Воскресенье, 19.05.2024, 08:49
Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Қазақша кітапхана | Регистрация | Вход
Меню сайта
Категории раздела
English [5]
Авиация [1]
Автоматтандыру [61]
Астрономия [8]
Аудит [20]
Ауыл шаруашылығы [33]
Әлеуметтану, Саясаттану [145]
Ән, Мәдениет, Өнер [53]
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина [426]
Биотехнология [19]
Бухгалтерлік есеп [12]
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия [196]
Дінтану [31]
Ертегілер мен аңыздар [24]
Жер кадастрі [13]
Журналистика [16]
Жұмбақтар [15]
Информатика [0]
Кедендік іс [0]
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу [0]
Қазақ әдебиет тұлғалары [0]
Қазақ әдебиеті [0]
Қазақстан тарихы [0]
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы [0]
Қоршаған ортаны қорғау, Экология [0]
Құқық, Қоғам, Криминалистика [0]
Математика, Геометрия [0]
Мақал-мәтелдер [0]
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару [0]
Мәдениеттану [0]
ОБЖ [0]
Орман шаруашылығы [0]
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника [0]
Психология, Педагогика [0]
Русский язык [0]
Салт-дәстүрлер [0]
Спорт [0]
Тіл ғылымы, Филология [0]
Тарих [0]
Туризм [0]
Тұлғалар [0]
Физика, Химия [0]
Философия [0]
Халықаралық қатынастар [0]
Шешендік сөздер [0]
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК [0]
Шығарма [0]
Экономика, макроэкономика, микроэкономика [0]
Вход на сайт
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2014  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Архив записей
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0
    Мой сайт
    Главная » 2014 » Ноябрь » 14 » Аденофореа класс тармағы
    18:40
    Аденофореа класс тармағы

    Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, топырақта тіршілік ететін нематодтар. Кейбір түрлері өсімдіктердің, жануарлардың паразиттері.

    Тері сезу мүшелері – қылтаншалар, папиллалар түрінде. Папиллалар нашар дамыған. Қылтаншалар құрттың бүкіл дене бойында орналасқан. Амфидалары жақсы жетілген, ірі, жұмыр, спираль, қалта тәрізді. Паразитті түрлерінде олар дамымаған. Фазмидалары жоқ. Теңізде тіршілік ететін кейбір түрлерінде жарық сезгіш пигментті дақтары (көзшелері) болады.

    Қосымша ретінде гиподермальды бүйір және терминальды құйрық бездері болады, соңғысынан бөлінген зат, суда қатып, құрттың субстратқа бекінуіне мүмкіндік жасайды. Көпшілігі бүкіл денесімен тыныс алады, кутикуласы жұмсақ, қорғаныш қабілеті нашар.

    Аденофореа класс тармағы екі отрядқа бөлінеді: хромадорида – Сhromadorida және эноплида – Enoplida.

    Хромадоридалар өте ұсақ, еркін тіршілік ететін құрттар, теңіз түбіндегі органикалық тұнбасы мен топырақта шіріген заттардың арасында жиі кездеседі.

    Эноплидалар – жыртқыштар, теңізде, тұщы суда, топырақта кең тараған. Аздаған түрлері (Mermitidae,Dioctophymidae, Trichocephalidae тұқымдасынан) насекомдардың, сүтқоректілердің, адамның паразиттері. Маңызды өкілдері: Dioctophyme renale – алып свайнигі, Trichocephalus trichiurus – түкбасты құрт, Trichinella spiralis – спиральды трихинелла.

