Воскресенье, 19.05.2024, 08:48
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 14 » Аралшық без (Ұйқы безі)
    18:36
    Аралшық без (Ұйқы безі)

    Ұйқы безі әрі эндокриндік, әрі секреторлық қызмет атқарады. Ішкі секрециялық қызметті Лангерганс аралшықтары атқарады. Аралшықтар альфа-, бета және дельта торшалардан құралады. Альфа-торшалар глюкагон гормонын, бета-торшалар — инсулин гормонын, ал делъта-торшалар — соматостатин гормонын бөледі

    Инсулин гормонын алғаш рет канада ғалымдары Бантинг және Бест анықтаған. Инсулин торша мембранасының глюкозаға деген өтімділігін жоғарылатады, глюкозаның торшаға өтуін жандандырады, гликогеннің түзілуін күшейтіп, оның бауырда ыдырауын бәсеңдетеді, май қышқылдарының тотығуын, кетонды денелердің түзілуін тежейді майдың қорға жиналуын жақсартады, белок биосинтезін арттырады.

    Бета-торшалар қызметі күшейіп, инсулин көп бөлінсе қан құрамында глюкозаның мөлшері азаяды. Гипогликемия жағдайында тыныс жиілеп, ОНЖ-ның қозғыш тығы жоғарылайды, дене дірілдеп, оны тер басады, бұлшық ет босаңсып, температура төмендейді, инсулиндік немесе гапогликемиялық шок (талықсу) байқалады.

    Инсулин жетіспеген жағдайда гипергликемия, глюкозурия орын алып, қан құрамында кетоңды заттар мөлшері артады, организм диабет ауруына шалдығады. Диабет ауруы зәрдің көп бөлінуімен (полиурия), судың көп ішілуімен (сусамыр — полидипсия) сипатталады.

    Глюкагон — инсулиннің антагонисі. Ол гликогеннің глюкозаға айналуын шапшаңдататын фосфорилаза ферментін белсендіріп, қандағы глюкоза мөлшерін көбейтеді, май қышқылдарының тотығуын жандандырып, кетонды заттардың түзілуін күшейтеді, май ұлпаларынан глицерин мен май қышқылдарының босануын шапшаңдатады. Глюкагонның бір түрі ащы ішектің эндокриндік бездерінде де түзіледі. Ол аралшық без глюкагонынан құрылысы мен қасиеттері жағынан ерекшеленеді. Бұл гормон ішек қуысындағы глюкозаның әсерімен бөлінеді де, қанға сіңгеннен кейін инсулиннің бөлінуін күшейтеді.

    Соматостатин гормоны тек түзілген жеріңде ғана әсер етеді, оған паракриңдік эффект тән. Бұл гормон инсулин мен глюкозагонның бөлінуін тежейді.

    Ұйқы безінің майда өзектерінің эпителиалдық торшаларында липокаин гормоны түзіледі. Дипокаин фосфолипидтердің-лецитиннің түзілуін жаңдандырады, май қышқылдарының тотығуын жылдамдатады, май қорының шығынын күшейтеді, көмірсулардың майға айналуын тежеп, бауыр торшаларын шырланудан сақтайды.

    Ұйқы безі сығындысынан калликреин (падутин), ваготонин, центропнеин деген заттар да бөлінген. Калликреин артериолалар мен капиллярларды кеңейтіп, қан қысымын төмендетеді. Ваготонин парасимпатикалық нервтер тонусын жоғарылатады, эритроциттердің түзілуін жандандырады. Центропнеин тыныс орталығын қоздырып, бронхыларды кеңейтеді, оттегінің қанмен тасымалдануын жақсартады.

    Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Просмотров: 655 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024