Категории раздела |
English
[5]
|
Авиация
[1]
|
Автоматтандыру
[61]
|
Астрономия
[8]
|
Аудит
[20]
|
Ауыл шаруашылығы
[33]
|
Әлеуметтану, Саясаттану
[145]
|
Ән, Мәдениет, Өнер
[53]
|
Биология, Валеология, Зоология, Анатомия, Медицина
[426]
|
Биотехнология
[19]
|
Бухгалтерлік есеп
[12]
|
География, Экономикалық география, Геология, Геодезия
[196]
|
Дінтану
[31]
|
Ертегілер мен аңыздар
[24]
|
Жер кадастрі
[13]
|
Журналистика
[16]
|
Жұмбақтар
[15]
|
Информатика
[0]
|
Кедендік іс
[0]
|
Қазақ тілі, әдебиет, іс қағаздарын жүргізу
[0]
|
Қазақ әдебиет тұлғалары
[0]
|
Қазақ әдебиеті
[0]
|
Қазақстан тарихы
[0]
|
Қаржы, салық және салық салу, банк ісі, ақша несие және қаржы
[0]
|
Қоршаған ортаны қорғау, Экология
[0]
|
Құқық, Қоғам, Криминалистика
[0]
|
Математика, Геометрия
[0]
|
Мақал-мәтелдер
[0]
|
Менеджмент, Маркетинг, Мемлекетті басқару
[0]
|
Мәдениеттану
[0]
|
ОБЖ
[0]
|
Орман шаруашылығы
[0]
|
Өндіріс, Өнеркәсіп, Құрылыс, Мұнай-газ, Электротехника
[0]
|
Психология, Педагогика
[0]
|
Русский язык
[0]
|
Салт-дәстүрлер
[0]
|
Спорт
[0]
|
Тіл ғылымы, Филология
[0]
|
Тарих
[0]
|
Туризм
[0]
|
Тұлғалар
[0]
|
Физика, Химия
[0]
|
Философия
[0]
|
Халықаралық қатынастар
[0]
|
Шешендік сөздер
[0]
|
Шпаргалкалар, тесттер, ЕНТ, ПГК
[0]
|
Шығарма
[0]
|
Экономика, макроэкономика, микроэкономика
[0]
|
|
Статистика |
Онлайн всего: 24 Гостей: 24 Пользователей: 0 |
|
Мой сайт |
|
Главная » 2014 » Ноябрь » 20 » От пен жарық жайлы
|
Күндiз жанбайды,
Түнде маздайды.
(Шырағдан)
Шеңбердiң үш тағанын,
Қаракөлдiң табанын.
Қызыл сиыр жалап тұр,
Терлеп, буы тарап тұр.
(Қазан; Жалын)
Қып-қызыл кезiнде,
Бет қаритын жапырақ,
Табы қайтқан кезiнде,
Сұп-сұр майда топырақ.
(Шоқ пен Күл)
Жүрген жерiн жалмайды,
Тастан басқа қалмайды.
(От)
Жердiң әрiн жейдi,
Жолда кезiккеннiң,
Аямай бәрiн жейдi.
Бұл қандай алпауыт?
Айта ғой, дәл тауып?
(Өрт)
Түсi нарттай,
Тiлiн тартпай.
Жолға шықса,
Қоймайды құртпай.
(От)
Қимылы оңдырмас,
Кiшкене қоңырбас.
(Сiрiңке)
Құйтымдай сандықтың,
Суырмасы толып тұр,
Қажеттi заты сан жұрттың.
(Сiрiңке)
Салып ем шыны сарайды,
Тiлiнен жарық тарайды.
(Шам)
Өңұешi кең,
Дәу аузымен жұтады.
Төбесi дөң,
Кiшi аузымен құртады.
(Пеш)
Шудалары желпеңдеп,
Үйден шығып жатады,
Көкке өрлейдi көлбендеп,
Бұлт болып батады.
(Түтiн)
Үй үстiнен
Көкке өрлеп шығады,
Әуе iшiнен,
Iз-тұз жоқ боп тынады.
(Түтiн)
Қабырғаға қасынар,
Былғауыш басы бар.
(Сiрiңке)
Құрама темiр,
Қолқабысы көп –
Ғұлама темiр.
(Робот)
Қызық iшек
Дөңгелек сайда жатыр.
Ақ шәйнек,
Бұрқылдап қайнап жатыр.
(Электр қыздырғышы)
Әуеде
Дәу қарынды үрдiм де,
Аузын байлап бүрдiм де,
Төмен қарай сүйредiм,
Ауада еркiн биледiм.
(Парашют)
Құмды жиған –
Тұмсығы диван.
(Экскаватор)
|
Категория: Жұмбақтар |
Просмотров: 588 |
Добавил: nurphone
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
|