әндерін өзі сүйіп орындайтын Арқа сазгерлерінің әншілік шығармашылық дәстүрін берік ұстанып, енді өзі де ән шығара бастайды. Ол шығарған «Көкшетау», «Желдірме», «Ащылы айырық», «Дікілдек», «Қос перне», «Құлан кісінес» әндері Арқа өңіріне кеңінен тарап, көпшіліктің сүйіп тыңдар әніне айналады. Оның әндерінің әуеніндегі батылдық, өршіл мінез Балуан Шолақтың өзінің шамадан тыс қайрат күшін байқатып тұратындай тым жігерлі болып кетеді. Балуан Шолақтың атын алысқа жайған атақты әнінің бірі «Ғалия». Бұл мөлдір махаббатты сазды әуен, нәзік сезіммен жырлаған ғашықтар әні. Музыка зерттеушілері бұл әнді Балуан Шолақ шығармашылығының шырқау биігі деп бағалайды. Өмірінің соңғы кезінде Жетісуға арнайы ата-жұртын іздеп барып, ондағы ағайын туыстарымен танысып қайтады. Осы сапарында Арқаның көптеген әндерін Жетісуға жеткізеді. Белгілі музыка зерттеушісі А.В.Затаевич ел арасынан Балуан Шолақтың бірнеше әндерін жазып алып, оны «Қазақ халқының 1000 әні» және «Қазақтың 500 әні мен күйі» жинақтарына енгізеді. Сан өнерімен халқын риза етіп, Сарыарқасын сазды әуенімен тербеткен, заманының айтулы сал серісінің бірі болған Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1916 жылы өзінің өскен өңірі Өзектісайда қайтыс болады.

    Категория: Ән, Мәдениет, Өнер | Просмотров: 636 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024