    Dioctophyme renale – алып свайнигі – иттің, қасқырдың, түлкінің бүйрегінде паразиттік тіршілік етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары иесінің бүйрегінен несеп заттары арқылы сыртқа шығарылады. Ары қарай даму үшін жұмыртқалар жауын құрттың (Lumbriculus variegatus) ішегіне түсуі қажет. Құрттың ішегінде жұмыртқадан шыққан личинкалар дене қуысына өтіп қан жүйесіне түседі де, бірнеше рет түлейді. Егер де, ит ішінде личинкасы бар жауын құртты жұтса, онда личинкалар иттің ішегін тесіп, дене қуысына одан бүйрегіне өтіп, ересек формасына айналады. Осылайша паразит иесін алмастыру жолымен дамиды.

          Trichocephalus trichiurus – түкбасты құрт (қылбас құрт) адамның соқыр ішегінде және тоқ ішегінде (өте сирек) паразитттік тіршілік  етеді. Ақшылдау түсті, аталығының ұзындығы 30-40 мм, аналығының- 25-50 мм. Денесінің алдыңғы жағы қылдай жіп тәрізді жіңішкерген, онымен ол ішектің кілегейлі қабықшасына бұрғылап терең енеді. Сондықтан да оны ішектен шығару өте қиын.

    Жұмыртқалары тек қана сыртқы ортада, суда немесе ылғалды топырақта дамиды. Адамға жұмыртқалары су, жуылмаған көкөніс арқылы жұтудың нәтижесінде жұғады. Жұмыртқадан шыққан личинка ішектің қабықшасына бекініп, бір айдан соң ересек құртқа айналады. Ішек ісініп, ас қорыту жүйесінің қызметі бұзылады.

    Құрттар әлемде кеңінен таралған, кейбір жерлерде, мысалы, Орталық Италияда тұрғындардың бәрінде кездеседі.

    Trichinella spiralis – спиральды трихинелла адамның қауіпті паразиті. Сонымен қатар шошқаның, егеуқұйрықтың және басқа да сүтқоректілердің паразиті. Аталығының ұзындығы 1,5 мм, аналығының – 4мм. Ересек түрлері иесінің ішегінде, ал личинкалары солардың бұлшықеттерінде тіршілік етеді. Осыған сәйкес екі кезеңі байқалады: ішек трихинелласы және бұлшықет трихинелласы. Тіршілік циклінің барлық кезеңдері иесінің ішінде ғана өтеді, сыртқы ортаға шықпайды.

    Адамның трихинеллезбен зақымдануы шошқаның шала қуырылған етін жегеннен болады. Шошқаның зақымдануы өлген егеуқұйрық тышқанның трихинеллалары бар етін жеуден, ал егеуқұйрықтылар трихинеллезбен ауырған егеуқұйрықты кеміру арқылы кеселге ұшырайды.

    Иесінің ішегіне түскен бұлшықет кезеңіндегі трихинеллалар өзінің капсуласынан босап, тез өсіп 2-3 күннен соң жыныстық дәрежесіне жетіп, ұрықтанады. Бұл ішек трихинеллалары. Аналығы өзінің екі ай тіршілік барысында 2000-ға жуық личинкаларын тірідей туады. Личинкалар ішек қабырғасын тесіп, лимфа және қан жүйесіне түседі де, қан тамырлары арқылы әр түрлі мүшелерге, әсіресе бұлшықеттерге тарайды. Осы мүшелерде өсіп, ақырында спираль тәрізді бүктетіліп, оның төңірегінде дәнекер тканінен құрылған капсула қалыптасады. Кейін капсуланың қабырғасына ізбест жиналып, ол ақ түсті болып тұрады. Бұл бұлшықет трихинеллалары. Осылайша, трихинелланың даму циклі иесінің ішінде ғана өтеді. Трихинеллез ауруын туғызады.

    Трихинеллезбен ауырған адамның беті ісіп, дене қызуы көтеріледі, денесі сыздап, ішегі, бұлшықеттері ауырады, өзін әлсіз сезінеді.

    Категория: Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина | Просмотров: 889 | Добавил: nurphone | Рейтинг: 0.0/0
    Всего комментариев: 0
    avatar
    Made by Nurphone © 2024